Сабақ Тақырыбы: Әр кезеңдегі сәулет өнері. Сәулет стилі. Өткізген : Н. Е есқайырова 2015-2016 оқу жылы Сыныбы: 4 сынып Пәні: Бейнелеу өнері



бет1/3
Дата29.01.2017
өлшемі1,41 Mb.
#8208
түріСабақ
  1   2   3
Ашық сабақ

Тақырыбы: Әр кезеңдегі сәулет өнері. Сәулет стилі.


Өткізген : Н.Е Есқайырова

2015-2016 оқу жылы
Сыныбы: 4 – сынып

Пәні: Бейнелеу өнері

Сабақтың тақырыбы: Әр кезеңдегі сәулет өнері.Сәулет стилі.

Мақсаты:


Білімділік – әр кезеңдегі сәулет өнері, стильдері, архитектуралық құрылыс жүйелері , жалпы сәулет өнері туралы ұғындыру.

Дамытушылық – Қазақстандағы сәулет өнері туындыларынан мысалдар келтіре отырып, оқушылардың танымдық қабілеттерін, сөйлеу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік - оқушылардың сәулет өнеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, эстетикалық тәрбие беру.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: көрнекілік, сұрақ-жауап,сәйкестендіру,себет тәсілі

Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, сандық, конфеттер, стикерлер, смайлик т.б

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. « Ой шақыру»

1.Бейнелеу өнерінің түрлерін ата?
(Графикалық сурет, кескіндеме, мүсін, сәндік қолданбалы өнер, сәулет.)

2.Оларды талда.

Графикалық сурет - қарындашпен, бір түсті бояумен, көмір, пастель, т. б. салынатын сурет.

Кескіндеме - түрлі – түсті бояумен, майлы бояу, акварель, т. б. салынған шығарма.

Мүсін - қай жағынан қарасаң да көлемі көрінетін, саз, ағаш, пластиллин, мрамор, керамика т. б. жасалатын туынды.

Сәндік қолданбалы өнер - әр түрлі мата, қағаздан, қайшы, ине - жіп, клей т. б. құралдар арқылы жапсырмалау тәрізді әдістермен жасалатын бұйымдар.

Мәскеудегі Кремль, Сан –Францискодағы аспалы көпір, Астанадағы Бәйтерек , бұл суреттерде бейнеленген дүниені қандай өнер түрі біріктіреді?

-Сәулет өнері

Олай болса, оқушылар, бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы:

Әр кезеңдегі сәулет өнері. Сәулет стилі.



Сәулет өнері дегеніміз – адамдардың өмірі мен қызметіне қажетті материалдық ортаны құрайтын сәулет құрылыстар. Сәулет өнері «архитектура» деп те аталады. Ол латын және грек тілінде «бас құрылысшы» деген мағынаны береді. Біздің түсінігімізде сәулет өнері (архитектура) күнделікті адамдар өмірі үшін салынған ғимараттар, мысалы: тұрғын үйлер, қоғамдық және тұрмысқа қажетті құрылыстар, мемориалдық ескерткіштер.



Тұрмыстық

Кәсіби

Қоғамдық

фабрика, зауыт құрылыстары, электр торабы орталықтары, гидротехникалар, теңіз порты, вокзал, метро және т. б.

қоймалар, гораж,

автотұрақтар.


оқу - ағарту, білім үйлері, театр, мәдени демалыс үйлері, мұражайлар, көрме залдары, стадион, мемориалдық ескерткіштер және т. б.




Біздің суретшілер

1.Бұл суретші кім?


Каталог: uploads -> doc -> 122e
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
122e -> Әдісі: Тарихи -әдеби монтаж,сахналық көрініс Көрнекілігі


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет