Заңды тұлғалар түрлері



Дата12.10.2023
өлшемі51,11 Kb.
#185120
Байланысты:
Презентация Microsoft Office PowerPoint (4)
1579953725, 1579953725, 1579953725, Область проживания

Заңды тұлғалар түрлері

Заңды тұлға түсінігі

Ежелгі Римде құқықтық қатынастардың негізгі субьектісі ретінде жеке тұлға индивид қатысып келген, яғни бұлар тек жеке құқықта ғана емес, жария құқықытық саласында да көрінген. Жеке тұлғалардың да болғанын байқауға болады. Заңды тұлғалардың алғашқы көріністері-жеке тұлғалардың бірігуінен, қоғамдық мекемелердің құрылуынан және қауымдастықтардың пайда болуымен байланысты болды.

Заңды тұлғалар негізгі үш түрге бөлінеді

1) мемлекет

2) қауымдастық

3) Қоғамдық бірлестіктер, мекемелер

1. Мемлекет алғашқыда саяси билікті жүргізуші,

жариялы құқықтық қатынасқа түсуші субьект ретінде. 2.Қауымдастыққа (Муниципии) бір-біріне

жақын рулардан шыққан қоғамдық бірлестіктер кірді (абыз алқалары діни бірлестіктер, қолөнершілер мен саудагерлер цехтары, т.б. қауымдастықтар).

3.Мекемелер (шіркеулер, қорлар, емханалар) билік құрушы тараптар арнайы актімен таныған

жағдайда ғана заңды тұлға ретінде мүліктік қатынасқа түсе алатын субьект болып есептеледі. Бірақ, олар шіркеу билігіне бағынады.

Рим құқығы бойынша құқықтың субьектісі ретінде жеке тұлғамен қатар заңды тұлға да өмір сүрді, бірақ рим құқығы заңды тұлға ұғымын анықтаған жоқ. Бірақ, 12 кесте заңдарында әртүрлі діни және кәсіби сипаттағы корпорациялар туралы айтылған. Рим құқығы заңды тұлғалардың үш түрін таныды:

1) жеке корпорациялар;

2) муниципиилар;

3) қазына;

Корпорациялар діни және кәсіби қағида бойынша құрлды. Бастапқыда корпорацияларды құрудың толық еркіндігі берілді. Монархияға көшуге байланысты корпорациялар өкіметте сенімсіздік туғызуына байланысты тартылады. Бұдан кейін оларды құру үшін арнайы рұқсатты қажет ететін заң шығарылды. Олар діни және кәсіби қағида бойынша құрылды. Корпорацияның мүлкі корпорацияның өзіне тиесілі болды. Тек корпорация өз қызметін тоқтатқан жағдайда, оның мүлкі корпорацияда қалған мүшелрінің арасында бөлінетін.

Муниципилар кең көлемдегі құқыққабілеттілікке ие болды. Муниципилар өсиеттік бас тарту арқылы мүлікке ие бола алатын.

Заңды тұлғалардың ішінде қазыналар ерекше мәртебе ие болды. Бастапқы кезден мемлекеттік қазына императордың мүлкі есебінде саналды және жеке құқық нормаларымен реттелді.

НАЗАРЛАРЫНЫЗҒА РАҚМЕТ



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет