Түрі: Кездесу, пікірталас. Қанатты сөздер



Дата04.11.2019
өлшемі46,48 Kb.
#51118
Байланысты:
заңсыздық және заңбұзүшылық

Іс-шара тақырыбы: Заңсыздық және заңбұзушылық.

Мақсаты: Студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру. Ата заңымызға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастырып, шыншыл да әділетті және парасатты тұлғаны қалыптастыру.

Түрі: Кездесу, пікірталас.

Қанатты сөздер:
“Тәртіпке бас иген құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды” Б. Момышұлы.
“Балам бол, басқа бол - бәріңе заң біреу - ақ”,
“Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ” (Ж. Баласағұн)
Куәсіз істі күмән табар,
Куәлі істі куә табар» (Халық мақалы)
«Бір қазаға екі жаза жоқ» (Халық мақалы)

1-жүргізуші:  Құрметті ұстаздар мен студенттер! Мемлекетіміздің ата Заңының 1 – бабында Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырылды. «Оның басты қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деген қастерлі сөзді кіргізген. Бүгінгі құқықтық мемлекет құрамыз деген заманда әрбір адам өз құқықтарын жете біліп, жалпы заң білімі саласынан мағлұмат алғаны дұрыс. Заңды аттамай, тура жолмен жүріп, еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына жетеді. Сондықтан заңды білу – заман талабы

2-жүргізуші:  «Біз әрбір адамның ар-намысын, жағымды қасиеттері мен беделін, жоғары адамгершілік, этикалық стандарттары және рухани құндылықтарын бағалайтын қоғам құруымыз керек» деп  Елбасы  Н. Ә. Назарбаев айтқандай  тәуелсіз еліміз Қазақстанды сүйетін патриот болу,  заңдылықтарды меңгерген  азамат болу біздің міндетіміз.

1-жүргізуші:    Біздің елімізде адам құқықтары Ата Заңымыз – Қазақстан Республикасының Конституциясында көрініс тапқан.   Ата заңның1 бабының1-тармағында»Қазақстан өзінің ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылатын демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орныктырады деген.  Адам құқығына үлкен үлестерін қосқан  өзіміздің ойшылдарымыз Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би және Абай адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаған.  Адам дүниеге келгеннен кейін оның өмірін, денсаулығын, тыныштығын біздің мемлекетіміздің Ата заңы қорғайды.

2-жүргізуші: Сенің құқығың» - баптарды еске түсірейік.

Біздің елімізде адам құқықтары Ата Заңымыз – Қазақстан Республикасының Конституциясында көрініс тапқан. Ол 9 бөлім, 98 баптан тұрады. Оның екінші бөлімінің 30 бабы құқыққа арналған.


1.2. «Сенің құқығың!»
14-бап
1. Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең.
2. Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкiмдi ешқандай кемсітуге болмайды.
15-бап
1. Әркiмнiң өмір сүруге құқығы бар.
2. Ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға хақысы жоқ. Өлім жазасы адамдардың қаза болуымен байланысты террористік қылмыстар жасағаны үшін, сондай-ақ соғыс уақытында ерекше ауыр қылмыстар жасағаны үшін ең ауыр жаза ретінде заңмен белгіленеді, ондай жазаға кесілген адамның кешірім жасау туралы өтініш ету хақы бар.
16-бап
1. Әркім өзiнiң жеке басының бостандығына құқығы бар.
2. Заңда көзделген реттерде ғана және тек қана соттың санкциясымен тұтқындауға және қамауда ұстауға болады, тұтқындалған адамға шағымдану құқығы берiледi. Соттың санкциясынсыз адамды жетпіс екі сағаттан аспайтын мерзімге ұстауға болады.
3. Ұсталған, тұтқындалған, қылмыс жасады деп айып тағылған әрбір адам сол ұсталған, тұтқындалған немесе айып тағылған кезден бастап адвокаттың (қорғаушының) көмегін пайдалануға құқылы.
17-бап
1. Адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды.
2. Ешкiмдi азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамдық қадiр-қасиетiн қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмайды.
19-бап
1. Әркім өзiнiң қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататынын өзі анықтауға және оны көрсету - көрсетпеуге хақылы.
2. Әркiмнiң ана тiлi мен төл мәдениетін пайдалануға, қарым - қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тiлiн еркін таңдап алуға құқығы бар.
22-бап  

1.Әркiмнiң ар - ождан бостандығына құқығы бар.


2. Ар-ождан бостандығы құқығын жүзеге асыру жалпы адамдық және азаматтық құқықтар мен мемлекет алдындағы міндеттерге байланысты болмауға немесе оларды шектемеуге тиіс.
25-бап
1. Тұрғын үйге қол сұғылмайды. Соттың шешiмiнсiз тұрғын үйден айыруға жол берiлмейдi. Тұрғын үйге басып кіруге, оны тексеруге және тінтуге заңмен белгіленген реттер мен тәртіп бойынша ғана жол берiледi.
2. Қазақстан Республикасында азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасалады. Заңда көрсетілген санаттағы мұқтаж азаматтарға тұрғын үй заңмен белгiленген нормаларға сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорларынан олардың шама-шарқы көтеретін ақыға берiледi.
1-жүргізуші:Студенттерді үш топқа бөлу:
1- топ «Ақиқат»,
2 - топ «Заңгерлер».
3 - топ «Болашақ»
2-жүргізуші:Әділқазылар алқасын тағайындау. Олай болса құрметті студенттер сіздердің құқықтық сауаттылықтарыңызды анықтау мақсатында топаралық сайысымызды бастайық.  Алдымен әділқазылар мүшелерімен танысып отырайық.
Сайыс жоспары:
Бүгінгі «Құқық  және заң»  сайысы 8 кезеңнен тұрады. Олай болса сайысымызды бастайық.
Визиткалық карточка (топ аты, топ ұранымен таныстыру)

1-сайыс   “Мен заңды қаншалықты жақсы білемін?”    Сұрақ-жауап сайысы.

2-сайыс «Тікелей сұрақ» әр топқа 10 сұрақтан
3-сайыс «Тапқырлық»
4-сайыс Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері.
5-сайыс «Жағдаяттық сұрақтар»
6-сайыс Пікірсайыс
7-сайыс «Мұны әрбір студент білуге тиіс»

8- сайыс Пікір-талас

1-жүргізуші:І бөлім. Визиткалық карточка (топ аты, топ ұранымен таныстыру)
1-жүргізуші:1-сайыс.   .“Мен заңды қаншалықты жақсы білемін?”    Сұрақ-жауап сайысы.

2-жүргізуші:Ақиқат тобының сұрақтары:

  1. Баланың қандай құқықтары мен міндеттерін білесіздер?

Жауабы:

— Өз ата-анасы білуге;     Отбасында өмір сүріп, тәрбиеленуге;    Өмір сүру құқығы;

— Тегін білім алуға;       Денсаулығын сақтауға;    Өз пікірін білдіруге;

— Сөз   ар-ождан бостандығына;   Өзін-өзі қорғауға және заңмен қорғалуға;

— Мамандық таңдауға;  Салымдар салып оны пайдалануға;  және т.б.

2.Қанша жастан бастап  қылмыстық жауапкершілікке тартылады?   (16 жас,ерекше ауыр қылмысқа 14 жастан тартылады) .

3. Қай жастан бастап жасөспірімдердің еңбекке араласуға құқығы бар?  (14 жастан, рұқсатпен).

1-жүргізуші: «Заңгерлер» тобының сұрақтары
1.Құқық дегеніміз не? (Мемлекет шығарған немесе бекіткен тәртіп ережелерінің жиынтығы). 2.БҰҰ-ның мақсаты не?  (Әлемде бейбітшілікті сақтау,адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау)

3.Заң бойынша бала деп кімді атайды?  (18 жасқа толмаған адам).



2-жүргізуші: «Болашақ» тобының сұрақтары
1. Патриотизм дегеніміз не?    (Отанға деген сүйіспеншілік, отанды сүю, құрметтеу қадірлеу)

2.Студенттің университет ішіндегі ішкі тәртібі қандай болу керек? (Университет ережесінде бекітілген тәртіпке, ережеге бағыну керек. Тәртіпті жүруге, білім алуға, оқытушыларды сыйлауға, сабақтан себепсіз қалмау, колледж мүліктерін бүлдірмеу және т.б.)

3.Адам құқықтары мен бостандықтары туралы Декларацияны қандай ұйым қабылдады?


(БҰҰ).

2 сайыс «Тікелей сұрақ» әр топқа 10 сұрақтан

1-жүргізуші: Ақиқат тобының сұрақтары:
1. «Конституция» сөзінің аудармасы қалай?
(Латынның «constitution» құрылым, өкілім);
2. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік биліктің бірден – бір бастауы. (халық)
3. Республика заңдары қай кезде күшіне енеді? (Президент қол қойғаннан кейін)
4. Республикадағы жоғарғы заң шығарушы орган.(Парламент)

5. Қазақстан Республикасында қабылданған қандай заңдарды білесіңдер?
(Бала құқығы, білім заңы, неке және отбасы
туралы заң т. б.)
2-жүргізуші: «Заңгерлер» тобының сұрақтары
1. «Құқық» дегеніміз не?
2. Қазақстан Республикасының Конституциясы қанша бөлімнен және қанша баптан тұрады?
3. Қ. Р - да билікті иемденіп кетуге кімнің құқы бар?
4. Қ. Р - да ресми түрде қолданылатын тіл?
5. Қ. Р өзін қандай мемлекет ретінде орнықтырады?
(демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік

1-жүргізуші: «Болашақ» тобының сұрақтары
1. «Демократия» грек тілінен аударғанда қандай мағына білдіреді?
3. Қ. Р - ның басқару нысаны қандай?
4. Халықпен мемлекет атынан билік жүргізуге кімнің құқығы бар?
5. Қ. Р азаматтары еңбек етуге міндетті ме? (міндетті емес)

2-жүргізуші:3-сайыс «Тапқырлық»
«Ақиқат» тобына:
Сұрақ: 36 - бап, 1 - тармақ.
Қазақстан, әрбір, азаматының, парызы, оның, және, Республикасын, қасиетті, міндеті, қорғау,
«Заңгерлер» тобына:
Сұрақ: 22 - бап, 1 - тармақ.
Құқығы, бостандығына, бар, ар - ождан, әркімнің.
«Болашақ» тобына:
Сұрақ: 14 - бап, 1 - тармақ.
Тең, алдында, мен, бәрі, заң, сот, жұрттың.
1-жүргізуші 4-сайыс Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері.
«Қазақстан Республикасының тәуелсіздік рәміздері»деп аталады. Әр топ парақша таңдау арқылы, тақтадағы суретке қысқаша анықтама береді.
Ақиқат тобына: (ту суреті)
Заңгерлер тобына: (елтаңба суреті)
Болашақ тобына: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны
1-жүргізушісі 5-сайыс «Жағдаяттық сұрақтар»

Сіздерге конвертпен сұрақтар беріледі , осы сұрақтарға  қандай ережеге байланысты қандай шаралар қолданылатындығы туралы айтып берсеңіздер.



«Ақиқат» тобына:
Мереке күндерінде 1 курс студенті  Абзал  түнгі  сағат  23-25 те  түнгі  клубта достарымен көңіл көтеріп жүрген еді. Осы кезде   құқық қорғау органының қызметкерлері баланың құжатын сұрап, ішкі істер бөліміне алып кетті.  Ішкі істер бөлімінің қызметкерлерінің осы іс-әрекеті дұрыс па?

Жауабы:  Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бқзушылық Кодексінің 442-бабына сәйкес  Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз  түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде  және сағат 22-ден 6-ға дейін  болғаны үшін ата-анасына  үшайлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 5946тг көлемінде айыппұл салынады.
«Заңгерлер» тобына:

Көрші дүкеннен 11 сынып оқушысын әкесі дүкеннен сыра әкелуге жұмсады. Дүкенші бала танитын болғандықтан оған сыраны сатты. Осы тұста әкесінің, баласының, дүкеншінің іс-әрекетіне түсіндірме беріңіз.



Жауабы:  Бұл жерде  әкесінің кәмелетке толмаған баланы алкоголь сусындарына жұмсауы дұрыс емес. Кәмелетке толмаған бала да өз құқығын біліп алкоголь сусынын сатып алуға бармауы керек еді.  Ал, дүкен иесі де көршіні қаншалықты таныса да оған кәмелетке толмағаны үшін алкогль сусынын сатпауы тиіс еді. Дүкен иесіне  Қазақстан Республикасының Әкімшілік Құқық Бұзушылық туралы Кодексінің   200 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танылады.   Алкоголь өнімдерін сату лицензиясының қолдану мерзімі 3 айға тоқтатылып,  22 690 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынады.

«Болашақ» тобына:
10 сынып оқушысы Азаматтың 2018жылдың ақпан айында кешкі 10-нан кейін беймезгіл жүргеніне, ішкі істер қызметкерлері  ата-анасына ескерту  берген болатын.  Сол жағдай мамыр айында қайталанып, ІІБ қызметкерлері тағы  да бөлімшеге алып кетті.  Баланың бұл іс-әрекетіне  ішкі істер бөлімінің қызметкерлері қандай шара қолданған болар еді?

Жауабы:  Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бқзушылық Кодексінің 442-бабына сәйкес  Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз  түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде  және сағат 22-ден 6-ға дейін  болғаны үшін және бір жылда екінші рет қайталағаны үшін  ата-анасына  бесайлық есептік көрсеткіш мөлшерінде    29730тг көлемінде айыппұл салынады.

6-сайыс Пікірсайыс Берілген бейне клипке байланысты сұрақтарға әр топ өз ой тұжырымдарын білдіру керек.
Тақырып: «Жастар және қылмыс»
Сессия кезіндегі студенттер. Осы кезде бейне фильм көрсетіледі, яғни соған сыбайлас жемқорлықтың пайдасы ма? әлде зияны ма? Деген сұрақ туындайды.
«Заңгерлер»тобына:
Жастарды қылмысқа итермелейтін не?
“Ақиқат”тобына:
Жастардың құқықтық норма бұзу шарттары қандай деп ойлайсыңдар?
«Болашақ»тобына:
Жастар арасындағы қылмысқа жол бермеу үшін не істеу керек?
7-сайыс «Мұны әрбір студент білуге тиіс»
Тақырып:
«Ақиқат» тобына: «Студенттердің құқықтары»
«Заңгерлер» тобына: «Студенттердің міндеттері»
«Болашақ» тобына: «Студенттердің жауапкершілігі.

8 сайыс Пікір-талас. Сіздердің ойларыңызша "Зорлық-зомбылық көрсеткені үшін тағайындалатын жаза әділетті жаза ма? Бүл сұраққа жауап табу үшін пікір-таластырып көрейік.Іс-шараға қатысушы 3-топтың қатысушылары осы сұрақтың маңайында өз пікірлерін ортаға салып айта кетсін .(5-минут ой жинақтауға)

ІV. Қорытынды Тәртіп пен заң біздің қалыпты тірлігіміз үшін қажет. “Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды” деген Б.Момышұлының сөзін естен шығармайық.

Университет бен жанұяда жақсы қасиеттерді бойға сіңіріп, тәрбиелі, мәдениетті, білімді адам болуға ұмтылуымыз керек. Құқықтық сауатсыздық, яғни өз құқы мен міндетін білмей, басқаның құқын сыйламаудың кесірінен көптеген келеңсіз жағдайларға кезігіп отырмыз. Осы орайда қылмыстың қоғамдағы зияны мен адам тағдырын адастыратын іс екенін әрқайсымыз жете түсінуге тиіспіз. Олай болса құқықтық тәрбие мен құқықтық мәдениетті санаға сіңіріп, өзімізді және қасымыздағы адамдардың жеке басын қадірлеп, құрметтейік.

Бүгінгі өткізілген "Заңсыздық және заңбұзушылық" атты іс-шарамызда өзіміздің құқықтық сауаттылығымызды арттыра түсіп, Ата Заңымызға деген сүйіспеншілікті одан әрі ұлғайта білдік деген ойдамыз. Ұлағатты ақын-жазушымыз Сұлтанмахмұт Торайғыров жырлағандай болашақта шалыс қадам баспай, өз өмірлерімізге жауап бере біліп,Ата Заңымызды құрметтейік!

Өмірің болсын десең сенің сәнді


Ойланып, айналаңа қара мәнді.
Адам бол! Білімі тасқан, өнері асқан
Өзіңе сүйсіндірер басқа жанды.
Салауатты мақсатың - өмір сүру,
Өмірдің мағынасын керек білу.
Ішімдік, нашақорлық сенің жауың
Пайдасы сол – бұл жолдан аулақ жүру.
 

Сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев


Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов

Гимн – мемлекеттің басты рәміздерінің бірі. Гректің «gimneo» сөзінен шыққан «гимн» термині «салтанатты ән» деген мағынаны білдіреді. Гимн ел азаматтарын тиімді әлеуметтік-саяси тұрғыдан топтастырып, этномәдени тұрғыдан теңдестіру үшін негізгі мәнге ие, маңызды дыбыстық рәміз саналады.

Тәуелсіз Қазақстанның тарихында еліміздің мемлекеттік гимні екі рет – 1992 және 2006 жылдары бекітілді.

Республика мемлекеттік егемендігін иеленгеннен кейін, 1992 жылы Қазақстан әнұранының музыкасы мен мәтініне байқау жарияланды. Байқау қорытындысы бойынша Қазақ КСР гимнінің музыкалық редакциясын сақтау туралы шешім қабылданды. Осылайша тәуелсіз Қазақстанның алғашқы гимінің музыкасының авторлары Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский және Латиф Хамиди болды. Сонымен қатар, үздік мәтінге жарияланған байқауда авторлар ұжымы, белгілі ақындар Мұзафар Әлімбаев, Қадыр Мырзалиев, Тұманбай Молдағалиев және Жадыра Дәрібаева жеңіп шықты.

Елдің дыбыстық рәмізінің танымалдығын арттыру мақсатында 2006 жылы жаңа мемлекеттік гимн қабылданды. Оның негізі ретінде халықтың арасында кеңінен танымал «Менің Қазақстаным» патриоттық әні таңдап алынды. Ол әнді Шәмші Қалдаяқов 1956 жылы Жұмекен Нәжімеденовтің сөзіне жазған болатын. Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев әнге мемлекеттік гимн жоғары мәртебесін беру және анағұрлым салтанатты шырқалуы үшін музыкалық туындының бастапқы мәтінін өңдеді. Қазақстан Парламенті 2006 жылы 6 қаңтарда палаталардың бірлескен отырысында «Мемлекеттік рәміздер туралы» Жарлыққа тиісті түзету енгізіп, еліміздің жаңа мемлекеттік гимнін бекітті.



Елтаңба – мемлекеттің басты рәміздерінің бірі. Елтаңба («герб») термині немістің «erbe» (мұра) деген сөзінен шыққан. Мемлекеттің мәдени және  тарихи дәстүрін бейнелейтін символдық мәні бар үйлесімді пішіндер мен заттардың мирастық ерекшелік белгісін білдіреді.

Қазіргі Қазақстан аумағын мекендеген қола дәуірінің көшпенділері кейін графикалық ұғымы «таңба» деп аталған ерекше символ-тотем арқылы өздерін танытқанына тарих куәлік етіп отыр. Алғаш рет бұл термин Түрік қағанаты тұсында қолданыла бастаған.

Егеменді Қазақстанның Елтаңбасы 1992 жылы ресми түрде қабылданды. Оның авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы дөңгелек нысанды. Бұл – Ұлы дала көшпенділері айрықша қастер тұтқан өмір мен мәңгіліктің символы.

Мемлекеттік елтаңбаның орталық геральдикалық элементі – көгілдір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) бейнесі. Шаңырақты айнала күн сәулесі секілді тараған уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағына аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – көлемді бес бұрышты жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Qazaqstan» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ  «Qazaqstan» деген жазу – алтын түстес.

Көк күмбезін еске салатын және Еуразия көшпенділерінің дәстүрлі мәдениетінде тіршіліктің негізгі бастауының бірі боп саналатын шаңырақ – киіз үйдің басты жүйе құраушы бөлігі. Республиканың Мемлекеттік елтаңбасындағы шаңырақ бейнесі – елімізді мекендейтін барлық халықтардың ортақ қонысының, біртұтас Отанының символы. Шаңырақтың мықтылығы мен беріктігі оның барлық уықтарының сенімділігіне байланыстылығы секілді, Қазақстанда бақытқа жету әрбір азаматтың аман-есендігіне байланысты.

Аңыздағы қанатты тұлпарлар Мемлекеттік елтаңбадағы өзекті геральдикалық элемент болып саналады. Бағзы замандағы тұлпар бейнесі батылдықты, сенімділікті және ерік күшін танытады. Пырақтың қанаты Қазақстанның көпұлтты халқының қуатты және гүлденген мемлекет құру туралы ғасырлар бойғы тілегін аңғартады. Олар – шынайы ой-арман мен ұдайы жетілуге және жасампаз дамуға ұмтылыстың көрінісі. Сонымен қатар, арғымақтың алтын қанаттары алтын масақты еске салады, қазақстандықтардың еңбексүйгіштігін және еліміздің материалдық игілігін танытады.

Өткен ғасырларда мүйіз көшпенділердің табынушылық ғұрыптарында, сонымен қатар, жауынгерлік тудың ұшына орнату үшін белсенді пайдаланылған. Көктің сыйын, жердің игілігін, жорықтың жеңісін  әртүрлі жануарлардың мүйізі арқылы бейнелеу көптеген халықтардың символдық композицияларында елеулі орын алды. Сондықтан молшылық әкелетін мүйізі бар қанатты тұлпар семантикалық және тарихи түп-тамыры терең маңызды типологиялық образ болып саналады. 

Республиканың Мемлекеттік елтаңбасындағы тағы бір деталь – бес бұрышты жұлдыз. Бұл символды адамзат ежелгі заманнан бері пайдаланып келеді, ол адамдардың ақиқат сәулесіне, барлық игі аңсарларға және мәңгілік құндылықтарға деген ұдайы ұмтылысын білдіреді. Мемлекеттік елтаңбада жұлдыздың бейнеленуі қазақстандықтардың әлемнің барлық халықтарымен ынтымақтастық пен серіктестік орнатуға ниетті ел болуға  деген талпынысын танытады. Қазақстан тұрғындарының жүрегі мен құшағы бес құрлықтың өкілдері үшін қашанда ашық.

Елтаңбада қолданылған негізгі түс – алтынның түсі. Бұл – байлықтың, әділдіктің және кеңпейілділіктің символы. Сонымен қатар, көгілдір аспан түстес тудың түсі алтынның түсімен үйлесім тауып, ашық аспан, бейбітшілік және бақуат тіршілік ұғымдарын танытып тұр.



Ту – мемлекеттің егемендік пен біртұтастықты білдіретін басты рәміздерінің бірі. «Флаг» термині «vlag» деген нидерланд сөзінен шыққан және белгіленген көлем мен түстегі, әдетте елтаңба немесе эмблема түрінде бейнеленген, діңгекке немесе бауға бекітілген мата ұғымын білдіреді. Ту ежелден елдің халқын біріктіру және оны белгілі бір мемлекеттік құрылымға сәйкестендіру міндетін атқарып келеді.  

Тәуелсіз Қазақстанның Мемлекеттік туы ресми түрде 1992 жылы қабылданды. Оның авторы – белгілі суретші Шәкен Ниязбеков.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында тік жолақ түрінде ұлттық өрнек нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы – 1:2

Геральдика дәстүрінде әрбір түс белгілі бір ұғымды танытады. Мәселен, аспандай көк түс адам бойындағы адалдық, тазалық, сенімділік, мінсіздік сияқты қасиеттерді білдіреді. Сонымен қатар, көк түс түркі мәдениетінде терең символдық мәнге ие. Ежелгі түркілер аспанды тәңір-атаға балаған, ал олардың көк туы арғы ата-бабаларға деген адалдықты бейнеледі. Қазақстанның Мемлекеттік туында ол ашық аспанды, бейбітшілікті, игілікті білдірсе, түстің біркелкілігі еліміздің тұтастығын меңзейді.

Геральдика қағидаттарына сәйкес, күн байлық пен молшылықты, өмірді және күш-қуатты бейнелейді. Сондықтан еліміздің туындағы күн шапағы дәулеттілік пен бақуаттылықтың символы – алтын масақ пішінінде берілген. Қазақстанның мемлекеттік атрибутикасында күннің бейнеленуі еліміздің жалпыадамзаттық құндылықтарды қастерлейтінін дәлелдейді және жас мемлекеттің жасампаздық күш-қуатын, серіктестік пен ынтымақтастық үшін әлемнің барлық еліне ашық екенін айғақтайды..  

Қыран (бүркіт) бейнесі – көптеген халықтардың елтаңбалары мен туларында ерте кезден бері қолданылып келе жатқан басты геральдикалық атрибуттардың бірі. Бұл бейне әдетте биліктің, қырағылық пен мәрттіктің символы ретінде қабылданады. Күн астында қалықтаған бүркіт мемлекеттің қуат-күшін, оның егемендігі мен тәуелсіздігін, биік мақсаттар мен жарқын болашаққа деген ұмтылысын танытады. Бүркіт бейнесі еуразиялық көшпенділердің дүниетанымында айрықша орын алады және олардың түсінігінде бостандық пен адалдық, өрлік пен ерлік, қуат пен ниет тазалығы тәрізді ұғымдармен ұштасып жатады. Алтын бүркіт кескіні жас егемен мемлекеттің әлемдік өркениет биігіне деген ұмылысын көрсетеді.

Мемлекеттік тудың сабының тұсына тігінен ұзына бойына кескінделген ұлттық өрнектер – оның маңызды элементі. Қазақ ою-өрнектері – дүниені көркемдік тұрғыдан қабылдаудың халықтың эстетикалық талғамына сай келетін ерекше бір түрі. Түрлі формалар мен желілер үйлесімін танытатын өрнектер халықтың ішкі әлемін ашып көрсететін мәнерлі көркемдік құрал болып саналады. Тудың сабын жағалай салынған ұлттық өрнектер Қазақстан халқының мәдениеті мен дәстүрін символдық тұрғыда бейнелейді.
3-сайыс«Тапқырлық»
«Ақиқат» тобына:
Сұрақ: 36 - бап, 1 - тармақ.
Қазақстан, әрбір, азаматының, парызы, оның, және, Республикасын, қасиетті, міндеті, қорғау,
«Заңгерлер» тобына:
Сұрақ: 22 - бап, 1 - тармақ.
Құқығы, бостандығына, бар, ар - ождан, әркімнің.
«Болашақ» тобына:
Сұрақ: 14 - бап, 1 - тармақ.
Тең, алдында, мен, бәрі, заң, сот, жұрттың.

5-сайыс «Жағдаяттық сұрақтар»

Сіздерге конвертпен сұрақтар беріледі , осы сұрақтарға  қандай ережеге байланысты қандай шаралар қолданылатындығы туралы айтып берсеңіздер.



«Ақиқат» тобына:
Мереке күндерінде 1 курс студенті  Абзал  түнгі  сағат  23-25 те  түнгі  клубта достарымен көңіл көтеріп жүрген еді. Осы кезде   құқық қорғау органының қызметкерлері баланың құжатын сұрап, ішкі істер бөліміне алып кетті.  Ішкі істер бөлімінің қызметкерлерінің осы іс-әрекеті дұрыс па?
«Заңгерлер» тобына:

Көрші дүкеннен 11 сынып оқушысын әкесі дүкеннен сыра әкелуге жұмсады. Дүкенші бала танитын болғандықтан оған сыраны сатты. Осы тұста әкесінің, баласының, дүкеншінің іс-әрекетіне түсіндірме беріңіз.



«Болашақ» тобына:
10 сынып оқушысы Азаматтың 2018жылдың ақпан айында кешкі 10-нан кейін беймезгіл жүргеніне, ішкі істер қызметкерлері  ата-анасына ескерту  берген болатын.  Сол жағдай мамыр айында қайталанып, ІІБ қызметкерлері тағы  да бөлімшеге алып кетті.  Баланың бұл іс-әрекетіне  ішкі істер бөлімінің қызметкерлері қандай шара қолданған болар еді?

Қанатты сөздер:
“Тәртіпке бас иген құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды”

Б. Момышұлы.
“Балам бол, басқа бол - бәріңе заң біреу - ақ”,
Куәсіз істі күмән табар,
Куәлі істі куә табар» (Халық мақалы)

«Бір қазаға екі жаза жоқ» (Халық мақалы)


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет