Сабақтың тақырыбы : Ағылшын тілін оқытудағы көрнекілік әдісі



Дата05.04.2023
өлшемі133,35 Kb.
#173772
түріСабақ
Байланысты:
әдістемесі».
state symbols of KAZAKHSTAN

Сабақтың тақырыбы: Ағылшын тілін оқытудағы көрнекілік әдісі

Көрнекілік әдісі — оқытудың сөздік және тәжірибелік әдістерімен өзара байланыста қолданылады және құбылыстармен, обьектілермен оқушыларды таныстырғанда олардың сезім мүшелеріне әсер етіп, алуан түрлі сурет, көшірме, сызба арқылы құбылыс, процесс, обьектілердің символдық бейнелерін немесе оларды табиғи күйінде қабылдайды. Қазіргі мектепте осы мақсатпен экрандық және техникалық құралдар кең қолданылады. Көрнекілік әдістерін шартты түрде екі үлкен топқа бөлуге болады: иллюстрация және демонстрация.


Иллюстрация әдісі арқылы оқушыларға иллюстрациялық құралдар-атап айтсақ: плакат, кесте, картина, карта, тақтадағы суреттер, үлгілер көрсетіледі.
Демонстрацияның (көрсету) оқыту әдісі ретіндегі ерекшеліктері:
Демонстрация әдісі арқылы заттар менқұбылыстар тәжірибе жасау арқылы немесе техникалық құралдардан, кинофильмдерден, диафильмдерден көрсетіледі.
Оқу процесі жаңа техникалық құралдарды енгізу (теледидар, видеомагнитофондар) оқытудың көрнекілік әдісінің мүмкіндіктерін кеңейтеді.
Қазіргі уақытта көрнекі құралдың жаңа түрі-жеке тұлғалар қолданатын компьютерлерге ерекше көніл бөлініп, мектептерде электронды-есептегіш техникасы кабинеттерін құру міндетті шешілуде, оқу процесіне белгілі бір жағдаяттарды және процестерді үлгілеуге мүмкіндік беретін компьютерлерді енгізілген. Олар оқушыларға бұрын оқулық мәтінінен меңгерілген көптеген процестерді қозғалыста, көрнекі түрде көруге мүмкіндік береді. Компьютерлер, көрнекілік әдістерінің оқыту процесіндегі мүмкіндіктерін елеулі түрде кеңейтеді.
Оқытудың көрнекілік әдісінің шарттарды:

Оқытудың көрнекілік әдісінің мынадай шарттарын ұсынуға болады:
көрнекіліктің оқушылардың жасына сәйкестігі;
көрнекілікті сабақтың керек сәтінде қолдану;
демонстрацияланған затты барлық оқушылардың көруі;
иллюстрацияның ең бастысын, мәндісін нақтылау;
құбылыстарды демонстрациялау кезінде берілетін түсініктерді мұқият ойластыру;
сабақта көрнекіліктің алуан түрін қолдану, бірақ көп көрнекілік қолданбау, себебі балалардың назары басқа жаққа ауып, тақырып бойынша ең негізгіні түсінбей қалады;
көрнекілікті қолданып оқушының сезіміне қозғау салу, қалыптасқан түсініктерге сүйеніп, меңгерілетін ұғымды нақтылау;
оқушылардың өздері жасаған көрнекіліктердің әсері мол болатындықтан, көрнекілікті балалармен бірге жасау;
көрнекі құралдарды қолданып оқушылардың зейінін, ақыл-ой мәдениетін, жобалай білуін, оқуға деген қызығушылығын тәрбиелеу;
балалардың жас ерекшеліктеріне қарай заттық көрнекілікті азайтып, символдық көрнекіліктерді қолдану;
Оқытудың көрнекілік әдісінсіз толық мәнді сабақ өткізіп, берік білім беру қиын. Мысалы ағылшын тілін, немесе кез-келген басқа тілді үйретуде де ең нәтижелі және жиі қолданылатын әдіс – көрнекілік әдіс.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет