«Абай жолында» Базаралы үшін Нұрғанымға су бермей қоятын кім?
Оспан
«Абай жолында» Базаралыға киім тігуді Нұрғанымға тапсырған кім?
Құнанбай
«Абай жолында» Бөжей қайтыс болғанда оның үйіне қандай ту байланады?
Бір жағы ақ, бір жағы қара ту
«Абай жолында» Әбіштің денесін Алматыдан Семейге қалай жеткізеді?
Тері былғарыға тігіп, табытқа салады
«Абай жолында» Құнанбай Меккеге аттанғанда қасында кім болады?
Ызғұтты
«Абай жолында» Құнанбайға мына сипаттаманы кім береді: «
Құнанбайдың шешендіктен гөрі басқарақ түкпірі бар жан сияқты. Оңай жан емес, қабат-қабат шың сияқты».
Абай
«Абай жолында» қырт атанған адам кім?
Жұман
«Абай жолында» мына мінездеме кімге берілген: «Қалың
дәулет пен әмір, билік иесі. Жасқа да көп туысынан өзі үлкен, неше қабат бәйбіше-тоқал боп жатқанымен, араларындағы араздықты жойып отырады. Араздық ұстағанын
әлденеше рет пайдадан, олжадан қалдырып,
жазалап отырып, өз ырқына көндіреді».
Құнанбай
«Абай жолында» мына сөздерді кім айтады: «Дәурен ұзаған сайын ақырзаман белгісі айқындай бермек. Адам құлқы өзгеріп, азғындай түседі».
Құнанбай
«Абай жолында» мына сөздерді Шұбарға кім айтады: «Мынау жалпақ төбелер үстіне кіргізбей сен екеумізге етігін күзеттіріп қойды-ау!»
Базаралы
«Абай жолында» мына сөзді кім айтады: «Жауызға айтқан жақсы сөз – суға жазған сертпен тең емес пе?»
Абай
«Абай жолында» мына сөзді кім айтады? «Адамның
қай мінезі қасиеті болса, сол міні де болады. Жақсылық – кісінің айнымас табандылығында деп білемін».
Құнанбай
«Абай жолында» Оразбайды арбаға таңып әкелетін кім?
Оспан
«Абай жолында» Тәкежанның 800 жылқысын айдап кеткен кім?
Базаралы
«Абай жолындағы» Әйгерімнің әкесінің аты?
Бекей
«Абай жолындағы» Құдайбердінің ұлдарын ата?
Шәке, Шұбар, Нұртаза
«Абай жолындағы» Құнанбай бір шешеден нешеу?
Жалғыз
«Абай жолындағы» Майбасар Құнанбайға қандай туыс?