ТРЕНИНГТІ ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ Әрбір қатысушы өзінің күтетінін айтып (жазып) болғаннан кейін, тренер-оқытушы оған тренингті өткізу тәртібін хабарлайды. Бұл аталған тренинг-семинардың қаншаға созылатынына, онда қанша сабақ болатынына байланыссыз жасалады. Қатысушылардың сұрақтары бар ма, соны міндетті түрде анықтау керек.
Топтардың жұмыс ережелерін («келісімдерін») қабылдауы Тренинг-сабағының басынан бастап қатысушылар өз оқуының жауапкершілігін сезінуі, тиісті жұмыс атмосферасын құруы, өзара сыйластық пен сенімге кіруі, сондай-ақ материалды меңгеру тиімділігін арттыруы үшін сабаққа мінез-құлық ережесін – тренинг немесе «келісім» қабылдау ұсынылады.
«Келісім» пункттерін парақ қағазға немесе тақтаға жазу қажет. Әрбір пунктті бірігіп талқылағаннан кейін, көпшілік дауыспен қабылданады және көрнекті орынға ілінеді. Тренинигке қатысушылардың назарын дауыс берілгеннен кейін олардың әрқайсысы аталған «келісімнің» орындалуы үшін жауап беретіндігіне аудару қажет.
«КЕЛІСІМНІҢ» ҮЛГІСІ: - кешікпейміз;
- білуге және көбірек есте сақтауға тырысамыз;
- «қол көтеру» ережесін қадағалаймыз;
- ашық айтамыз;
- бір-бірлеп сөйлейміз;
- мәселенің мәні бойынша сөйлейміз;
- бір-бірімізді тыңдаймыз;
- бір-бірімізді ұғынуға тырысамыз;
- өзгелердің сезімін сыйлаймыз;
- құпиялылықты қадағалаймыз;
- уақытша шекараны қадағалаймыз;
- бір-бірімізге сый көрсетеміз (сөзбен, шапалақпен) және т.б.
ТОПТАРДЫҢ ХАБАРЛАНДЫРЫЛУ ДЕҢГЕЙІНІҢ БАҒАСЫ Оқытушылардың (тренерлердің) алдында тұрған міндеттердің бірі тренингке қатысушылардың хабарландырылу деңгейін бағалау болып табылады. Осы мақсат үшін тренинг тақырыбы жөнінде сұрақтары бар сұрақнамалар немесе сауалнамалар пайдаланылады. Сауалнамалар барлық тренинг өтіп болғанша сақталады, содан кейін оқушылардың білім деңгейі тағы бір рет бағаланылады. Нәтижелерін салыстыра отырып, қатысушылардың білімдері мен машықтарында қандай өзгеріс бар екенін білу қызық болады. Оның үстіне, тренингтің тиімділігін бағалауға болады.
ОҚЫТУ Оқытушы-тренер психологиялық-педагогикалық білімді меңгеруі және оларды оқу процесінде іскерлікпен қабылдап алу әдістерін меңгеру қажет, ақпараттарды қатысушылардың жинақтауы және ұсынуы, олардың мінез-құлық қатынастарына ықпал ету керек. Оқытушы-тренер оқудың мақсаттары мен міндеттерін, әдістері мен тәсілдерін, ақпараттардың қайнарларын, алдын алу, білім беру бағдарламаларын білулері тиіс.