Vi-ix ғасырдағы түркі әдебиет ескерткіштері



бет10/23
Дата21.05.2022
өлшемі302,5 Kb.
#144403
түріЛекция
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23
Байланысты:
ежелги лекция 2

Тарихи әлеуметтік жағдай
Қазақстан аймағын мекен еткен түрлі тайпалар мен тайпалық бірлестіктер мен тайпалық бірлестіктердің қоғамдық, экономикалық, және мәдени өмірінде елеулі өзгерісте болды. Негізінен мал шаруашылығымен айналысатын көшпелі және жартылай көшпелі халықтың едәуір бөлігі отырықшы ел болды.Қазақстанның оңтүстік фймақтарында суармалы егіншілік кең өріс ала бастады.Қалалар мен қолөнер өндірісі өркендей түсті.
Орта Азия мен Қазақстанның көп жерлерін араб басқыншылары VIII-IX ғасырларда жаулап алғаны мәлім. Арабтар жергілікті халықтардың мал мүлікін тонады,өздерін құлдыққа салды, қалалар мен елді мекендерді қиратты.Ғасырлық тарихы бар рухани қазынасын – тілін,жазуын, мәдениетін, әдебиетін, наным-сенімін, әдет-ғұрпын, салт-санасын жойып жіберуге тырысты.Зорлықпен елдің бәрін ислам дініне еңгізіп,араб тілін міндетті мемлекттік тілге айналдырды.Ежелгі түркі жазуларын қолдануға тыйм салды.
Бұған наразы болған халық арабтарға қарсы жер-жерде көтеріліс жасады.Дәл осы кезде феодал-ақсүйектер халықтың араб басқыншыларының қарсы азаттық күресін өз мүдделеріне пайдаланды.Олар араб халифатының билігін жойып, әкімшілік правасын өз қолдарына алды.Соның нәтижесінде Жетісу мен шығыс Түркістанда X ғасырдың орта шеңінде Қархан мемлекті пайда болды.
Қарқан әулетінің негізін салушы Сатұқ-Боғра-хан еді.Қарахан мемлектінің аймағы ұлғайып,Жетісу, Шығыс Түркістан, Шу,Талас,Сырдария,Мауреннахырдың едәуір бөлігін қамтыды.
Xiғасырдың бас кезінде Қазақстан аймағында Қыпшақ мемлекеті құрылды.Аймағы – шығысында Ертістен бастап, батысында Волгаға дейінгі ұлан ғайыр жерді алып жатты.Бірте-бірте онтүстік орыс далаларына барып,сол кезде половецтер деп атанып кетті
Ғылым мен мәдениет. Х-ХІІ ғ Орта Азия мен Қазақстан халықтарының мәдени өмірінде айтарлықтай жаналықтар болады. Қала тұрмысы өрлей түсті. Қолөнер кәсібі, зергерлік, сәулетшілік өнері т.б. едәуір дамыды. Қашқар, Қарнақ, Қойлық, екіоғыз, Ашнас, Баршынлыкент сияқты жаңа қалалар пайда болды.
Сол кездегі Қазақстан қалаларының ең ірісі Отырар мейлінше өрлеп тұрды. Жетсу өңірінің мәдени өмірінде кезінде ерекше роль атқарған қала Тараз еді. Бұл қалада және оның маңайындағы ондаған қоныстарда ғажайып архитектуралық ансамбльдер мен монументті ғимараттар салынды.
Құлан, Мерке, Аспара, Баласағұн сияқты көптеген ірі-ірі ғылым мен мәдениет ошақтары болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет