Пікірсайыс, ойын, тренинг технологиясы 15-апта осөж физиканы оқытудағы иновациялық технологиялар пікірсайыс дегеніміз не? Пікірсайыс



бет1/6
Дата26.05.2022
өлшемі1,25 Mb.
#145075
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
15 апта ОСӨЖ Инов тех


ПІКІРСАЙЫС, ОЙЫН, ТРЕНИНГ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
15-апта ОСӨЖ
ФИЗИКАНЫ ОҚЫТУДАҒЫ ИНОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР
ПІКІРСАЙЫС
ПІКІРСАЙЫС ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Пікірсайыс — ұжымдағы әр түрлі көзқарастың, ой-пікірдің ортаға салынып, көпшіліктің талқысына түсуі
Пікірсайыстыру жиын, топ алдында екі адамның немесе екі топтың өзара пікір таластыруы
Пікірсайыста қате көзқарасты әділ сынап жеңу көзделеді
Пікірсайыс тақырыбы алуан түрлі болуы мүмкін. Мысалы, саясат, мәдениет, тіл, құқық қорғау, өнер салыстыру және т.б
Пікірсайыс түрлері: жиналыс, конференция, пікірталас және т.б
Пікірсайыс (дебат) – бұл негізгі ережелері бойынша жүргізілетін дисскусияның негізгі формасын ұсынатын интеллектуалды, ұтымды ой, үздік образ, шешендік сөздер тудыратын, ораторлық қабілет пен ойлау жүйесін дамытатын дарындылар ойыны, тұжырымды ой түйісетін, салиқалы пікір айтылатын жиын. Пікірсайыстарда жетістіктерге жету үшін өзіндік көзқарас, мықты мінез, өз ұстанымын дәлелді түрде қорғай білуге жетелейтін ұмтылыс маңызды болып табылады
Пікірсайыс немесе дебат грек тілінен «оқимын», ал француз тілінен «талқылау» деген мағынаны білдіреді. Дебат – аргумент арқылы жеңу. Онда қарсы тараптар қоғамды өз сөзіне сендіруі керек. Пікірсайыста маңыздысы – аргумент, бірақ әр түрлі риторикалық әдістер, аудиториямен жұмыс жасау қабілеті ескеріледі. Ол – шешендік өнердің бір түрі, риториканың бір бөлігі. Демократиялы елдерде президент сайлауы пікірсайыс арқылы өтеді.
ПІКІРСАЙЫС ТАРИХЫ
  • Пікірсайыс тарихы ежелгі Грекиядан бастау алады. Афина азаматтары әртүрлі заңдардың артықшылығы мен кемшілігі туралы пікір таластырды. Мұндай даулы мәселені жан-жақты талдауға мүмкіндік берді
  • Ежелгі Римде риторика деп аталатын мектептер болды, онда шешендік өнер оқытылды. Риторикалық мектептер беделді болды, ал риторика мектебінің мұғалімдері ең көп жалақы алатын болды
  • Көпшілік алдында сөйлеу курстары мен пікірталастар орта ғасырларда Еуропада кең таралған. Бұл дәстүр кейінірек Ресейдің білім беру жүйесінде дамыды
  • 1999 жылы «Пікірсайыс» Халықаралық білім беру қауымдастығы (IDEA) тіркелді. Оған әлемнің 26 мемлекеті кірді
  • Жыл сайын халықаралық деңгейдегі жарыстар өткізіліп тұрады, оған 5 құрлықтан ондаған елдердің клубтары қатысады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет