Информатика пәні бойынша 6-сынып оқушысының өзіндік жұмысының жоспары IІ тоқсан
Сабақтың нөмірі: 14
Сабақтың тақырыбы: 3D - баспасын баптау
Бүгінгі таңда 3D (үшөлшемді) ұғымы күнделікті өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды.
Біз 3D технологияны бірінші кезекте кино өнерімен, анимациялық фильмдермен байланыстырамыз. Көпшілік 3D технологияны тек кинотеатрдың немесе плазмалық
теледидардың экранында ғана қолданады деп ойлайды. Алайда біздің күнделікті тұтынып жүрген заттарымыздың барлығы үшөлшемді. Мұндай заттарды жобалау және шығару үшін кәсіп-
орындар компьютерлік модельдеу технологияларын қолданады. 3D тех- нологиямен бірге 3D
баспа (печать) туралы жиі еститін болдық. 3D баспаны жүзеге асыратын құрылғыны 3D принтер деп атайды (2-сурет). Ақпаратты қағазға басып шығаратын принтерлерімізді 2D прин- тер деп атауға болады.
3D принтер – бөлшекті қабаттап құю әдісімен жұмыс істеуге негіз- делген, программамен басқарылатын станок. 3D басып шығару – қоспаны бірте-бірте қоса отырып, бұйымдар мен үшөлшемді үлгілер- ді жасауға арналған технологиялық әдістердің топтамасы.
3D басып шығаруға арналған модельдер әдетте *.stl форматындағы файлдарда таратылады. STL форматындағы файлды g кодына (3D принтері түсінетін тілге) түрлендіру үшін слайсер
программасы қолданылады.
3D программада жасалған модельді басып шығару үшін оны экс-порттау керек. Ол үшін программадағы Файл – Экспорт командасын орындауымыз қажет. Сақтау терезесінде 3D модельдің типін көрсету арқылы (мысалы, *.stl форматында) сақтауға болады. Сақталған 3D мо- дель слайсер программасы арқылы 3D принтерде басылады.
Слайсер программаларының тобына кіретін Cura программасына тоқталайық. Cura – 3D принтерлерге арналған 3D слайсер. Cura-ның ерекшелігі – ол ашық кодтағы тегін қолдануға болатын программа. Бұл программа қарапайымдылығымен және жұмыс істеуге қолайлылығымен ерекшеленеді. Программа іске қосылғанда оның терезесі ашылады
(4-сурет).
3D принтер ұсынатын мүмкіндіктер
Қазіргі кезде үшөлшемді баспа технологиялары сәулет өнері, құрылыс, киім өндірісі мен дизайн, жарнама, медицина материалдары мен жабдықтарын жасау сияқты салаларда қолданылады (7-
сурет). Бұл технология арқылы бүгінде үшөлшемді суреті бар қарапайым футболкалар жасап қана қоймай, ғимараттардың күрделі үшөлшемді модельдерін құрастыруға да болады.
Үйге тапсырма: Оқулық 67беттегі ойлануға берілген сұрақтарға жауап берейік
Ескерту: Сабақтың ұзақтығы – 10-15 минуттан аспауы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |