Сабақтың тақырыбы: Шеміршекті және сүйекті балықтар



Дата28.06.2017
өлшемі36,84 Kb.
түріСабақ
Сатыбаева Әлия Қобыланқызы

200 орта мектебінің



І санатты Биология пәнінің мұғалімі.

Туған күні,айы,жылы:21.02.1973

Білімі : жоғары

Батыс Қазақстан гуманитарлық университеті

Қызылорда облысы,Арал ауданы,Құмбазар елді мекені.

Биология пәнінің мұғалімі

Жалпы өтілі 19 жыл. №200 орта мектебінде- 17жыл

Сабақтың тақырыбы: Шеміршекті және сүйекті балықтар.

Мақсаты: а)Білімділік. Сүйекті және шеміршекті балықтардың жіктелуі, басқа балықтардан айырмашылығы, сыртқы құрылысы, тән белгілері туралы мағлұмат беру. ә) Дамытушылық. Оқушылардың тірі табиғат туралы алған білімдерін одан әрі дамыту. Оқушылардың сабаққа деген белсенділігін арттыру, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, тақырыптағы негізгі ұғымды тауып, сызбанұсқаны толтыруға машықтандыру, білімді нақтылау және қисынды ойлауын дамыту. б) Тәрбиелік. Экологиялық тәрбие беру.

Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы.

Сабақтың түрі: Зерттеу сабағы.

Көрнекілігі: слайдтар, кестелер.

Әдістері: СТО элементтерін пайдалану, демонстрациялау, тест, сұрақ-жауап.

Сабақтың жоспары:

1.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу. Оқушыларды түгелдеу. Оқу-құралдарын тексеру.

2.Үй тапсырмасын сұрау.(Лездемелік сұрақ арқылы). 1.Желі дегеніміз не? 2.Балықтың аталық безінен бөлінетін сұйықтық? 3.Аталық жыныс жасушасы қалай аталады? 4.Балықтың жұмыртқа жасушасы не деп аталады? 5.Балық немен тыныс алады? 6.Балық ненің көмегімен жүзеді?

3. Жаңа сабақ. (ой қозғау) Біз жануарлар әлемінің қандай түрлерімен таныстық есімізге түсірейікші.

Құрттар Қарапайымдылар Омыртқасыздар Балықтар

1.Сабақты «Балықтар әлемі» туралы видеоролик арқылы ашу. 2.Әңгіме-дәріс.(шеміршекті және сүйекті балықтарға қысқаша сипаттама) Шеміршекті балықтар екі класс тармағына тақтажелбезектілер және жұпбалықтылар жатады. Шеміршекті балықтардың 140-қа жуық туысы, 730 түрі бар. Шеміршекті балықтардың денесінің ұзындығы 6см-ден, 20м-ге жетеді. Бұлар баласын тірі туады. Теңізде тіршілік ететін жыртқыш балықтар. Шеміршекті балықтарға: Көк акула, электрлі скат, аратұмсық акула, балғабас акула жатады.



Тірек сызбамен жұмыс.

сссссссссссссссссссссс


Балықтар



Сүйекті

Шеміршекті



Акулалар,скаттар,тұ-тасбастар(химералар)

Сазан, бекіре, арал албырты, қаяз, мөңке.


Топпен жұмыс. Классикалық кластер әдісін қолдану: Оқушылар бір-бірінің ойымен ақылдасып балықтар туралы шеңбер ішіне мәлімет толтырады.
Тыныс алу мүшесі желбезек саны-5-7

Денесі қабыршақпен қапталған, қаңқасы сүйектен түзілген.

Балықтар



Көпжасушалы, омыртқалы жануарлар.

2 класс тармағына бөлінеді,


Кубизм әдісі.

1-топ: Талдау, Шеміршекті балықтармен сүйекті балықтардың айырмашылығы.

2-топ: Жинақтау.Шеміршекті және сүйекті балықтардың негізгі ерекшеліктері.

3-топ:Дәлелдеу.Тыныс алуы. Зәр шығаруы, қанайналымы, жүйке жүйесі.

Оқылым бөлімі. Барлық оқушылар мәтінді мұхият оқып шығып, өз түсінгенде

рін топта талқылайды.



Жаңа сабақты бекіту. Перфокарта толтыру.

Шеміршекті балықтар

Сүйекті балықтар






Шығармашылық жұмыс: «Балықтар» тақырыбындағы зерттеп келген рефераттарын қорғау.

Қорытынды: Рефлексия.

1.Бүгінгі сабақта қандай жаңа тың мәселелер білдің? 2.Сен үшін ең пайдалы болғаны не? 3.Қандай ақпарат сен үшін күтпеген болды?



Үйге тапсырма: «Біліміңді сына» тест.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу