Реферат тақырыбы: «Сан есімдер категориясының ерекшелiктерi»



Pdf көрінісі
бет9/10
Дата03.03.2022
өлшемі306,4 Kb.
#134229
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
 
ҚОРЫТЫНДЫ 
 
Сан есімді дербес сөз табы ретінде қарастырған Ә.Хасенов зерттеуінде 
де, оқулықтарда да сан есімнің негізгі синтаксистік қызметі

сөйлемде анық
-
тауыш болу. Мысалы, Қазір Нұра өзенінің суына сегіз су бөгендері салынып, 
өзен мол береке ұйтқысы болып отыр. Осы сөйлемде сан атаулары өздері 
анықтайтын есім сөздерінің алдында келіп, анықтауыш болып тұр.
Сондай
-
ақ

сан есім
оның ішінде көбінесе жинақтық сан атаулары ілік 
септігінде
тұрып
та
анықтауыш
болады. Мысалы, Үшеудің
жараса кеткенін 
қара (Ғ. М
.). 
Сан есім заттанып, атау септігінде
тұрып, сөйлемде
бастауыш қызметін 
атқарады. Мысалы, 
Қырға тарттың құйын боп екеуіңде,
Құла кетті торының жетегінде (М. М
.). 
Сан есім сөйлем соңында келіп, баяндауыш болады. Мысалы, Бағып 
жүрген сиырларымның ішінде тарғыл аласы он жеті, қызыл шұбары

он үш, 
қарасы
-
тоғыз, құбақаны
-
бесеу (С. М
.). 
Сан есім барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерінің бірінде 
тұрып, өзі бағынып тұрған сөзге меңгеріле байланысып, жанама толықтауыш 
болады. Мысалы, Қазір мұның да жасы елу екіні өтіп, елу үшке аттаған(Б.Т).
Сан есімдер септік жалғауын қабылдамай
-
ақ

етістік алдында тікелей келіп
сөйлемде пысықтауыш қызметін атқарады. Мысалы, Жидебайдан үш көшіп, 
Есенбайға жетті... (М. Ә
.). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет