Vi-ix ғасырдағы түркі әдебиет ескерткіштері



бет5/23
Дата21.05.2022
өлшемі302,5 Kb.
#144403
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
ежелги лекция 2
ТАПСЫРМА 13
Көркемдік ерекшеліктері. Орхон ескерткіштерінің жанырлық ерекшеліктері туралы соңғы кезге дейін өзөара қарама-қайшы екі түрлі көзқарас қалыптасып келеді. Бірі – Күлтегін, Білге қаған және Тоныкөк ескерткіштері көркем әдебиетке, соның ішінде поэзияға ешбір қатысы жоқ.Түрік қағанатының дәлме-дәл жазылған тарихы деп қарады. Екіншісі – руна жазуындағы бұл ескерткіштерді поэзиялық туындыға тән барлық белгілері бар, ежелгі түркілердің өзіндік әдеби дәстүріне негізделген көркем туынды деп таныды. Күлтегін, Білге қаған және Тоныкөк ескерткіштері көркем туынды екеніне ешкім күдіктенбейді. Орхон ескерткіштерін, поэзия, ерлік жыры деп алғаш бағалаған ғалымдардың бірі – академик-жазушы М.Әуезов болды.Ол руна жазуындағы ескерткіштердің мазмұны мен сипаты туралы айта келіп, былай жазды: «Олардың мазмұнында эпостық баяандау сазы басым, аңыздың көркемдік түрі де соған орайлас». Бұл жазылуларда күлтегіннің он алты жастан қырық жеті жасына дейін, яғни өлгенге дейінгі өміріндегі ерлік қимылдары баяан етіледі.
Бұл жазба жәдігерліктер өзінің мазмұны мен пішіні жағынан ғана емес, ырғаққа, яки ритмге – үннің жүйелі, мерзімді, мөлшерлі қайталануына негізделуі тұрғысынан да поэзиялық сипаиқа ие екенін тұңғыш рет совет ғалымы И.В.Стеблева дәлелдеп шықты.
Тоныкөк – қағанның кеңесшісі, ел қамын ойлаған ақылгөй, дана қарт. Сондықтан оның монологында пернелеп, астарлап айтылатын нақыл-өсиет сөздер жиі-жиі қайталанып отырады:
Жұқаны топтау – оңай.
Жіңішкені үзу – оңай.
Жұқа қалындаса,
(Оны тек) алып топтайды
Жіңішке жуандаса,
(Оны тек) алып үзеді.(Тон.13)
Білге қаған мен Күлтегін батырдың кеңесшісі болған тоңыкөктің уағыз-өсиет сөздерінің сарыны одан мың жылдай кейін, яғни XVIIIғ өмір сүрген даңқты жырау, Абылай ханның ақылшысы Бұқардың жырларынан айқын сезіледі:
Ай не болар күннен соң
Күн не болар айдан соң,
Құлпырып тұрған бәйшешек
Қурай болар солған соң..
Немесе
Қара арғымақ арыса,
Қарға адым жер мұң болар,
Есіл көзден нұр тайса,
Бір көруге зар болар.
Ежелгі түркі поэзиясының біз ьәңгіме етіп отырған үлгілерінде метономия да, антитеза да, эпитет те кеңінен қолданылды. әсіресе, суреттеп отырған заттың немесе құбылыстың айрықша сипатынайқындай түсетін тұрақты және әдетегі эпитеттер бұл жырларда сөз зергерлеріне ғана тәншеберлікпен қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет