1
Қарақалпақ филологиясы
факультетінің
Қазақ
филологиясы тәлім
–
бағдарының
2–
курс студенті
Арызева Айсауленің
«
Тіл біліміне кіріспе
»
пәнінен
РЕФЕРАТ
Тақырыбы:
«
Сан есімдер
категориясының ерекшелiктерi
»
Қабылдаған:
Ж.Шарипова
Н
ѳкис
- 2014
2
Сан
есімдер
категориясының
ерекшелiктерi
Жоспар:
1.
Сан есімдердің өзіндік ерекшеліктері.
2.
Сан
есімнің
құрылымы
3.
Дара, күрделі сан есімдер
4.
Сан есімнің синтаксистік қызметі.
5.
Сан
есімнің мағыналық топтары.
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
3
Кіріспе
Есімдер тобына жататын сөз табының бірі болып саналатын сан есімнің
өзіндік зерттелу тарихы бар.
Түркі тілдеріндегі грамматикалардан бастап сан есімге көңіл бөліне
бастады. Бұл грамматикалардың бәрінде де сан есімдер қысқаша болса да сөз
болды. Мысалы, Н.И. Ильминскийдің, А. Казембектің, М. Терентьевтің, П.
М. Мелиоранскийдің, В.В. Катаринскийдің, С.В.Ястремскийдің, Н.Ф.
Катановтың еңбектерінде сан есім жеке сөз табы ретінде қарастырылған.
Сан есім сөйлемдегі сөздердің барлығымен бірдей тіркесе бермейді.
Олардың тікелей тіркесетін негізгі сөздері
-
зат есімдер, зат есімнен жасалған
туынды сын есім және етістіктер. Осы тұрғыда ғалым Т. Сайрамбаев зерт
-
теуінде сан есімнің етістікпен тіркесі жайында кеңінен айтылған. Ал А.
Елешева фразеологизм құрамындағы сан есімдердің ерекшеліктеріне
тоқталған .
Сан есім
-
оқулықтарда көрсетіліп жүргендей, есімдер тобына жататын
сөз таптарының бірі. Сан есімге жататын сөздердің өздеріне тән лексика
-
грамматикалық мағыналары бар, яғни олар заттың сан мөлшерін, ретін,
шамасын білдіреді. Олай болса, сан есім
-
сөздерді таптастырудың бірінші
ұстанымына сәйкес яғни семантикалық сипаты жағынан сандық, мөлшерлік
ұғымды білдіретін сөздер. Сан есімдер басқа сөздерге (зат есімдерге)
тіркеспей жеке айтылғанда, абстракт сан атауы ретінде қолданылады, ал зат
есіммен тіркескенде заттың нақты сандық мөлшерін көрсетеді.
Сан есімдер
-
тілімізде ете көне заманнан бері қолданылып келе жатқан
сөздер. Сондықтан бұлардың қалай жасалғандығы жөнінде ғалымдар
арасында түрліше пікір бар. Мысалы, Н. А. Баскаков сан есімдер
-
есімдерден
бөлініп шыққан сөз табы екендігін және олар сын есім, үстеу сияқты белгі
мағынасын білдіретіндігін айтқан. Ал қазақ тіліндегі сан есімді зерттеген Ә.
Хасенов
: «
Түрік тілдеріндегі негізгі сөздік қорға жататын сан атаулары өмір
шындығынан, конкретті заттан алынған, яғни зат есімдерден шыққан. Әрине,
4
бұл жалпы сандық ұғымдардың дамуы математика ғылымының дамуымен
байланысты, адамзат қажеттігінен туды деген пікірге ешбір қайшы келмейді,
қайта оны толықтыра, растай түседі... сандық семантикалы есімдер мен сөз
тіркестері, түрік тілдеріндегі негізгі сан атаулары зат есімдерден бөлініп
шықты деген жорамалымызды жоққа шығармайды, қайта растайды
»,-
дейді.
Осылайша ғалымдар сан есімнің пайда болуы жөнінде түрліше пікір айтса,
кейінгі ғалымдар сан атауларының нақтылы қалай, қандай тәсілдер арқылы
жасалатындығын ғылыми тұрғыда дәлелдеп берді .
Олай болса, сан есімдер
-
өздеріне тән жасалу тәсілдері бар, өздерінің
табиғи қызметінде ешбір өзгеріске түспейтін, тек субстантивтенгенде ғана
түрленетін, мағыналыжағынан бірнеше топқа бөлінетін, сөйлемде белгілі
қызмет атқаратын сөз табы.
Сан есім зат белгісін білдіруі жағынан сын есімге ұқсайды, сондықтан
сан есім де зат есіммен тіркесте жиі қолданылады. Мысалы, Сарыбала
атасымен бірге алыстағы қыр елінен он бес мың қой жинап қазынаға өткізді
(
Ғ.М.).
Биылғы жылдың сегіз айында ғана мың адам курс бітіріп шықты. Осы
сөйлемдердегі он бес мың, сегіз, мың сан есімдерінің нақты мағыналары
өздері тіркескен сөздер арқылы анықталып тұр, яғни қойдың он бес мың,
айдың сегіз, адамның мың екендігі нақтыланып тұр. Ал сан есімдер жеке
қолданылғанда, оларда нақтылық болмайды, абстракт мағынаға ауысады,
демекон бес мың, сегіз, мың деген сөздер жайындағы ұғымды ғана аңғаруға
болады.
Қазақ тіліндегі сан есімдер
бір, екі, үш, төрт, бес, алты, жеті, сегіз,
тоғыз, он, жиырма, отыз, қырық, елу, алпыс, жетпіс, сексен, тоқсан, жүз,
мың
секілді жиырма шақты сөздер арқылы жасалатындығы ғылымда
дәлелденген жағдай, яғни
"санға байланысты неше түрлі болып жатқан
абстракт ұғымдар осы жиырма сөз арқылы және олардыңтүрленуі арқылы
беріледі".
Қазақ тілінде сан есімдер сияқты мөлшерлік мағынада қолданылатын бір
топ сөздер бар. Бұл сөздерді Ә. Хасенов екі топқа бөліп қарастырған: бірінші
-
5
сан есімнің тура мағынасындағы, яғни дәл сан мағынасын білдіретін және
солар арқылы жасалған сөздер:
егіз, қос, жарты, жарым, жеке, жалқы,
сыңар, жалгыз, некен
-
саяқ, дара
және осы сөздердің әрқайсысының
мағыналық және грамматикалық ерекшеліктеріне тоқталған.
Автор сан есім мағыналы сөздердің екінші тобын өз ішінде тағы да екіге
бөлген: 1. әртүрлі тіркестер арқылы берілетін абстрактылық ұғымдар;
2.счеттік (нумеративтік) сөздер мен сан мағыналы есімдер,
Ғалым бірінші топқа
сүт пісірім, шай қайнатым, бір шай ішім, ет асым,
ат шаптырым, ел жатар кез, түс ауа, күндік жер, қозы көш жер
т.б.
секілді тіркестерді жатқызған. Ал екінші топқа
жүз бас қой, бір қап бидай,
бір нар киім, екі қабат үй, үш түрлі мәселе, бір түп ағаш
т. б. секілді
сөздерді жатқызып,
бул сөздерді счеттік (нумеративтік) сөздер деп атаған.
А. Ысқақов қазіргі қазақ тілінде сан есімдер сияқты мөлшерлік мағынада
қолданылатын сөздер бар екендігі,олардың жеке
-
дара түрінде де, сөз тіркесі
түрінде де кездесетіндігін айта
келіп, жарым, жарты
сөздері бөлшектік
ұғымдардың,
жалғыз, жалқы, сыңар, дара
сөздері бірлік ұғымдардың,
центнер, килограмм, тонна, қадақ, батпан
сөздері салмақ өлшемдердің,
қадым, қарыс, кез, метр, шақырым, ат шаптырым, қозы көш(жер)
аралық
өлшемдердің және
ет асым, қас қаққанша, қас пен көздің арасында, әу
дегенше
сияқты
уақыт,
мерзім
өлшемдердің
атаулары
есебінде
қолданылатындығын көрсеткен .
Бұл сөздердің мағынасында аздаған мөлшерлік ұғым болғанмен, олар
сан есімге жатпайды. Мысалы:
жарым, жарты, жалқы, сыңар, дара, қос,
егіз сөздері
-
сын есімдер,
центнер, қарабатпан, килограмм, тонна, гектар,
кубометр, адым, қарыс, кез, метр ,шақырым
сөздері
-
зат есімдер,
ат
шаптырым, қозы көш (жер), ет асым, қас қаққанша, қас пен көздің
арасында,
әу дегенше
-
тұрақты тіркестер).
Сан есімге жатпаса да, мөлшерлік мағынада тілімізде жиі қолда
-
нылатын
осы сөздердің ерекшеліктері академиялық грамматикада (2002) нақтыланып
көрсетілген және бұл сөздер мынадай
ретте топтастырылған:
6
-
салмақ өлшемдерін білдіретін сөздер:
қадақ, пұт, келі, батпан;
-
көлем мөлшерін білдіретін сөздер:
бір шымшым, біруыс, бір тілім, бір
құшақг.6.
-
қалыңдық өлшемін білдіретін сөздер:
пышақ сырты, шынашәқ,
бармақ, екіелі
т.б.
-
қашықгықөлшемін білдіретін сөздер:
адым, таяқтастам, шақырым,
қозы көш жер, ат шаптырым
т.б.
-
ұзындық өлшемін білдіретін сездер:
тұтам, сынық сүпем, кере кез,
аршын, құлашт.б.
-
жарты мағынасын білдіретін сөздер:
жарты, жарым
т.б.
-
бір мағынасын білдіретін сөздер:
жеке, дара, жалғыз, жалқы;
-
екі мағынасын білдіретін сөздер:
егіз, қос, пар;
-
төрттен бір
мағынасында:
ширек;
-
уақыт мөлшерін білдіретін сөздер:
сүт пісірім уақыт, шай қайнатым
биенің бір сауымындай уақыт
.
Бұл сөздердің барлығы да мөлшерлік мағынада қолданылғандарымен,
сан есім болмайды.
Сан есімдер өздерінің әрі табиғи, әрі негізгі функциясы болып
есептелетін сандық, сан
-
мөлшер мағыналарында қолданылғанда, еш
өзгеріске түспейді. Мысалы, Поездан бұдан басқа төрт адам түсті (Н.Ғ
.).
Ол
жақтан келетін екі автобус сәскеде келеді (сонда). Осы сөйлемдердегі төрт,
екі сан есімдері өздері тіркесетін зат есімдердің алдынан түбір күйінде, ешбір
қосымшасыз қолданылып тұр.
Сан есімдер субстантивтенгенде түрленіп, «әр алуан өзгеріске түседі,
демек, көптеліп те, тәуелденіп те, септеліп те және жіктеліп те қолданылады.
«Мысалы, Мынабірбұлтжіңішкерекеліп, екігеүзіліп кетті (С.Б
.).
Қармақтары
балық қапқанша бір
-
біріне үндеспеуге серт айтысқандай екеуінде де үн жоқ
(С. О
.).
Сан есімдер құрамына қарай дара және күрделі болып екіге бөлінеді.
Тілімізде дара сандар көп емес, барлығы жиырма шақгы
-
бір, екі, үш, төрт,
7
бес, алты, жөті, сегіз, тогыз, он, жиырма, отыз, қырық, елу, алпыс,
жетпіс, сексөн, тоқсан, жүз, мың.
Күрделі сан есімдерге Ә. Хасенов
:
«екі немесе бірнеше дара саннан
құралған сан есімдер
», -
деген анықгама берген. Мысалы, Қазақстан жерінде
сүт
қоректілердің жүз елу алты, құстардың төрт жүз жетпіс төрт, балықтың
жүз қырық түрі бар (оқулықган). Осы сөйлемдегі сан есімдер екі, үш, төрт
сан атауынан құралған.
Грамматикаларда дара сан есімдер іштей негізгі және туынды болып
екіге бөледі. Негізгі дара сан есімдерге морфемалық бөлшектерге бөлінбейтін
сөздер жатқызылады. Мысалы,
бір, екі, бес, жеті,
сег/зт.б. Ал туынды сан
есімдер әр түрлі жұрнақтар жалғану арқылы жасалады. Мысалы,
бірер,
бірінші, үшеу, төртеу
т.б.
Осы негізгі және туынды дара сан есімдердің тіркесуінен я қосар
-
лануынан жасалған сан есімдер
күрделі
сан есімдер деп аталады. Мысалы,
он
бес, бес
-
бестен, жүз тоқсан бес, жетпіс
-
сексеннен
т.б.
Сан есімнің сөзжасамын арнайы қарастырған проф. Н. Оралбаева
күрделі сан атауларын «екі я онан да көп сандардың бір
-
бірімен тіркесіп,
құрамындағы сандардан басқа сандықұғымды білдіретін түрі «,
-
деп атаған.
Ғалым айтып отырғандай, күрделі сан есімнің құрамында қанша сан атауы
болсада, барлығы бірігіп, бір күрделі сандық ұғымды білдіреді. Мысалы:
жиырма бес мың
тогыз жүз тоқсан тогыз
-
осы жеті сан атауы бірігіп, бір
ғана күрделі сан атауын білдіріп тұр. Ал күрделі сан атауының ең кемі екі
сөзден тұруы "бұл
-
міндетті шарт, онан кем болуы мүмкін емес. Бірақ
күрделі санның құрамы екіден әлдеқайда көп бола береді. Мысалға
миллионға дейінгі күрделі сандардың ең көбі тоғыз сөзден тұрады:
тогыз
жүз тоқсан тогыз мың тоғыз жүз тоқсан тоғыз"
.
Күрделі сандардың тағы да мынадай ерекшеліктері бар:
1) Оларда синонимдік қасиет болмайды, әрқайсысының мағыналары
дербес болады.. Мысалы, жүз тоқсан бес, жүз тоқсан алты. Осы екі күрделі
сан атауы екі түрлі ұғым білдіреді.
8
2) Күрделі сандар бір сөз болғандықган, қосымшапар олардың соңғы
компонентіне жалғанады. Мысалы: Қала халқы жүз он жеті мыңнан асады
(Н.Б
.
). Осы сөйлемдегі төрт компоненттен тұратын күрделі санның
соңғысына шығыс септігі жалғауы жалғанған.
3) Күрделі сандар біртұтас сөз болғандықган, олардың арасына еш
уақытта ешбір морфема кіре алмайды, оларды бөліп айтуға болмайды. Күр
-
делі сандар өз тұтастығын, орын тәртібін беріксаідайды. Мысалы, тоғыз мың
елу екі деген күрделі сан атауы тек қана осы төрт сан атауынан жасалады,
олардың
орнын ауыстырса, арасына басқа морфема
енсе, бұл ұғымды бере
алмайды.
4) Күрделі сандардың құрамы қанша сөзден құралғанына қарамастан,
олар сөйлемде бір сөздің қызметін атқарады, бір сөйлем мүшесі болады.
Мысалы: Бір тәулікте мың
төрт жүз қырық минут бар («Білім жөне еңбөк«).
Осы сөйлемдегі мың төрт жүз қырық күрделі сан атауы анықгауыш болып
тұр.
Күрделі сандардың
ғылымда проф. А. Ысқақов дәлелдеген екі түрлі
жасалу жолы бар:
1) дара сандардан жасалатын күрделі сандардың құрамы бір санның
үстіне басқа бір санды қосу жолымен, яғни белгілі бір санға (қосылғышқа)
келесі бір қажетті санды (қсгсылғышты) қосып айту жолымен жасалады. Бұл
Жол
-
қосылмалы жол деп аталады. Мысалы,
сексен сегіз, тоқсан апты
т.б.
Осы күрделі сан атаулары сексен, тоқсан сандарына сегіз, алты сандарын
қосып айту арқылы жасалған.
2) Дара сандардан жасалатын күрделі сандардың құрамы бір санды
(көбейгішті) басқа бір санға (көбейткішке) көбейту жолымен, яғни белгілі бір
санды келесі бір қажетті санға көбейту, еселеу жолымен жасалады. Күрделі
сандарды жасаудың бұл жолы көбейтілмелі жол деп аталады. Мысалы, бес
жүз, он мың күрделі сан атаулары бес, он сандарын жүз, мың сандарына
кебейту арқылы жасалған.
9
Күрделі есептік сандарға тән тағы бір ерекшелік
олардың құрамындағы
жеке сандардың орналасуына байланысты, яғни мұндай сандар құрамында
алдымен жоғары дәрежелі сандар, одан кейін төмен дәрежелі сандар
қойылып айтылады. Мысалы, жетпіс
екі, бес
мың
жиырма
бес
т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |