Ілияс Есенберлин (1915 — 1983 жж.)



Дата05.11.2016
өлшемі121,64 Kb.
#410
түріӨмірбаяны
Ілияс Есенберлин (1915 — 1983 жж.)

    «Ілияс Есенберлин – қазақ әдебиетінің ғана емес, қазақ халқы тарихының төрінен алатын дара тұлға. Олай деуіміздің бірнеше себептері бар. Қазақ хандығының бостандық пен тәуелсіздік жолындағы күресі тақырыбына қалам тартты. Қалам тартып қана қойған жоқ, өзінің эпикалық құлашы, халық өмірінің сан алуан қырын кең қамтуы, қазақ тарихының кемеңгер көсемдерінің қайталаңбас бейнесін сомдауы жағынан өзге туындылардан оқ бойы алда тұрған талантты шығармасы - «Көшпенділер» тарихи трилогиясын дүниеге әкелді. Бүгінде дүниежүзінің көптеген халықтарының тіліне аудрылып, әлденеше рет басылған жазушының осы еңбегін хандық дәуірдегі қазақ өмірінің энциклопедиясы десек артық  айтқандық бола қоймас».

Нұрсұлтан Назарбаев

Есенберлин Ілияс қызық еді,

Ерейменнің сілемі, үзігі еді,

Арктика мұзындай тақырыпты

Жалғыз өзі тайсалмай бұзып еді

Қадыр Мырза-Әлі

  Өмірбаяны



   
    Ілияс Есенберлин (10.01. 1915 жылы туған, қазіргі Ақмола облысы, Атбасар қаласында туған) - қазақ жазушысы. 1940 жылы Қазақ таукен институтын бітірген. Ұлы Отан соғысына қатысқан.  1942-47 жылдары Қазақстан КП ОК-нің нұсқаушысы. 1947-67 жылдары Қазақ мемлекеттік филармониясының директоры. Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасының редакторы, «Қазақфильм» киностудиясында сценарий редколлегиясының мүшесі, 1967-71 жылдары «Жазушы» баспасының директоры, 1971 хылдан Қазақстан Жазушылар одағының екінші секретары. Соғыстан кейінгі жылдарда филармонияны, «Жазушы» баспасын басқарады, т. б. жұмыстар атқарады. Жазушы Алматыда дүние салды. Қазақ әдебиетінде І. Есенберлин - жазған романдарының саны ең көп аса көрнекті жазушылардың бірі. І.Есенберлин алғашқы шығармалары 1940 жылы басылды.  Алғаш 1945 ж. Сұлтан, Айша дастандары жарық көрді. Есенберлиннің Айқас (1966), Қаһар (1969), Алмас қылыш (1971), Маңғыстау майданы, Аманат (1978) романдары, Алтын Орда трилогиясы (1982, 1983) жарияланды. 1986 ж. Көшпенділер трилогиясы үш «Ғашықтар» (1968), «Алтын құс» (1971), «Көлеңкеңмен қорғай жүр» (1974), т. б. романдарымен оқырман назарын өзіне аударды.

Шығармалары

    Ӏлияс Есенберлиннің алғашқы шығармалары 1940 жылы басылды. Ол көркем әдебиеттің көп жанрында (поэзия, проза, драматургия, кинодраматургия) жазды. Әдеби творчествосын поэзиядан бастады. 1945 жылы «Айша», «Сүлтан» поэмаларын жазды. «Адамгершілік туралы жыр» өлеңдер жинағын (1949) шығарды. Жалынды революционер, большевик Ә. Майкөтовке арналған «Большевик туралы поэмасын» (1957), «Біржан сал трагедиясы» дастанын (1959) жазды. «Өзен жағасында» (1960), «Толқиды Есіл» (1965) повестері, «Айқас» (1966), «Қатерлі өткел» (1967), «Ғашықтар» (1968), «Қаһар» (1969), «Алмас қылыш» (1971). «Алтын қүс» (1972). «Жанталас» (1973), тың туралы «Көлеңкеңмен қорғай жүр» (1974) романдары қазақ әдебиетіне (прозаға) косылған елеулі үлес болды. Кеңес өкіметі жылдарында туып қалыптасқан қазақ интеллигенциясының өмірін, олардың қазақ даласында социалистік өнеркәсіп орнату жолындағы қажырлы еңбегін, ескіліктің адам санасындағы қалдығына қарсы күресті баяндайтын «Айқас» романына 1968 жылы Қаз КСР Мемлекеттік сыйлығы берілді. Ал тарихи тақырыпқа жазылған «Алмас қылыш», «Жанталас», «Қаһар» трилогиясы қазақ халқының басынан өткен ауыр кезеңдерді суреттеген шығарма ретінде танылды. Ӏлияс Есенберлиннің орыс тілінде шыққан «Песня о человеке» (1956) романы 1958 жылы қытай тіліне аударылады. «Таудағы тартыс» (1962) пьесасы Алматыдағы Балалар мен жасөспірімдер театрында қойылды. М. Ерзинкянмен бірігіп жазған «Қүйма» (1961) киносценарийі бойынша жасалған фильм бүкіл кеңес жөне венгр, поляк, болгар экрандарына шықты.


    Ілияс Есенберлин прозасы түгел дерлік орыс тіліне аударылды. Мысалы, «Айқас» («Схватка», 1968); «Қатерлі өткел» («Опасная переправа», 1970); «Ғашықтар» («Влюбленные», 1970); «Қаһар» («Хан Кене», 1971); «Алмас қылыш» («Заговоренный меч», 1973). «Жанталас» («Отчаяние», 1974), «Көлеңкеңмен қорғай жүр» («Прикрой своим щитом», 1974) деген атпен басылып шықты. «Ғашықтар» романы өзбек тілінде басылды. I. Есенберлин қырыққа жуық ән мәтінін жазды. Ол К. Д. Ушинскийдің «Әңгімелері мен ертегілерін» (1945), М. Жулявскийдің Вьетнам өміріне арналған «Қызыл дария» (1956) романын қазақ тіліне аударды. Есенберлин Еңбек Қызыл Ту орденімен, медальдармен марапатталған.

Романдары хақында

    Қазақстан республикасы мемлекеттік сыйлығының лауреаты, қазақ әдебиетінің тарихында бүгінге дейін ең көп роман (17) жазған жазушы І. Есенберлиннің қаламынан туған «Айқас», «Ғашықтар», «Қатерлі өткел», «Алтын құс», «Маңғыстау майданы», «Алтын аттар оянады», «Көлеңкеңмен қорғай жүр», «Алыстағы арпалыс», «Аққу құстар қуанышы», «Махаббат мейрамы», т. б. романдары тың тақырыпта жазылып, қазақ әдебиетінде оған дейін мүлде көтерілмеген мәселелерді қозғаған, соны серпін әкелген, оқырман сүйіспеншілігіне бөленген туындылар еді. Ол - қазақ әдебиетінде алғашқы болып тарихи зерде тамырына қан жүгіртіп, тұншыққан сананы қапастан шығаруға жол салған, ұлт рухын тірілткен жазушы ретінде қазақ әдебиетінің тарихында оқшау орны бар тұлға. Ілияс Есенберлиннің алты кітаптан тұратын тарихи эпопеясы сөз өнерінің әлемдік нұсқасына қосылған тарихты көркемдік пайымдаудың үздік үлгілерінің бірі болып қала бермек. Тарихи тақырып арқылы бүгінгі күнге, қазіргі дәуірге қатысты идеялар айтылатынын естен шығаруға болмайды. 

Тарихи шығарма сол өткен заманның әлеуметтік-эстетикалық реконструкциясы ғана емес, онда бүгінгі уақыттың да философиялық концепциясы жатады. Тарихи шығармалардың өмір танытқыштық мәнін айтқан кезде, онда бүгінгі рухани тіршілігімізге қатысты көп мәселелер қамтылатынын ескеру керек. І. Есенберлиннің «Көшпенділер», «Алтын Орда» романдарын өткенді айта отырып оны қазіргі өмір құбылыстарына байланыстыра білу - көркем шығарманың эстетикалық актуальдығын арттыратын көркемдік фактор екенін дәлелдейтін, уақыт рухы көрінетін, жаңа концепция әкелген шығармалар деуге болады. 

Ілияс Есенберлиннің ұлт тағдырына қатысты шетін сырлары мен идеялары кемел деңгейде көрінетін бұл эпопеяның алғашқы бөлігі «Көшпенділер» трилогиясы еді. 

Шығарма кейіпкерлері ретінде негізін тарихи тұлғалар, Шыңғыс хан дәуірінен басталып Кенесарымен аяқталатын қазақ мемлекетінің бастау көзі мен қиын-қыстаулы тағдыр-талайының басында тұрған хандар тізбегі, ел мұңы мен арман-тілегінің хабаршысы ақын-жыраулар, ел бірлігінің ұйтқысы, халықтың ақыл-парасатты билер, ел мен жер үшін, ұрпақ болашағы үшін қасық қаны қалғанша жаумен шайқасып отанын қорғай білген арыстан жүрек, атанжілік батырлар. Бұлар - ел есінде сақталып, тарихта қалған өмірде болған тұлғалар. «Көшпенділер» трилогиясы - партиялық идеологияның қылышынан қан тамып тұрған уақытта дүниеге келген шығарма.
    «Көшпенділер» қазақ халқының, ұлттық тарихының бастау көзі беріде емес, әріде жатқандығына жөн сілтеді. Бүкіл бір халықтың өмір-тарихы ұмытылып бара жатқандығын еске сала отырып, оған кінәлі - коммунистік саясат екендігін ашып айтпаса да, өмір ағысы басқа арнамен ағып бара жатқандығын, тарих беттері бұрмаланғандығын көркем тілмен бейнелеп берді.
    Архивтік деректер, халықтық аңыздар, этнографиялық сипаттар негіз болған тарихи эпопеяда автор оларды сол өткен дәуір елесін дәл бейнелеу үшін ғана емес, оған қоса түрлі қағида мен идеялардың, түрлі психология мен мақсат мүдделерінің қандай заман, қандай қоғамдық жүйеде болсын сабақтастық алып жатқан көрінісін беру үшін де пайдалану мақсатын ұстанған.

Марапаттары

Еңбек Қызыл ту ордені;


«Құрмет белгісі» ордені;
«За боевые заслуги»;
«За оборону Ленинграда» медалі;
Қазақ КСР мемлекеттік премиясының жүлдегері, 1968 жыл («Айқас» романы үшін).

Есте қалдыру мақсатындағы шаралар

Астана қаласында І.Есенберлин көшесі бар.


Алматы қаласында І.Есенберлин көшесі бар.
Алматы қаласында №25 Гимназиясы І.Есенберлин атында.
Туған жері Атбасар қаласында І.Есенберлин атында музей бар.

Еңбектерінің библиографиялық көрсеткіші

  • Ақыл кенi : Асыл сөздер / құраст. К. І. Есенберлин. - Алматы : Көшпендiлер, 2005. - 244 б.

  • Есенберлин І. Алмас қылыш : тарихи роман / І. Есенберлин. - Алматы : Жазушы, 1971. - 324 б.

  • Есенберлин І. Алтын орда / І. Есенберлин. - Алма-Ата : Онер, 1982

  • Есенберлін І.Көшпенділер : тарихи трилогия / І. Есенберлин. - Алматы : Жазушы. – 1976.     2 кітап : Есенберлин І. Жанталас : роман / Есенберлин І. – Алматы.-1976.-320 б.

  • Есенберлин І.Алтын Орда : тарихи трилогия / І. Есенберлин. - Алматы : Жазушы. – 1983. 2-ші, 3-ші кітап : Есенберлин І. Алтын Орда : тарихи трилогия / І. Есенберлин. - Алматы : Жазушы, 1983. - 479 б.

  • Есенберлин І. Жан сырым : Ойлар, нақыл сөздер. Естелiктер. / І. Есенберлин. - Алматы : I. Есенберлин атындағы қор, 2001. - 326 б.

  • Есенберлин І. Жанталас : тарихи роман / І. Есенберлин. - Алматы : Жазушы, 1973. - 320 б.

  • Есенберлин І. Жұлдыздар : дастандар / І. Есенберлин. - Алматы : Жалын, 1977. - 132 б.

  • Есенберлин І. Көшпендiлер : Тарихы трилогия / І. Есенберлин. - Алматы : І. Есенберлин атындағы қор, 2002. - 760 б.

  • Есенберлин І. Көшпендiлер : Тарихы трилогия / І. Есенберлин. - Алматы : І. Есенберлин атындағы қор, 1998. - 584 б.

  • Есенберлин І. Махаббат мейрамы : Роман / І. Есенберлин. - Алматы : Көшпенділер, 2002. - 232 б.

  • Есенберлин І. Мұхиттан өткен қайық : Роман / І. Есенберлин. - Алматы : І. Есенберлин атындағы қор, 2001. - 335 б.

  • Есенберлин І.Он томдық шығармалар жинағы / І. Есенберлин. - Алматы : Жазушы. – 1988.-Т.10. - 272 б.

  • Есенберлин І.Он томдық шығармалар жинағы : роман / І. Есенберлин. - Алматы : Жазушы. – 1984.-Т.1 : Айқас. Ғашықтар. - 395 б.

  • Есенберлин І.Он томдық шығармалар жинағы / І. Есенберлин. - Алматы : Жазушы. – 1984.-Т.2 : Қатерлі өткел. - 440 б.

  • Есенберлин І.Он томдық шығармалар жинағы : роман / І. Есенберлин. - Алматы : Жазушы. – 1985.-Т.3 : Маңғыстау майданы. - 500 б.

  • Есенберлин І.Он томдық шығармалар жинағы : роман / І. Есенберлин. - Алматы : Жазушы. – 1985.-Т.4 : Көлеңкеңмен қорғай жүр. - 424 б.

  • Есенберлин І.Он томдық шығармалар жинағы / І. Есенберлин. - Алматы : Жазушы. – 1985.-Т.5 : Аққу құстар қуанышы. Махаббат мейрамы. - 312 б.

  • Есенберлин І.Он томдық шығармалар жинағы / І. Есенберлин. - Алматы : Жазушы. – 1986.-Т.6 1-ші кітап : Көшпенділер  : тарихи трилогия. - 596 б.

  • Есенберлин І.Он томдық шығармалар жинағы / І. Есенберлин. - Алматы : Жазушы. – 1986.-Т.7 : Көшпенділер : тарихи трилогия. - 328 б.

  • Есенберлин І.Он томдық шығармалар жинағы / І. Есенберлин. - Алматы : Жазушы. – 1986.-Т.7 : Көшпенділер : тарихи трилогия. - 328 б.

  • Есенберлин І.Он томдық шығармалар жинағы / І. Есенберлин. - Алматы : Жазушы. – 1987.-Т.9 2-ші, 3-ші кітап : Алтын Орда. - 544 б. : портр.

  • Есенберлин І. Скифтер сағымы : Аманат / І. Есенберлин. - Алматы : Көшпендiлер, 2002. - 342 б.

  • Есенберлин І. Ғашықтар / І. Есенберлин. - Алматы : Қөшпенділер, 2007. - 296 б.

  • Есенберлин І. Ғашықтар / І. Есенберлин. - Алматы : Көшпенділер, 2002. - 240 б.

  • Есенберлин І. Қара Алтын : Роман / І. Есенберлин. - Алматы : Көшпендiлер, 2002. - 240 б.

  • Есенберлин І. Қатерлi өткел : Роман / І. Есенберлин. - Алматы : Көшпендiлер, 2002. - 240 б

  • Есенберлин І. Қаһар : роман / І. Есенберлин. - Алматы : Атамұра, 2003. - 288 б.

  • Есенберлин І. Қаһар : Роман / І. Есенберлин. - Алматы : Ан Арыс, 2010. - 360 б.

  • Есенберлин І. Қаһар : Роман / І. Есенберлин. - Алматы : Ан Арыс, 2010. - 360 б.

  • Есенберлин Қ. Бақыт пен өмір : Бақытқа қалай жету туралы пайдалы кеңестер / Қ. Есенберлин. - Алматы : Көшпенділер, 2002. - 72 б.

І.Есенберлиннің өмірі мен шығармашылығы жайындағы әдебиеттер

  • Алпысбаев Қ.І Есенберлин романындағы тарихи тағылым : мәдени мұра / Алпысбаев Қ // Ақиқат. - 2008. - №12.-б.198-205.

  • Амангельді  А..І.Есенберлин шығармаларындағы жылңыға қатысты кдсәби лексика : ("Көшпенділер" тарихи трилогиясы бойынша) // Хабарлы серия филологическая. - 2007. - №6. -б.72-76.

  • Ақшолақов Е.Елін сvйген Есенберлин / Ақшолақов Е // Жұлдыз. - 2009. - 7.-б.203-208.

  • Ақыш Н. Ұлттық руханияттың кесек тұлғасы :  Ілияс Есенберлиннің туғанына 100 жыл толуына орай / Ақыш Н. // Президент және халық. - 2015. - 30 қаңтар.

  • Балтымова М Тарихи романдарындағы уақыт пен кеңістік : (І Есенберлиннің "Көшпенділер" трилогиясы негізінде) / Балтымова М // Хабаршы Вестник Филология сериясы. - 2008. - №1.-б.49-51.

  • Әлімжанов Ә Есенберлин тағылымдары / Әлімжанов - // Жалын. - 2009. -№ 7.-б.30-32.

  • Боранғалиева А. Қазақ тарихын зерделген ұлы жазушы / Боранғалиева А. // Қазақстан тарихы: әдістемелік журнал. - 2014. - №7.-б.29-36.

  • Ғабдуллин М. Батыл да сәтті роман :  жазушы Есенберлин І / Ғабдуллин М. // Түркістан. - 2015. - 12 ақпан.

  • Домбай Н. "Мұзжарғыш" : жазушы Ілияс Есенберлиннің туғанына-100 жыл / Домбай Н. // Ана тілі. - 2015. - 22-28 қаңтар.

  • Досанов С. Ұлттық рухты оятқан ұлы суреткер : Iлияс Есенберлин-90 // Қазақ әдебиетi. - 2006.-31 наурыз.

  • Дүйсенбаев А.Қазақ мемлекеттілігінің шежіресі : жазушы Ілияс Есенберлин-100 жас / Дүйсенбаев А. // Егемен Қазақстан. - 2015. - 10 қантар.

  • Елеукенов Ш. Ұлт береке-бірлігінің жалынды жаршысы / Елеукенов Ш. // Қазақ әдебиеті. - 2015. - 16 қаңтар.

  • Елеукенов Ш. Ұлтты ұлықтаған жазушы / Елеукенов Ш // Жалын. - 2009. - №7.-б.44-52.

  • Есенберлин І.Мен үшiн ерекше адам : естелiк // Егемен Қазақстан. - 2005. - С. 26 ақпан.

  • Есенберлин әлемі // Қазақстан Zaman. - 2015. - 5 ақпан.

  • Есенберлиннің ерлігі :  Ілияс Есенберлин-100 // Жас алаш. - 2015. - 13 қаңтар.

  • Қазыбекұлы Н. Халық сvйген қаламгер : Есенберлин туралы / Қазыбекұлы Н. // Жалын. - 2009. -№ 7.-б.41-44. - 2009.

  • Қашқымбаев А.Қазына қалдырған қаламгер : жазушы Ілияс Есенберлин туралы / Қашқымбаев А. // Mangi el. - 2014. - №5.-б.134-136.

  • Қонаев Д Өшпес із қалдырған қаламгер : к Есенберлин туралы естелік / Қонаев Д // Жалын. - 2009. -№ 8.-б.28-29.

  • Қыдырәлі Д.Сеңді бұзған семсер тіл : жазушы Ілияс Есенберлин-100 / Қыдырәлі Д. // Қазақ әдебиеті. - 2015. - 30 қаңтар-5 ақпан.

  • Нұршайықов Ә. Есенберлин : Әдебиеттану // Егемен Қазақстан. - 2002. - С. 30 қаңтар.

  • Нұршайықов Ә.Ұлттық ұлы қазына : жазушы к.Есенберлин туралы / Нұршайықов Ә // Жалын. - 2009. - №7.-б.33-35.

  • Тiлегенов Б.Тарихи сананың тамыршысы : Iлияс Есенберлин-90 // Қазақ әдебиетi. - 2005. -  14 қантар.

  • Тарақов Ә.Шеберлiк шешiм-шығарма кiлтi : (I.Есенберлин таланты мен тапқырлығын сөз еткенде) // Вестник Каз НУ. серия филология. - 2003. - №8. - б.138-140.

  • Тәлiпұлы Б. Кенесары Қасымұлының тұлғалық бейнесiнiң "таhар" романында сомдалуы : шдебиеттану // тазаъ тiлi мен шдебиетi. - 2003. - №1. - б.57-60.

  • Тәлiпұлы Б. Кенесары Қасымұлының тұлщалық бейнесiнiң "Қаhар" романында сомдалуы : әдебиеттану // Қазақ тiлi мен әдебиетi. - 2003. - №1. - б.57-60.

  • Шапиян М. Есенберлиннің көтерілуіне Қонаев көмектескен  : Қабдеш Жұмаділовпен сұхбаттасқан  / Шапиян М. // Жұлдыздар отбасы . - 2013. - №23(161).-б.29-32.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет