Ғылымды табиғат, қоғам және ойлау туралы жаңа білімдерді алуға бағытталған зерттеу ортасы ретінде қарастырайық



Дата06.02.2022
өлшемі16,23 Kb.
#81390
Байланысты:
Рысдаулетова А.Н.


  1. Ғылымды табиғат, қоғам және ойлау туралы жаңа білімдерді алуға бағытталған зерттеу ортасы ретінде қарастырайық.

Ғылым дегеніміз заттардың, құбылыстардың ішкі болмысын,
табиғатын ашып көрсететін, олардың даму заңдылықтарын, байланыстарын ашып, даралап тұжырымдайтын шынайы ақиқат, жүйеленген қисынға келтірілген білім және обьективті шындық .
Ғылым дегеніміз қоғамдық -тарихи практика дамуының белгілі бір сатысында пайда болатын айрықша әлеуметтік институт, адамның танымдық қызметінің ерекше формасы, адамзат мәдениетінің жоғарғы саласы.
Ғылым тарихи -заттық және рухани дүниенің обьективті заңдарын ашу және қарасырып отырған құбылыстарды, процестерді солардың негізінде түсіндіріп, жаңа бағыттар мен бағдарларын болжай білу құралы. Ғылымды математикаландыру, ғылым мен техниканың дамуында есептеу техникасымен информатиканы кеңінен қолдану, адам қызметінің көптеген саласына компьютерлік техниканың еркін енуі қазіргі ғылым ерекшеліктерінің бірі.

  1. Ғылыми зерттеудің мақсатына байланысты 3 түрге жіктеледі:

-Бастамалы;
-Қолданбалы;
-Өндірулер;
Бастамалы зерттеу табиғаттың жаңа заңдары мен принциптерінің пайда болуына негізделген.Қолданбалы зерттеулер табиғат заңдарының жаңа тәсілдерін анықтаумен және салаларды қолданысымен байланысты. Қолданбалы зерттеулер 3 түрге бөлінеді: іздеу, ғылыми зерттеу, жобалы құрастырушылық жұмыстар.Өндірулер жобалы құрастырушылық жұмыстар логикалық жобаны сипаттайтын құрастырулардың пайда болуын қадағалайды.

  1. Ғылым түрлерінің проблемасы –бұл ғылыми білім құрылымының проблемасы. Қазіргі жағдайын, белсенді дамуының тенденциясын дұрыс сипаттау үшін тарихи тұрғыдан қарастыру керек. Ғылыми зерттеулер мына түрге жіктеледі: қоғамдық өндіріске байланысты жағынан, мақсатына байланысты, зерттеу ұзақтығына байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет