Сан есімнің сөйлемдегі қызметі Ы. Алтынсарин атындағы жоббм сабақтың мақсаты



Дата22.12.2016
өлшемі14,85 Kb.
#4281

Сан есімнің сөйлемдегі қызметі

  • Ы.Алтынсарин атындағы ЖОББМ

Сабақтың мақсаты:

  • Білімділік: оқушылардың өтілген тақырыптары бойынша білімін байқау, сан есімнің сөйлемдегі қызметін меңгерту. Сөйлемдегі сөздерді сатылай кешенді технологиясы арқылы талдай білуге машықтандыру. Дамытушылық: оқушылардың сөздік қорын молайту, ойлау қабілетін дамытып, өз ойын жүйелі түрде жеткізе білуге дағдыландыру.
  • Тәрбиелік: оқушыларды ұқыптылыққа, сауатты жазуға, еңбексүйгіштікке баулу.

Психологиялық дайындық

2. Үй тапсырмасын сұрау.

  • 1-тапсырма. «Миға шабуыл»
  • 1-топ.
  • 1. Сан есім дегеніміз не?
  • 2. Сан есім құрамына қарай қалай бөлінеді?
  • 2-топ.
  • 1. Цифрмен сан есімдерге жалғанатын жалғаулар қалай жазылады?
  • 2.– ыншы,- інші, - ншы, - нші жұрнақтары сан есімнің қай түріне тән?
  • 3-топ.
  • 1. Реттік сан есім рим цифрымен берілгенде қалай жазылады?
  • 2. Қырық есептік санын септе.
  • 4-топ.
  • 1. Шамалы, жуық, тарта шылаулары емле бойынша қалай жазылады? 2.Үшінші реттік сан есімін жікте.

2-тапсырма. Сан есімнің мағыналық топтарын тірек - сызба арқылы жинақтап қайталау.

  • Есептік сан есімдер бесінші, жетінші
  • Реттік сан есімдер жетеу, алтау
  • Жинақтық сан есімдер бес бүтін оннан бес
  • Болжалдық сан есімдер жиырма шақты
  • Топтау сан есімдер он екі, мың, жүз
  • Бөлшектік сан есімдер он-оннан

3-тапсырма. Сан есімдерге сатылай кешенді талдау.

  • 1-топ 2-топ 3-ші топ 4-ші топ
  • мың тоғызыншы жетеу елудей
  • 1. ..... құрамнан тұр: ..... 2. Тұлғасына қарай – ..... түбір 3. Құрылысына қарай – ..... сөз. 4. Лексикалық мағынасы – заттың ..... білдіріп тұр. 5. Грамматикалық мағынасы- .... есім. 6. ..... - .....? деген сұраққа жауап береді 7. Мағынасына қарай ...... ...... есім.

3. Сергіту жаттығуы:

  • Жаңылтпаш Бес түп алма «Бестік» алғандікі. Төрт түп алма «төрттік алғандікі. «Төрттік» алған
  • Бес түп алма алмайды. «Бестік» алған Төрт түп алма алмайды.
  • (Қ. Мырзалиев)

4. Жаңа мағынаны тану Сан есімнің сөйлемдегі қызметі

  • Сан есім заттың санын, мөлшерін анықтап, сөйлемде анықтауыштың қызметін атқарады.
  • Мысалы: Жер шарының үштен екі бөлігін су алып жатыр.
  • Сан есім атау септікте тұрып бастауыш қызметін атқарады.
  • Мысалы: Алтау ала болса, ауыздағы кетеді.
  • Сан есім жіктеліп, заттанып, немесе көмекші етістіктермен тіркесіп, баяндауыш қызметін атқарады. Мысалы: Атадан – алтау, анадан – төртеу, Жалғыздық көрер жерім жоқ.

Атау мен ілік септіктен басқа септікте тұрған сан есімдер толықтауыш қызметін атқарады. Мысалы:

  • Атау мен ілік септіктен басқа септікте тұрған сан есімдер толықтауыш қызметін атқарады. Мысалы:
  • Білекті бірді жығар, Білімді мыңды жығар. Сан есімдер септік тұлғасында тұрып та, септелмей де етістіктің алдында келіп, пысықтауыш қызметін атқарады.
  • Мысалы: Кездесіп жетпіс үште іздегенім.

5. Бекіту

  • 80-жаттығу (оқулықпен жұмыс)
  • Мәтінді оқып, сан есімнің қай сөйлем мүшесінің қызметін атқарып тұрғанын анықта.

Мәтінді оқып шығып, құрамындағы сан есімдерге сұрақ қойыңдар, қай мүше екенін, қандай сөзбен тіркескенін айтыңдар.

  • Үлгі: Қанша күн? – он бес – анықтауыш, есептік сан есім. Он бес күн өткен соң, Бекболаттың ауылындағы бір көлік келді. Аман - есен жиырма үй Бекболаттың ауылына көшіп барды. Бекболат әр кедейге бір - екі соқа жасап берді. Сарысудың табан балығынан кедейлер екі - үш көлік балық қақтап алды. Сөйтіп екі жылдың ішінде Бекболаттың төңірегінде қырық шамалы үй ағайындары жиналды.

6. Топпен жұмыс

  • 1 топ.
  • 1.Қырық – қасиетті сан. 2.Алыстан екі адам қараңдап көрінді. 3.Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар.
  • 2-топ.
  • 1.Сегіз қызым – бір төбе, Кенжекейім – бір төбе. 
  • Қазақ ұғымында жетінің өзіндік орны бар.
  • 2. Ат баспаймын деген жерін үш басады. 3. Біз екеу едік.

3-топ.

  • 3-топ.
  • 1.Келген адамдар алтау екен.
  • Біз бәріміз тоғызбыз.
  • 2. Шара тоғызда басталады. Сіздерге бес-бестен бөліну керек. Біздер алты- алтыдан топтадық.
  • 4-топ.
  • 1. Жетеуі де өнерлі екен.
  • 2.Тоғызға сегізді қосу, оннан бесті алу, он үшпен есептеледі.
  • 3. Жарысушылар он түрлі тапсырма орындайды

7. Адасқан әріптер ойыны. Дұрыс оқы сөзін тап, әр тірліктің көзін тап.

  • ... нәрседен қашық бол, Адам болам десеңіз.
  • ... , ... , ... , Еріншек, бекер мал шашпақ – ... дұшпаның, білсеңіз. ... , ... , ... , Қанағат, рахым, ойлап қой – ... асыл іс көнсеңіз.

8. Сөзжұмбақ

  • с
  • а
  • н
  • е
  • с
  • і
  • м
  • 1. 18 см тең өлшем 2. Жеті жұттың бірі 3. Сан есімнің сөйлемдегі негізгі қызметі 4. Есім сөздердің орнына жүретін сөз табы 5. Жеті септіктің бірі 6. Үлкен-... (антоним) 7. Жеті қазынаның бірі

9. Домино ойыны

  • 1-топ.
  • үйге келді. төртте ол
  • 2-топ.
  • ағайын- ана- алтау, біреу
  • 3-топ.
  • жиырма- отыздай бар. жылқысы
  • 4- топ.
  • сан. жеті – тақ

10. Жаңа сабақты қорыту. Тест

Тест жауаптары:

  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
  • 6
  • 7
  • 8
  • 9
  • 10
  • D
  • А
  • D
  • С
  • Е
  • E
  • C
  • Е
  • D
  • Е

Үйге тапсырма

Назар аударғаныңыз үшін рахмет!!!



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет