«Ішкі аурулар» 1 вариант ҚЫСҚЫ ЕМТИХАН 2020-21ж
1. Бронх демікпесіндегі қақырықтың микроскопиялық зерттеуінде анықталады:
А) лейкоциттер
Б) эритроциттер
В) Куршман спиралі, Шарко-Лейден кристалы
Г) Кох таяқшасы
Д) атиптік жасушалар
2. Өкпе туберкулезінің емдеу принципі:
А) базистік терапия
Б) пульс терапия
В)физиотерапия
Г) ДОTS – терапия
Д) химиотерапия
3. Жедел миокард инфарктындағы шынайы кардиогенді шоктың себебі:
А) инфарктан кейінгі перикардит
Б) трансмуралды миокард инфаркты
В) жүрек ритмінің өзгеруі
Г) кардиомиопатия
Д)гликозидтермен улану
4. «Белдік тәріздес» ауырсыну қандай ауруға тән:
А) панкреатитке
Б) гепатитке
В) холециститке
Г) гастритке
Д) колитке
5. Ісіктердің пайда болуы, олигурия, протеинурия, зәрде эритроциттердің көбеюі қайдай ауруға тән:
А) пиелонефритке
Б) созылмалы гломерулонефритке
В) циститке
Г) бауыр ауруларына
Д) феохромацитомаға
6. Дене қызуының көтерілуі, жиі және ашып ауырсынуымен зәр бөлу белгілері қандай патологиялық жағдайға тән:
А) пиелонефритке
Б) гломерулонефритке
В) қант диабетіне
Г) циститке
Д) жүйелі қызыл жегіне
7. Лейкоз диагнозын нақтылау үшін жүргізілетін диагностикалық тексеру:
А) биохимиялық қан анализі
Б) жалпы зәрді анализі
В) сүйек майын тексеру
Г) плевра сұйықтығын тексеру
Д) лимфа түйіндерінің пунктатын тексеру
8. Науқас 15 жаста иісті, 200 мл дейінгі кілегейлі-іріңді қақырықты жөтел, қан қақыру, дене температурасының 38,2 С- қа дейін көтерілу, әлсіздік, ентігуге шағымданады. Бала кезде жиі жөтел мазалайтын. Соңғы 5 жылда жыл сайынғы асқынулар болып тұрған. Болжам диагнозыныз қандай?
А) бронхоэктазды ауру
Б) пневмония
В) өкпенің созылмалы абсцессі
Г) өкпе поликистозы
Д) туберкулез
9. Тыныс жетіспеушілігінің айқын көрінісін анықтауда көбінесе ақпарат беретін әдіс?
А) рентгендік тексеру
Б) науқастың шағымы және анамнезі
В) спирографиялық тексеру
Г) артериалды қанның газдық құрамын тексеру
Д) науқасты физикалды тексеру
10. Науқас М. 60 жаста соңғы жылда кезеңдік бас ауырсынуы, бас айналуына шағымданады. Әсіресе бас ауырсынуы күшейген кезде АҚ 170/100 мм с.б. дейін көтерілгені анықталған. Сұрастыру кезінде анасында АҚ жоғары болған, 57 жасында инсульттан кейін қайтыс болғаны анықталды. Науқас толық, денелі, көп темекі шегеді, майлы тағам және сыраны жақсы көреді. Сіздің болжам диагнозыңыз қандай?
А) артериалды гипертензия, II дәрежесі, III қауіпті топ
Б) артериалды гипертензия, I дәрежесі, III қауіпті топ
В) артериалды гипертензия, II дәрежесі, IV қауіпті топ
Г) артериалды гипертензия, III дәрежесі, III қауіпті топ
Д) артериалды гипертензия, III дәрежесі, IV қауіпті топ
11. Науқас С.45 жаста, соңғы 2 ай бойы оң жақ қабырға асты ауырсынған, ал екі апта бұрын денесі сарғайған. 15 жыл бойы ішімдікпен әуестенеді.
Достарыңызбен бөлісу: |