Тілдік таңбалар мен шартты таңбалардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары



бет1/3
Дата20.06.2023
өлшемі24,96 Kb.
#179010
түріҚұрамы
  1   2   3
Байланысты:
1 задание тілдік


Тілдік таңбалар мен шартты таңбалардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары

Тілдік таңбалар, оның түрлеріЖалпы семиотикалық ереже бойынша таңба бір жақты, тек материалды ғана болады, мағына таңба құрамына енбейді. Таңбалық қызметтен айырған күнде де олар бастапқы табиғи қалпында қала береді. Бұл қағидаға жеке тұрғанда ешқандай мағынаны білдіре алмайтын, бір жақты элемент болыпесептелетінфонемаларғанаболмаса, тілдегі басқа тұлғалардың ешқайсысы да сай келмейді, өйткені тілдегі сөз болсын, сейлемболсынбәрі де екі жақты тұлғалар.Оның үстіне, бұлардыңмағыналары өздерініңматериалдық жағынан бөлінеалмайды,бұл екеуі айрылмастық бірлікте тұрады, егер бір-бірінен айрылса, әмір сүруден қалады. Таңба бір жақты, тек материалды ғана болады дегенге сүйеніп, тілде таңба болатын тек фонемалар ғана деуге фонема ешқандай хабар бере алмайды. Ал бір нәрсені білдірмесе, хабарламаса, ол таңба да бола алмайды. Осы себептерден тілде таңбалық қызмет атқара алатын я атқара алмайтын тұлғаларды айқындауда бірізділік жоқ, әркім әр түрлі пікір айтады.


Таңбаның сезім мүшелерінің біріне білінетін материалды болуын ғана оның негізгі белгісі деп санайтын ғалымдар таңба деп тілдегі фонемалар мен әріптерді есептейді. Бұлардың пікірінше, таңба деген — сигналдар мен белгілер. Мұндай пікірді И. Кант, Э. Гуссерль сияқты философтар мен Ф. Бопп, Л. Блумфилд сияқты лингвистер қолдайды. Екінші бір көзқарас бойынша тілде қатынас жасау, хабарлар беру мүддесіне қызмет етпейтін элемент жоқ, сондықтан тілдегі ең кіші элемент жеке дыбыстардан бастап күрделі сөйлемге дейін барлығы да таңба бола алады. Тілдік элементтердің үлкені болсын, кішісі болсын —бәрінің де басқалармен қатынас жасау мүддесіне қызмет ететіні, сол үшін жаралып, сол үшін емір сүретіні даусыз, бірақ тілдік элементтер ішінде таңбаға қойылатын талапқа сай келетіні де, сай келмейтіні де барлығын ескермеу жөн емес. Тіл білімінде кең тараған үшінші көзқарас — таңбаға тілдік элементтер ішіндегі тек екі жақты: әрі материалды, әрі мағыналық мәні бар тұлғалар ғана жатады дейтін бағыт. Мұның біріншісі унилатериалды (латынша, мағынасы — бір), соңғысы билатериалды (латынша, мағынасы — екі) деп аталады. Билатериалды бағытты В. Гумбольдт, Ф. де Соссюр, Бодуэн де Куртенэ сияқты атақты ғалымдардың көпшілігі қолдайды. Совет тіл білімінде тілді таңбалар жүйесі деуге болмайды, онда тек таңбалылықтың элементі ғана бар, ол — сөздің дыбыстық тұрпаты ; дейтіндер де бар. Бұл бағытты қолдаушылар тілдің ойлаумен, санамен тығыз байланыстылығына, оның элементтерінің (дыбыстан басқа) өзіндік мағыналары бар екі жақты құбылыс екендігіне сүйенеді.
Тілдің негізгі тұлғалары қатарына дыбыс, морфема, сөз, сөйлем жатады. Дыбыс — тілдің ең кіші материалды бөлшегі. Ол, біріншіден, тілдің өзінен бірер басқыш жоғары тұратын тұлғаларын жасауға материал болса, екінші жағынан бір тұлғаны екінші тұлғадан айыратын танытқыш белгі қызметін атқарады. Дыбыс жеке тұрғанда ештемені де білдіре алмайды, мағынасыз болады, сондықтан ол екі жақты мәні бар таңба жасауға қатысқаны болмаса, өзі таңбалық қызмет атқара алмайды. Өйткені таңба болу үшін бір нәрсені хабарлауы, білдіруі керек. Дыбыстардың осы айтылған ерекшеліктеріне қарап оны ғалымдар бірде диакритикалық белгі десе, енді бірде фигура деп атайды.
Тілдің тіршілігі сөйлеуде, сөйлесуде екені белгілі. Сөйлеу сөйлемнен, сейлемдер тіркесінен құралады. Сөйлем — сөйлеудегі, пікір алысудағы ең негізгі және бірден-бір коммуникативтік түлға. Сөйлемнің негізгі түрі— бірнеше сөздерден құралатыны. Сөйлем құрамына ену арқылы тілдің төменгі қабаттары жанданып, өз бойларындағы барлық мүмкіндіктерін жарыққа шығара алады. Сөйлем тілдік тұлғалардың ең жоғары, құранды қабаты болумен бірге таңбалық жағынан да ең күрделі, жоғары тұлға боп есептеледі.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет