Arduino ға кіріспе



бет3/3
Дата06.02.2022
өлшемі1,3 Mb.
#81964
түріПрограмма
1   2   3
Байланысты:
00 Arduino Kirispe-2
0000caf1-86122172, 0000caf1-86122172
2 суретIСSP - разъем
IСSP - разъема контакттарының міндеттері: 
1 - MISO – тізбектеліп программа құюға арналған;
2 - VTG - Жұмысшы кернеу +5V (Контроллерге ток беруге арналған. USB – дан немесе сыртқы ток көзіне жалғанғанда (5 разъем) бұл пин жалғанбайды);
3 - SCK - Такттық сигналдардың шығысы;

  1. MOSI - Тізбектелінген берілгендерді программалау шығысы,

5 - RESET – Қайта жүктеу;
6 - GROUND – Жерге қосылу.


  1. АRDUINO – ПРОГРАММАЛАУ БӨЛІГІ

Аrduino – да программалау тілі болып Си тілі қабылданған. Әр – түрлі құрылғылар үшін жазылған программаны скэтч деп атайды. Программалық ортаны іске қосқанда экранда панель пайда болады (3 сурет):

3 сурет – Arduino программалау ортасының панелінің жалпы түрі
Arduino программалау ортасының панелі бірнеше өңірден тұрады:

  1. Мәзір – дің көмегімен панелді редакциялауға болады;

  2. Аспаптар панел - інде бізге екі опция қажет болады: Компилятор және Жүктегіш;

  3. Текстік редактор – да скетчтердің кодын жазып редакциялаймыз;

  4. Консол - Компилятордың жұмысын экранға шығарады (4 сурет):



4 сурет – Arduino программалау ортасының панелі
Егер компиляция қатесіз аяқталса, КОНСОЛ - да 5 суретте көрсетілгендей мәлімет шығады. Компиляцияланған скетч PROTEUS – ке жүктеледі.

5 сурет – КОНСОЛ – да шығатын компиляцияланған скетчтің мәліметі

  1. PROTEUS ортасы – Аrduino - ның аппараттық симуляторы

Proteus – бұл автоматтандырылған жобалау жүйесі (АЖЖ) болып табылады. (орыс. САПР - Система автоматизированного проектирования).
Ол екі негізгі программаларды біріктіреді:
ISIS - электрондық сұлбаларды құрастыру мен реттеу үшін құрылған орта;
ARES - электронды тақтаны құрастыру ортасы.
Proteus – тің негізгі бөлімдері 6 суретте көрсетілген.



6 сурет – Proteus – тің жалпы түрі


  1. PROTEUS қалай жұмыс атқарады

Скэтчті компиляциялағаннан кейін КОНСОЛ - да hex – файл - ды іздеп тауып оны көшіріп аламыз (7 сурет):

7 сурет – hex - файлды көшіру

PROTEUS – ті ашып курсорды ARDUINO симуляторының үстіне қойып, тышқанның оң жақ батырмасын басамыз. Контексті мәзір пайда болады. Edit Propertiеs жолағына кіреміз (8 сурет):



8 сурет –PROTEUS – ті редакторлау
Осы контексті мәзірде Program File жолағында тұрған ескі файлды өшіріп, өзіміздің hex - файл – ды жазамыз. ОК батырмасын басамыз. ARDUINO симуляторын жұмысқа қосамыз (9 сурет):

9 сурет – ARDUINO симуляторының контексті мәзірі

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет