Пікірсайыс, ойын, тренинг технологиясы 15-апта осөж физиканы оқытудағы иновациялық технологиялар пікірсайыс дегеніміз не? Пікірсайыс



бет5/6
Дата26.05.2022
өлшемі1,25 Mb.
#145075
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
15 апта ОСӨЖ Инов тех
семинар 2
Тренинг топтарының түрлері

КІРІСПЕ
Бұл кезең кез-келген қолайлы нысанда өткізілуі мүмкін, бірақ ол келесі жұмыстың сарынына бағыт береді. Сондықтан бұл кезеңде тренер демократиялық, дем беруші атмосфера жасауы тиіс. Егер тренер-педагог өзінің күтетіні туралы және алда тұрған жұмысқа қатысты ережелер туралы айтса, ол дұрыс. Қатысушыларды жұмысқа кіріспе сөздің, мультимедиалық таныстырудың және т. б. көмегімен «кіргізуге» болады.
ТАНЫСТЫРУ
Таныстыру кез-келген тренингтің бірінші сабағының қажетті процедурасы болып есептеледі. Таныстыру топтарды жандандыруға, оларға қатысушыларды оқу процесіне тартуға, қарым-қатынас жасау машығын өрістетуге мүмкіндік береді. Таныстыру қатысушылар бірін-бірі білетін жағдайда да жүргізіледі. Таныстыруға: «Сұхбат», «Мені таны», «Визит картасымен алмасу» ойындарын өткізуге болады.
ТРЕНИНГТІ ӨТКІЗУ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН КЕЗЕҢДЕРІ ҚАНДАЙ?
1. Тренер (оқытушы) ең алдымен қатысушыларға міндетті түрде тренингтің тақырыбын хабарлауы тиіс.
2. Содан кейін қатысушылар тренингтің мақсаттарымен және тапсырмаларымен таныстырылады. Егер тренингтің мақсаттары және тапсырмалары жазылып, көрінетін жерге ілініп қойылса, онда жақсы.
3. Тренингті өткізуге қажетті материалдар мен жабдықтар алдын ала дайындалады. Оны дайындауға тренингке қатысушыларды тартуға болады.
ҚАТЫСУШЫЛАРДЫ КҮТУ
Бұл кезеңге семинар-тренингтен олар «айналым бойынша» кезекпен жауап беретін сұрақтардың көмегімен қатысушыларды күту ұғымы жатқызылады. Мысалы: «Бұл семинардан сіздер нені білуді/алуды қалайсыздар?» Алдын ала ватманға «күту ағашын» салуға болады. Әрбір қатысушыдан семинар-тренингтен жапсырылатын түрлі-түсті парақтарға (стикерлерге) және олар нені күтуге болатынын сұрап жазу және өзінің парағын күту ағашына жапсыру. Содан кейін осы барлық күтуді дауыстап оқу. Тағы бір нұсқасы, бұл, әрбір оқушы шығып өзінің күтетінін флипчартқа жазу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет