1.1 Жалпы сипаттама Бюджеттік Arduino Uno – ны қарастырайық
Arduino – да жұмыс барысын бақылау үшін индикаторлар қарастырылған. Индикаторлар 4 жарық диодтан тұрады. Олар 1 –ші суретте жасыл түспен қоршалған. Индикаторлардың жарықтануы келесіні блдіреді:
"ON"- тақта ток көзіне қосылып тұр;
"TX"- UART интерфейсі бойынша контроллер сыртқа мәлімет жіберуде;
"RX"- UART интерфейсі бойынша контроллер сырттан мәлімет қабылдауда;
"L" 13 пинге жалғанған. Әрман қарай біз тақтаның кірістері мен шығыстарын пин деп атайтын боламыз (pin, ағыл.- микросұлбаның аяғы).
Arduino Uno – ның бөліктерін қарастырайық:
1) Жазылған программалардың кодтары (скетчтері) орналасқан негізгі құрылғы - микроконтроллер. Біздің тақтада бұл - ATmega328. USB интерфейсі (2) арқылы скетчтерді микроконтроллерге жазамыз.
Көптеген Arduino – ларда орнатылған микроконтроллерлер USB – мен тікелей жұмыс атқара алмағандықтан, USB-UART өткізгіштері қолданыланады.
3) - ATmega16U2 контроллерінде жасалынған USB-UART өткізгіші . Оның негізгі міндеті программалық кодты керекті форматқа ауыстыру.
USB - портты үлкен токтан қорғау үшін 500 мА – лік қорғағыш (4) орналыстырылған.
5) – сыртқы ток көзіне қосылу. Бұл тақталарда ток көзіне USB арқылы немесе тура жалғауға болады.
6) - диод сыртқы ток көзіне жалғанғанда, полюстардың ауысуынан қорғайды (егер байқамай ток көзінің «+» мен «-» ауыстырғанда).
MOSFET - транзистор (7) мен операциялық күшейткіштің (8) арқасында ток көздерін таңдау автоматты түрде жүзеге асады.
9) – кернеу стабилизаторы. Кірістегі кернеу +7 вольттан +12 вольтқа дейін ауытқуы мүмкін. Сондықтан, бұл стабилизатор кіріс кернеуді өзінің шығысынан әрқашан + 5 вольт түрінде тұрақты шығарып тұрады.
Осы тақтада қосымша + 3.3 вольт стабилизатор қарастырылған (10).
11) – конденсаторлар стабилизатордың кернеуінің бір қалыпты болуын қамтамасыз етеді.
12) - кварцтық резонатор микроконтроллердің жұмысшы жиілігін береді, бізде16 МГц.
13) – түйме контроллерді қайта жүктеуге арналған (Reset).