Болжалдық сан есімдер заттар мен құбылыстардың санын дәл, нақты
көрсетпей, шамамен тұспалдап атайды.
Ғылыми еңбектерде болжалдық сан
есімге мынадай анықтама берілген: «белгілі бір заттар мен құбылыстардың
сан мөлшерін дәл атамай, тұспалдап қана шамамен атайтын сөздер . Мысалы,
Аңшылар Қараадырдан бес
-
алты шақырымдай ұзап шықты (М. Ә
.
). Бір жұп
құмырсқаның ұрпағы бір жыл ішінде бір жүз жиырма миллиондай жәндік,
бір жүз елу мыңдай құрт жейді.
Синтетикалық тәсілдің жолдары:
-
болжалдық сан есімдер
(- дай / дей, - тай / тей ) жұрнақтары жалғану арқылы жасалады. Мысалы, Өзен мен бұл
үйдің арасы бес жүз қадамдай жер еді
(X.
Е
.
). Екі жүздей ат шапты (Ғ.М.)
(- ер ) жұрнағы арқылы болжалдық сандар тек бір есептік сан есіммен
жасалады. Мысалы, Бірер мыңды місе
тұтпай, бес
-
алты мыңнан алмақ
(
Ғ.
М
.
). Хажыға ол... менің бірер жасар күнімде, өзінің отыз бес жасында кеткен
(
Ғ. М
.)