«Оғыз-наменің» нұсқалары зерттелуі. Зерттелуі. Ежелгі аңыз-ертегілерде Оғыз – түркі халықтарының алып батыры, әскери қолбасшы, өз елінің қамқоршысы ретінде бейнеленеді.Оғыз жайындағы хикаяның алғашқы түпнұсқасы сақталмаған. Ауызша тараған вариянттары негізінде кейінірек қайта жазылған 2 түрлі нұсқасы бар. Бірі – ұйғыр әрпімен көшіріліп жазылған. Бұл нұсқа Париждің ұлттық кітапханасының қорында сақтаулы. Екішісі – араб әріпімен жазылған. Авторы – тарихшы әскри қолбасшы,Әбілғазы бин Араб Мұхаммедхан.Оның жазып қалдырған екі еңбегі бар. Бірі – «Шежірей терекіме», екіншісі – «Шежірей түрік».Бұл екі шығармада Оғыз хан жайында.Оғыз батырдың ерлік жорықтары, оның ұрпақтары атқарған игілікті істер, оғыз тайпаларының шығу тегі, итұрмыс – тіршілігі, әдет-ғұрпы т.б. туралы ежелгі эпостық сюжетке құрылған шығарма.
Ұйғыр әріпімен сақталған нұсқасын тілдік тұрғыдан зерттеп,оған ғылыми түсініктеме берген ғалым – Щербак болды.Ол «Оғыз-наменің» траскрипцияланған текстін дайындады, оны орыс тіліне аударма жасады. Бұл нұсқа тарихи шежіреден гөрі көркем шығармаға жақын. «Оғыз-наме» авторы әрбір сөзді ажарлап, құбылтып, айшықтап қолдануға шебер. Тұрақты сөз тіркестерін, мақал-мәтелдерді қолданады. Көркемдеу әдісі жағынан «Оғыз-неме» батырлар жырына ұқсас болып келеді. Мұнда қан майдан картинасы жасалған.
Қорыта айтқанда, «Оғыз-наме» - генеалогиялық аңыздар негізінде жазылған, қазіргі түркі тілдес халықтардың ежелгі тарихынан едәуір мағұлымат беретін, көркемдік дәрежесі биік, эпостық туынды.
6 – лекция. Әбу-Насыр Әл-Фараби
Әл-Фараби – дүние жүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы атанған данышпан, философ,энциклопедист ғалым, әдебиетші, ақын.
Ежелгі Отырар қаласында туылған.Әл-Фарабидің толық аты жөні: Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн узлағ Тархани деп жазылатын болған.
Жастайынан асқан зерек,ғылым-өнерге құштар болып өскенәл-Фараби алғашқы білімін Отырарда қыпшақ тілінде алады.Өсе келе Бағдад, Қорасан,Дамскі,Каир т.б.шахарларда болады.Осы қалаларда оқыды еңбек еттіМұнда көрнекті ғалымдармен, көркем сөз зергерлерімен танысады.Олардан тәлім тәрбие алады.ЛОл түркі тілімен қатар, араб, парсы, грек, латын, санскрит тілдерін жетік білген.
Ғұлама –ғалым ретінде әл-Фараби атсалыспаған, зерттеу жүргізбеген ғылым саласы жоқ деуге болады.Ол философия, логика, математика, астраномия, медецина, музыка, тіл білімі, әдубиет теориясы, т.б.ғылым салалары бойыншаеңбектер жазды.
Фарбидің «Ақылдың мәні турлы тракат» ,«Данышпандықтың інжу маржаны», «Ғылымдардың шығуы», «Философияны оқу үшін алдымен не білу керек»,»Аристотель еңбектеріне түсіндірме» сияқты зеріттеулері оның есімін әлемге филосф ретінде танытты.
Әл-Фарабидің әлеуметтік-қоғамдық және этикалық көзқарастарын танытатын туындылары «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары», «Бақыт жолын сілтеу», «Азаматтық саясат», «Мемлекеттік қайраткерлердің нақыл сөздері», «Бақытқа жету жайында» сияқты еңбектерінің мәні ерекше зор.
Әл-Фарби әдебиет теориясымен жан-жақты шұғылданған ғалым.Оның еңбектерінің тізімінде «Өлең ырғағы туралы», «Ырғақ пен өлең туралы сөз», және «Поэзия өнерінің негіздері туралы тракат» деп аталатын еңбектері бар.Фарабидің бұрын ғылымға белгісіз болып келген аса құнды бір шығармасы Братислава университетінің кітапханасынан табылды.Арабша жазылған бұл ғылыми еңбек «Китаб аш-шеьр»(«Өлең кітабы») деп аталады.
«Өлең кітабы» көлемі жағынан шағын ғана туынды, оны тіпті кітап емес, мақала деп атаған жөн шығар.Бұл жеке кітап күйінде сақталмаған.Оның екі бөлімнен тұратын логика саласындағы кітабының ішіне қосылып, сонымен бірге түптеліп кеткен.
Фарабидің әдеби мұрасын игеруде «Өлең кітабын» жан-жақты зерттеп,оқып үйренудің мәні зор.
Әл-Фарабиді өлең табиғаттын терең зерттеуші ғұлама-ғалым ретінде танытатын шығармаларының бірі – «Өлең өнерінің қағидалары туралы трактат» болып табылады. Мұны Лондондағы үнді диуаны кітапханасынан белгілі Шығыстанушы-ғалым Артур Арберри 1937 жылы тапқан болатын. Бұл зерттеу Аристотельдің «Поэтика» атты еңбегінің ықпалымен жазылғаны мәлім.
Фараби поэтикада екі түрлі құбылыс бар деп біледі. Олардың бірі – софистика, ал екіншісі – еліктеу. Ғалым бұл екеуі төркіндес емес, қайта олар бір-біріне қайшы келетін ұғымдар, екуінің мүддесі де екі түрлі екнің ерекше атап көрсетеді.
Әл-Фараби грек поэзиясын төмендегідей топқа бөліп сипаттайды, олар: трагедия, дифирамбы, комедия, ямб, драма, эпос, диаграмма, сатира, поэма, риторика, амфигеноссос, акустика. Әрине, бұл айтылған өлең формалары бүгінгі әдебиетке әбден орныққан әдеби жанрларға айналғаны мәлім. Алайда Фарабидің айтуы бойынша, кезінде мұның бәрі өлеңнің түр-тұлғасын қызыметің атқарады.
Әбу Насыр әл-Фараби туралы орта ғасырда көптеген ғалымдар өздерінің ой-пікірлерін жазып қалдырған. Ұлы ойшыл Әли ибн Сина (980-1037), тарихшы ғалымдардан Захируддин әл-Байхакий (1169 ж қайтыс болған), Жамолуддин ибн әл-Кифтий (1172-1248), Ибн Әби Усайбиа (1203-1270) сияқты атақты ғалымдар өз шфғармаларында ұлы философ Әбу Насыр әл-фараби жөнінде кейбір мәліметтер беріп кеткен.
7 – лекция. Х-ХІІ ғасырдағы әдебиет. Махмұд Қашғари.
X-XII ғасырлар – Орта Азия мен Қазақстан халықтарының ана тілі мен әдебиетінің өркендеген кезені болатын.Түрік әдеби тілі жан-жақты дамып, жетіле түсті. Мұның өзі түркі халықтарының, соның ішінде, қазақ, өзбек, ұйғыр қырғыз т.б. халықтарының этникалық құрамының қалыптаса бастауы мен олардың әлеуметтік-қоғамдық өмірдегі ролінің арта түсуіне байланысты болды.
Достарыңызбен бөлісу: |