«Диуани лұғат ат-түрктің» әдеби мәні. Махмұд Қашғари сөздігінің әдеби мәні зор. Бұл кітапты белгілі бір мағынада «көне түркі әдебиет ескерткіштерінің қысқаша христоматиясы деуге болады.
«Диуани лұғат ат-түрікке» екі жүзден астам өлең, үш жүзге тарта мақал-мәтелдер, толып жатқан қанаты сөздер, көркем теңеулер, т.б. енген. Бұл жөнінде Махмұд Қашғари: «Мен бұл кітапты арнайы әліппе тәртібі бойынша парасатты-ғибарат сөздер, сажьдар, мақалдар, өлеңдер, ражас және наср (проза) деп аталатын әдеби үзінділер мен көркемдедім» - деп жазады.
«Диуани лұғат ат-түрікте» мысал ретінде келтірілген батырлық-ерлік күрес жырлары, сондай-ақ алып Ер Тарғыны жоқтап айтылған өлең жолдары бар. Бұл жырлар адамзаттың алғашқы қауымында пайда болған мазмұнына қарап-ақ аңғару мүмкін.
Алғашқы қауымда тіршілік еткен адамның ерекше назар аударған нәрсесі – табиғат құбылыстары болды. «Диуани лұғат ат-түріктегі» ауыз әдебиетінің үлгілері табиғат көрністерін бейнелейтін пейзаж лирикасымен жыл маусымының ауысуына арналған өлең-жырлар болып келеді. Бұл кітапта ауыз әдебиетінің ғажайып үлгілері ішінде аңшылық, еңбек тақырыбына арналған өлең-жырлар көп. Мұндай өлеңдерде тайпа мүшелерінің бірігіп аң аулауға шыққаны, егін салғаны, мал баққаны жырланады.
«Диуани лұғат ат-түрікте» тұрмыс-салт жырларынан келтірілген үзінді өлеңдер көбірек кездеседі. Халық өмірінің айнасы саналатын тұрмыс-салт жырлары – түркі тілдес халықтар фольклорының ең көне жанрларының бірі деуге болады. Бұл дастанда бұдан мың жылдай бұрын халық арасында кең таралған мақал-мәтелдер, афоризмдер жиі ұшырайды.
8– лекция. Жүсіп Баласағұни. «Құтадғу Біліг» (Құтты Білім)
Жүсіп Хас Хажиб Баласағұни – ХІ ғасырдың аса көрнекті ақыны, есімі күллі шығыс елдеріне мәшһүр болған данышпан-ойшылы, энциклопедист-ғалымы, белгілі қоғам қайраткері.
Жүсіп Баласағұни өз замандастарына және өзінен көп жылдар кейін өмір сүрген ұрпақтарға орта ғасырдың атақты ғалымы, дәлірек айтсақ, табиғаттану, риезиент, фәкият (астрономия), тарих, араб-парсы тіл білімі т.б. толып жатқан ғылым салаларын жете меңгерген ғұлама-ғалым ретінде жақсы мәлім болған.
Ақынның өмірі. Ж.Баласағұнидің өмірі туралы мәлімет мүлдем аз сақталған. «Құтадғу біліг» дастанынын авторы жөнінде бірен-саран деректер осы шығармаға бірі қара сөзбен, екіншісі өлеңмен жазылған алғы сөздерінде бар.
Ақын Ж..Баласағұни «Құтадғу білігі» дастанын хижра есебі бойынша 462 жылы, яғни жаңаша жыл санау есебі бойынша 1070 жылы жазып бітірген. Бұл жөнінде автордың өзі дастанда екі рет ескеріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |