Сабақтың мақсаты: а білімділігі: оқушыларға сын есімнің жасалуы туралы білім беру



бет1/2
Дата28.06.2017
өлшемі423,78 Kb.
#20521
түріСабақ
  1   2
Сын есімнің жасалуы

Уздембекова А.К.

39 негізгі мектептің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі



Сабақтың мақсаты:
а) білімділігі:
оқушыларға сын есімнің жасалуы туралы білім беру.
ә) тәрбиелігі: оқушыларды тапқыр да еңбекқор, ойлы болып өсуге тәрбиелеу; әр түрлі тапсырмалар орындау арқылы адамгершілік қасиеттерге, әдептілікке баулу.
б) дамытушылығы: оқушылардың ой-өрісін кеңейту,негізгі, туынды сын есімдердің жасалу жолдарын анықтай білуге дағдыландыру, тірек сөздер арқылы мәтін жазуға жаттықтыру.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Үй тапсырмасын сұрау

Тест жұмысын орындау арқылы

  1. Жаңа сабақты түсіндіру

  2. “Семантикалық карта”

Дағды мен іс-әрекетті іске асыру

  1. Жаттығулар орындау

  2. Сабақты бекіту

а) тапсырмалар орындау

ә) Венн диаграммасы



  1. Сабақты қорытындылау

“Инсерт кестесі”

  1. Үйге тапсырма беру

  2. Бағалау

Ұйымдастыру кезеңі

Ал балалар, балалар

Бәрің бері қараңдар.

Шын көңілмен назар сап

Оқысаңдар сабақты

Сендерден шығар даналар



Үй тапсырмасын сұрау

«Кім жылдам» тест жұмысы

1-топ:


Қазақ тілінде неше сөз табы бар?

а) 5 ә) 9 б) 8

2. Заттың атын білдіретін сөз табы?

а) сын есім ә) сан есім б) зат есім

3. Жалқы есімді көрсет?

а) Көкшетау, Жандос, Айғаным.

ә) Айсұлу, Өзен, Ертіс

б) Балқаш, Айгөлек, Ағаш.

4. Туынды зат есімдер қалай жасалады?

а) жұрнақ арқылы ә) сызықша арқылы

б) түбір тұлғада

5. Заттың түрін,түсін білдіріп тұрған қатарды тап.

а) биік үй, ә) сұр бұлт, б) сараң адам

2-топ:


  1. Зат есімнің сұрақтары?

а) кімді? нені? ә) кім? не? б) кімге? неге?

2. Дерексіз зат есімді көрсет?

а) мектеп, ағаш ә) қалам,қағаз б) ақыл, қуаныш

3. Күрделі зат есімдерді табыңдар?

а) Өнеркәсіп, ата-ана, озат оқушы.

ә) Сарысу, Гүлсары, Күйші.

б) Балқаш, Кітап, Оқушы.

4. Сын есімнің сұрақтары?

а) қалай?қайда?, ә) қай, неге?, б) қандай? қай?

5. Қышқыл қымыз, сын есімнің қай түріне жатады?.

а)заттың дәмі , ә) заттың түрі, б) заттың сапасы.

3-топ:


Зат есім нешеге бөлінеді?

а) 3 ә) 5 б) 2

2. Деректі зат есімді көрсет?

а) сезім, адамгершілік ә) қалам,қағаз б) ақыл, қуаныш

3. Күрделі зат есімдерді табыңдар?

а) Өнеркәсіп, ата-ана, озат оқушы.

ә) Сарысу, Гүлсары, Күйші.

б) Балқаш, Кітап, Оқушы.

4. Сын есімді тап?

а) оқушы,сәби, ә) тар, зерек, б) жазды, оқыды.

5. Қандай? Қай? сұрақтары тән қатарды көрсет.

а) зат есім , ә) сын есім, б) етістік.

(дұрыс жауаптары: 1-топ: 1 2 3 4 5 2-топ: 1 2 3 4 5 3-топ: 1 2 3 4 5

а б а а ә ә б а б а а ә а ә ә)



Жаңа сабақты түсіндіру



















Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет