Зат есімнің өнімді жұрнақтарын суреттер арқылы сөйлетіп көрейік. Зат есімнің синтетикалық тәсіл арқылы жасалуы. Зат есімнің синтетикалық сөзжасамы екі морфеманың қатысы арқылы жүзеге асуы, олар: негіз сөз бен жұрнақ. - -шы, -ші: етік-ші, балық-шы, аң-шы т.б.
- -лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік: жақсы-лық, дос-тық, шын-дық т.б.
- -ша, -ше: бөлім-ше, кітап-ша, маңдай-ша т.б.
- -шық, -шік: ойын-шық, үй-шік т.б.
- -хана, -стан, -кеш: дәрі-хана, кітап-хана, Қазақ-стан, арба-кеш т.б.
Етістіктен зат есім тудыратын жұрнақтар: - -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе: бөл-ме, тоқы-ма, кес-пе т.б.
- -ым, -ім, -м: бөл-ім, біл-ім, тоқта-м т.б.
- -қы, -кі, -ғы, -гі: шап-қы, бұр-ғы, сүз-гі, ашыт-қы т.б.
- -ыс, -іс, -с: жең-іс, айт-ыс, тала-с т.б.
- -ық, -ік, -қ, -к: қаз-ық, көр-ік, сұра-қ, тіле-к т.б.
- -ыш, -іш, -ш: қуан-ыш, өкін-іш, қызған-ыш т.б.
- -уыш, -уіш: тырна-уыш, еле-уіш, түйре-уіш т.б.
Осы жұрнақтардың мағыналық топтарына көз жүгіртіп өтелік: - -шы, ші. Аса өнімді -шы (-ші) жұрнағы арқылы жасалатын туынды зат есімдердің мағыналары мынадай:
1) Кәсіп иелерінің я мамандықтардың атауларын, белгілі кәсіппен шұғылданатын адамды білдіреді. Мысалы: қойшы, тілші, әдебиетші, тарихшы, егінші, сауыншы, малшы, сақшы, тыңшы т. б. 2) Адамның белгілі бір дағдыға айналған іс-әрекеті мен қабілет-қасиеттерінің аттарын білдіреді. Мысалы: аңдушы, бастаушы, барлаушы, тергеуші, жәрдемші, көмекші, өтірікші, өсекші, нұсқаушы, үгітші б. 3) Қоғамдық ағымды көзқарасты (идеяны) жақтаушының және белгілі бір қоғамдық ұйымға қатысушының атын білдіреді. Мысалы: мичуринші, берсиевші, жақаевшы, спортшы т. б. 2. -шылық (-шілік) жұрнағы кейбір сөздерде құрамындағы компоненттері (-шы-лық, -ші-лік) жеке-жеке бөліне алатын дара(жалаң) жұрнақтар есебінде жұмсалса, кейбір сөздерде бөліне алмайтын бір күрделі жұрнақ ретінде қолданылады. Мысалы: егіншілік, малшылық, оқушылық, зарығушылық деген сияқтылардың -шылық (-шілік) формасын іштей жеке-жеке бөлуге болады; ал адамшылық, кемшілік, тіршілік, баршылық, кәріпшілік, айшылық дегендердегі -шылық формасын бөлуге болмайды. -шылық жұрнағы арқылы туған атаулар мынадай: адамшылық, жұртшылық, басшылық, кедейшілік, нушілік, жүдеушілік, тарығушылық, қиыншылық, таршылық, артықшылық, тіршілік, кеңшілік, құрғақшылық т. б
Достарыңызбен бөлісу: |