Vi-ix ғасырдағы түркі әдебиет ескерткіштері


Композициялық құрылысы. Идеялық мазмұны



бет6/23
Дата21.05.2022
өлшемі302,5 Kb.
#144403
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
ежелги лекция 2

Композициялық құрылысы. Идеялық мазмұны. Орхон жазба ескерткіштері композициялық құрлысының өзіндік ерекшеліктері бар. Бұл ерекшеліктер сол дәуірдің әдеби дәстүріне байланысты болса керек.
Тасқа қашап түсірілген бұл жазылулардың әрбір руналық жолында, яғни құлыптастардағы әрбір қатар жазуды бір емес, бірнеше сөйлем бар. Дәлірек айтсақ ұзыннан-ұзақ етіп құлыптасқа бедерлеп жазылған руналық бір жол жазудың өзі – бір ғана ойды білдіруге арналған бірнеше сөйлемнен тұрады.
«Күлтегін» жыры әрқайсысы өз алдына дербес, әрі сюжеттік жағынан бір-бірімен тығыз байланысты сеіз циклдан тұрады. әрбір цикл- сазмұны жағынан бір-бір хикая болып келеді.Күлтегін жырында сегіз цикл, яғни сегіз хикая бар. әрбір циклдың өзі үш элементтен тұрады. Түрік халқының ата-бабалары ұлы адамдар болғанын жырлауға арналған бірінші хикая – құлыптастағы руналық жазудың бірінші – төртінші жолдарын толық қамтиды.
Күлтегін жыры үш элементтен тұрады. Циклдың бастауында – күлтегіннің соғыс кезінде неше жаста екені айтылады, содан кейінгі оқиғаның өрістеу бөлімінде – соғыс картинасы берілген, нң соңындағы бір жол өленде түріктердің женіске жеткені хабарланады. Мұндай композициялық құрлыс күлтегін жырының барлық хикайалары мен циклдарына тән болып келеді. Жырда күлтегін түркі елінің «төрт бұрышындағы» барлық жауды жеңіп, елде тыныштық, бейбіт өмір орнатады. Күлтегін түркі халқын тәуелсіз етті, байлыққа кенелті деген пікір айтылады.
Орхон жазба ескерткіштері ішінде «тоныкөк жыры» ерекше орын алады. Бұл жырдың авторы бөлек, оны Тоныкөктің өзі жазған деген болжам бар.
Тоныкөк жырыда көлемді. Ол 313 өлең жолынан тұрады. Мұның өзі құлыптаста 62 руналық жазу жолына сыйып тұр. Жырдың жалпы оқиға желісін зерттеушілер он төрт циклға, яғни он төрт хикаяаға бөліп қарастырады. Күлтегін жырындағы секілді мұнда да әрбір цикл үш элементтен: оқиғаның басталуы, оқиға желісінің өрістеуі және қорытынды бөлімнен тұрады.
Күлтегін жыры және қазақ эпосы. Түрік қағанатының есімі мәшһүр әскери қолбасшысы, даңықты батыры Күлтегіннің он алты жастан бастап, қырық жеті жасына дейін , яғни өлгенге дейінгі ерлік істері эпостық сарынмен жырланады. Күлтегін тарихы адам баласы да жырда ол бейне бір аңыз қаһарманындай ешқашан жеңілуді білмейтін батыр ретінде көрсетілген.
Күлтегін жырында эпостық баяандау сазы басым екеніне айта келіп, М.Әуезов: «Мұнда батырдың жас шағынан бастап өмірінің ақырына дейінгі ерліктерін жырлайтын батырлық дастандардың сюжеттік құрлысына ұқсастық бар» деп көрсеткен болатын.
Міне, осы тұрғыдан қарағанда тайпа-ұлыстық дәуірде өмірге келген «алпамыс», «Қамбар», «Қобыланды» және Шора батыр» сияқты қазақ эпостарының да күлтегін жыры секілді тарихи негіздері бар.
Қорыта айтқанда, түркі елінің VI-VIIғ қоғамдық-әлеуметтік өмірін, түрлі түркі тайпаларының әдет-ғұрпын, наным-сенімін, өзіндік поэзиясын, тілін, т.б. танып-білуде Орхон ескерткіштерінің мәні аса зор.


4 – лекция. Қорқыт ата кітабы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет