Оқу кейсі
Қазақстан – заманауи әлем мойындаған ел
Жоспар
1.Әлемдік қауымдастықтың Қазақстанның тәуелсіздігін тануы.
2.Қазақстан мемлекетінің БҰҰ - на қабылдануы.
4.Қазақстанның сыртқы саясатының қалыптасуы.
5.Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясатының көпбағыттылығы.
3.Қазақстан Республикасының бітімгерлік миссиясы.
6.Қазақстан саясатындағы Халықаралық ұйымдар ықпалы.
Әлемдік қауымдастықтың Қазақстанның тәуелсіздігін тануы
1991 жылдан бастап сыртқы саясат пен халықаралық қатынастар саласында көптеген шаралар іске асырылды. Қазақстан өзінің барлық көршілерімен, негізгі әріптес мемлекеттерімен байыпты және болжауға болатындай байсалды қарым-қатынастар орнатты. Сыртқы саясаттың негізгі діңгегі – көпвекторлық жол, яғни көп бағыттылық. Ол – еліміздің геосаяси жағынан орналасуына байланысты өмірдің өзі талап етіп отырған қалыпты жағдай. Өткен уақыт ішінде Қазақстан Республикасын дүние жүзінің 180-нен астам мемлекеті таныды. Қазақстан 120-дан астам елмен дипломатиялық қатынастар орнатты. Шет елдерде 40-тан астам дипломатиялық және консулдық өкілдіктер ашылды.
Сұрақ: Сыртқы саясаттың негізгі діңгегі неде деп ойлайсыз?
Жауап:
Сұрақ: Мемлекетімізді өткен дәуірлер бойында әлемнің қанша мемлекеті таныды?
Жауап:
Сұрақ: Қазақстан Республикасы қанша елдермен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты?
Жауап:
Сұрақ: Шет мемлекеттерде қанша дипломатиялық және консулдық өкілдіктер ашылды?
Жауап:
Сұрақ: Көп векторлық жол дегеніміз не?
Жауап:
Сұрақ: Көпбағыттылық дегеніміз не?
Жауап:
Сұрақ: Қазақстан көрші елдермен, өзінің негізгі әріптестерімен қарым-қатынаста қандай ұстанымдарды негізге алды?
Жауап:
Сұрақ: Еліміздегі геосаяси жағдайларға талдау жасаңыз.
Жауап:
Сұрақ: Еліміздің сыртқы саясатының негізгі басымдықтары қандай деп ойлайсыз?
Жауап:
Сұрақ: Ішкі саясаттың негізгі бағыттары қандай?
Жауап:
Практикалық тапсырма кейсі
Тақырып: Әлемдік қауымдастықтың Қазақстанның тәуелсіздігін тануы.
Мақсаты: Тәуелсіз Қазақстан стратегиясының қалыптасу кезеңіне талдау жасау.
• Біз жалпы ішкі өнімді екі есе ұлғайтып, бірлесіп тағы да бір Қазақстан орнататындай межеге жақындадық. Біз ойдағыдай жұмыс істеп жатқан нарық экономикасын құрдық. Біздің өміріміз жақсара бастады.
• Біз тарихымызда тұңғыш рет Шығыс Азия мемлекеттерінің тәжірибесін және өзіміздің көпұлтты әрі көп дінді қоғамымыздың ерекшелігін ескеріп, Батыс демократиясының қағидаттарына сай келетін тәуелсіз мемлекетімізді орнаттық.
• Біз Қазақстанды Орталық Азияның көшбасшысына, халықаралық құрметті әріптеске, халықаралық лаңкестікке, есірткінің жайылуы мен ядролық қарудың таралуына қарсы белсене күресетін мемлекетке айналдырдық.
Біздің өмірімізді түбегейлі өзгертіп, Қазақстан тәуелсіздікке ие болған өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарының тарихқа озғанына да көп уақыт өте қойған жоқ. Сана мен сезімнің шиеленісі мен ширығуы жағынан бұл ерекше жылдар болды. Бұл біздің мемлекетіміздің алдағы жүрер жолын айқындайтын аса маңызды шешімдер қабылданған жылдар болды, сол кезде қабылданған бір ғана бұрыс шешім еліміздің жүрер жолының бағыт-бағдарын елеулі өзгеріске ұшыратуы әбден ықтимал еді.
Біздің мақтан тұтарлық істеріміз жеткілікті.Біз неден бастадық, жол басында қолымызда не болды, сол кездегі біздің нақты мүмкіндіктеріміз қандай еді?
Әлеуметтік-экономикалық және саяси ахуал шын мәнінде сын көтермес күйде еді. Қазақстанның экономикалық және саяси мүмкіндіктері сырттан осылай бағаланды: экономикасы әлжуаз, қазынасы бос, саяси жүйесі балаң, Кеңестер Одағы заманының Конституциясы бойынша өмір сүріп жатқан, одан бар болғаны белгілі бір әскери әлеует қана еншілеген ел саналдық.
Былайғы дүние бізді көзге де ілген жоқ, әлемдік қоғамдастықты біздің ядролық қару-жарағымыз ғана алаңдатты.
Енді 20-25 жылдан кейін мемлекеттік басқарушылардың жаңа ұрпағы «Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму Стратегиясының» қорытындысын шығарып, біздің әуел бастағы әлеуетімізді және өзгерістердің нәтижесін елеп-екшер болса: «Шынымен, солай болды ма екен», деп таң-тамаша қалары анық.
Сонда олардың бізге қызыға қарарына көзім әбден жетеді. Біздің батылдығымызға, жігерімізге, қабілетімізге, сайып келгенде, еркіндігімізге қайран қалары анық. Өйткені бүгінгі күні біз жасаған дүниені рухы күшті жандар ғана жасай алатын еді.
Біз алдымызға анық та айқын мақсат қойдық: біз жақсы өмір сүргіміз келді, біз еркіндікке ұмтылдық, біз бәрінен де бұрын балаларымыз бен немерелеріміздің лайықты өмір сүруін қаладық. Бұған сіздер мен біздер өз ғұмырымыздың біраз жылдарын арнадық. Еңбегіміз еш кеткен жоқ, біз бүгінгідей биікке көтерілдік.
Өзіміздің төл теңгеміз айналысқа енген, экономикалық тәуелсіздігіміз аныққа шыққан 10 жыл кезеңді алайықшы. Бұл 10 жыл - елімізді тұрақты еткен, экономикамызды өркендеткен төл Конституциямыздың да мүшелді мерекесі.
Экономиканы түпкілікті реформалауға бағыт ұстап, біз қысқа мерзімнің ішінде нарықтық реформаларды жүргізе білдік, тиісті заңнамамызды жасауға қол жеткіздік. Бүгінгі таңда Қазақстанда нақтылы жұмыс істеп тұрған нарықтық экономика бар.
Практикалық тапсырма кейсі
Тақырып: Қазақстан мемлекетінің БҰҰ - на қабылдануы
Мақсаты: Тәуелсіз Қазақстан стратегиясының қалыптасу кезеңіне талдау жасау.
Қазақстан 1992 жылдың 2 наурызында БҰҰ мүшесі болды, ал сол жылдың 15 маусымында Президент Жарлығымен Қазақстан Республикасының БҰҰ жанындағы тұрақты Өкілдігі құрылды. Қазақстан БҰҰ мүшесі болған 168-ші мемлекет. Қазіргі таңда ұйымның құрамынада 193 мемлекеттің бар екені белгілі. БҰҰ-мен және оның жүйесіндегі ұйымдармен ынтымақтастық жүргізу біздің мемлекетіміздің сыртқы саясатының басым бағыттарының біріне айналды.
Тапсырмалар:
Сұрақ: Қазақстан қай жылы БҰҰ мүшелігін қабылдады?
Жауап:
Сұрақ: Қазақстан көпұлтты және көпдінді мемлекет санатына жата ма?
Жауап:
Сұрақ: Қазақстан Республикасының БҰҰ жанындағы тұрақты Өкілдігі қай жылы құрылды?
Жауап:
Сұрақ: БҰҰ-на қанша мемлекет мүше болып табылады?
Жауап:
Практикалық тапсырма кейсі
Тақырып: Қазақстанның сыртқы саясатының қалыптасуы
Мақсаты: Тәуелсіз Қазақстан стратегиясының қалыптасу кезеңіне талдау жасау.
Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты белсенділігімен, тепе-теңдік сақтауға ұмтылысымен, прагматизмдігімен, сындарлы сұхбат
жүргізуге талпынысымен және көпжақты ынтымақтастыққа
бағытталғандығымен ерекшеленеді. Халықаралық аренада
мемлекетіміз өзінің тарихи, геосаясаттық және экономикалық
факторларына байланысты көп ғасырлар бойы сыртқы саясатын
халықаралық ынтымақтастық, көршілес мемлекеттермен татуластық
және олардың аймактық біртұтастығын кұрметтеу принципіне негіздеп
жүргізіп келеді. Қазақстанның өзге мемлекеттермен тең құқылы және
екі жаққа да тиімді қарым-қатынас құруға дайындығы оның бүгінгі
күні дипломатиялық байланыс орнатқан шет мемлекеттердің санының
көптігімен дәлелденіп отыр. 1991 жылы тәуелсіздік алған сәттен бастап біздің республика әлемнің 130 мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. Көптеген себептерге байланысты Орталық Азия м
ен Қазақстан аймағы әлем саясатында қазіргі кезде ерекше назарға ие.
Қазақстан екпінді даму қарқынының арқасында ipi трансұлттық корпорациялардың, өзге мемлекеттердің үлкен қызығушылығына ие. Бұл түсінікті де, Қазақстан Орталық Азиядағы географиялық сипаты бойынша ең ipi мемлекет болып табылады, оған қоса экономикалық даму қарқыны бойынша біздің мемлекет аймактағы көшбасшы. Осы ретте еліміздің болашақта даму мүмкіндіктерінің мол екендігін ескере кету керек. Бүгінгі күні қазақстандық сыртқы саясат басымдылығы ең алдымен Ресей, Қытай, АҚШ, ЕО, Орталық Азия аймағындағы көршілес мемлекеттермен, ислам әлемімен тең құқылы қарым-қатынас құруга бағытталып отыр. Бұл тұрғыда 2006-2007 жылдары аталмыш мемлекеттермен және аймақтармен ей жакты байланыс едәір алға басты. Ел мүддeciнe қатысты бірталай маңызды құжатқа қол қойылған мемлекет басшылығының Вашингтон, Мәскеу, Брюссель, Лондон, Пекин, Каир, Тегеран, Ташкент, Бішкек және тағы да басқа мемлекеттердің астаналарына ресми сапарларының қорытындылары да осыны айғақтай түсуде. Осылайша мeмлeкeтiмiздiң әлемнің жетекшi державалары мен көршілес ТМД мемлекеттepi арасындағы стратегиялық серіктестігі жаңа деңгейге көтерілді деуге болады.
1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіздік туралы Декларация жариялады, сөйтіп дүниежүзілік қоғамдастыққа енуге мүмкіндік алды. 1992 жылы қаңтардан 9 шет мемлекетпен дипломатиялық қатынас орнатты.
Тәуелсіз Қазақстанды әлем мемлекеттерінің арасында бірінші болып бауырлас Түрік Республикасы таныды. 1992 жылдың ортасына қарай республика тәуелсіздігін жер шарының 30-дан астам елі мойындады: АҚШ, Қытай, Иран, Пакистан, Канада, Швейцария т.б.
1999 жылдың басына қарай дүние жүзінің 150 мемлекеті танып, 106 мемлекетпен дипломатиялық қатынас орнатылды. Қазіргі Қазақстан шет елдерде 30-дан астам диплоамтиялық және консулдық өкілдіктер ашты. Алматы мен Астанада 50-ден астам шетелдік елшілік және халықаралық, ұлтаралық ұйымдардың 16 өкілдігі жұмыс істейді. Республикамыздың сыртқы саясат ведомствосы ұлттық мүддемен жалпы адамзаттық мүдделерді үйлестіріп жүргізетін дипломатиялық саясатқа кірісті.
Тапсырмалар:
Сұрақ: Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі туралы Декларация қашан қабылданды?
Жауап:
Сұрақ: Тәуелсіз Қазақстанды әлем мемлекеттері ішінде бірінші болып кім таныды?
Жауап:
Сұрақ: 1992 жылдың ортасына қарай республика тәуелсіздігін жер шарының қанша елі мойындады?
Жауап:
Сұрақ: Алғашқы болып республикамызды тәуелсіз ел ретінде танығандар арасында қандай мемлекеттер бар еді?
Жауап:
Сұрақ: 1999 жылдың басына қарай дүние жүзінің 150 мемлекеті танып, 106 мемлекетпен дипломатиялық қатынас орнатылды. Қазіргі Қазақстан шет елдерде қанша диплоамтиялық және консулдық өкілдіктер ашты?
Жауап:
Сұрақ: Алматы мен Астанада қанша шетелдік елшілік және халықаралық, ұлтаралық ұйымдардың өкілдігі жұмыс істейді?
Жауап:
Практикалық тапсырма кейсі
Тақырып: Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясатының көпбағыттылығы
Мақсаты: Тәуелсіз Қазақстан стратегиясының қалыптасу кезеңіне талдау жасау.
Қазақ елі өз тәуелсіздігін жария еткен 1991 жылғы 16 желтоқсаннан бастап демократиялық даму жолын таңдайтындығын жалпы әлемге жария етіп, еліміздің өзіндік сыртқы саясатын қалыптастыра бастады. Еуразия кеңістігінде алып аумақты алып жатқан еліміз сыртқы саяси басымдықтарын айқындауда, орналасқан аумағының географиялық саяси (геосаяси) жағдайынан шыға отырып көпвекторлы бағыт ұстанды. Ол турасында дипломат, қоғам қайраткері Қ.Тоқаев: «1991 жылғы желтоқсан – 1993 жыл аралығында Қазақстанның көпвекторлы дипломатиясы қалыптасты», деп атап өткен-ді. Әлемдік саяси теорияда көпвекторлы сыртқы саясат демократиялық мемлекеттерге тән. Демократиялық мемлекеттің сыртқы саясаты өзге елдердің ішкі ісіне араласпау, олардың территориялық біртұтастығын құрметтеу, өзге елдермен тең дәрежелі қарым-қатынастарға түсу, өз ұстанымдарын өзге елдерге таңбау, өзге елдердің саяси тәртібі мен экономикалық жүйесін және этникалық, діни құндылықтарын құрметтеу ұстанымдарына негізделетіні көпшілікке мәлім. Өзінің сыртқы саясатында осы ұстанымдарды басшылыққа алған кез келген мемлекет әлемдегі барлық елдермен, оларда үстемдік құрып отырған билік тәртібіне қарамастан, тату-тәтті қарым-қатынас орнатады. Ал бұл – әлемдегі тепе-теңдікті сақтаудағы басты талап. ХХІ ғасырдағы әлемдік халықаралық қатынастар өзінің әр алуандығымен ерекшеленді.
Жеңісі мен жеңілісі қатар жүрген, бабаларымыздың түн ұйқысын төрт бөлген тар жол тайғақ кешу жылдарының нақты нәтижесі – өз ұлттық бірлігін, аумақтық тұтастығын жоғалтпай, 1991 жылы әлемдік қоғамдастыққа енген бүгінгі Тәуелсіз Қазақстан Республикасы. Қазіргі таңда да Қазақ елі ХХІ ғасырдағы әлем саясатының тегеурінді жетекшілері – екі алып империяның және үш әлемдік діни өркениеттің – мұсылман, христиан және буддизм қиылысында өз дара жолын табуда. Қос алып көршілеріміздің кей жағдайда бір-біріне қайшы келетін өз ұлттық мүдделері болса, әлемдік діни өркениеттердің географиялық кеңістікте таралуы мүддесі Қазақстан аумағы арқылы өтеді.
Бүгінгі таңда ел болашағынан туындайтын Қазақ елінің көпвекторлы сыртқы саясатының үш мызғымас мығым тұғыры бар. Бірінші – әлем елдерімен және халықаралық ұйымдармен екіжақты және көпжақты халықаралық саяси қатынастар. 1992 жылы 5 қазанда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев алғаш рет Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 46-сессиясында сөз сөйлеп, еліміздің бейбітсүйгіш мемлекет ретінде БҰҰ Жарғысымен толық келісетінін баса атап көрсетті. Оның дәлелі ретінде Қазақстан жойқын қиратушы күшке ие ядролық қарудан өз еркімен бас тартты. Бұл халықаралық қатынастарда теңдесі жоқ қадам ретінде әлем елдерінің алдында Отанымыздың мәртебесін асқақтатты. Қазақстанның сыртқы саясаты тәуелсіздік жылдары әлемдік деңгейде тереңдеуде. 2010 жылы елiмiздiң батыс жартышарындағы жетекші халықаралық ұйым – ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуi, Астанада осы ұйымның жетiншi Саммитiн өткiзуi, 2011 жылы шығыс жартышарындағы сол дәрежедегі Ислам Ынтымақтастығы Ұйымына төрағалық етуi – еліміздің күллі әлемді түгел қамтыған көпвекторлы сыртқы саясатының жемiсi. Екінші – әлем елдерімен әртарапты экономикалық байланыстар. Елбасы Н.Назарбаевтың: «Қазір үлкен мемлекеттердің мүдделері Қазақстанда түйісіп отыр. Біріншіден, біздің энергетикалық ресурстарымыз үшін түйісіп отыр. Оған Америка, Ресей, Қытай, Еуропа және басқалары мүдделілік танытуда. Ал біз мұнда тек Қазақстанның мүддесін көздейміз», деуі ел мүддесін танытары даусыз. Қазіргі жаһандану үрдісі заманында қандай экономикалық тәуелсіздікке ұмтыламыз деген мәселе – еліміздің көпвекторлы сыртқы саясатының басым бағыты. Міне, сондықтан да Қазақстан әлемнің шикізаттық шеткі аймағы болып қалмас үшін, дүниежүзінің жоғары технологиялы елдерімен әртарапты экономикалық байланыстарын күн санап нығайтуда. Әлемдік дамыған экономикалық жүйелермен әртарапты қатынастардың басты саласы ретінде мұнай өндіру және мұнай экспорты маңызды. Қазақстан ТМД елдері ішінде мұнай қоры бойынша Ресейден кейінгі екінші орында. Болашақта мұнай өндірісінің ұлғаюы болжамдарын ескере отырып, мұнай тасымалдау инфрақұрылымын дамыту мәселесі аса маңызды және жаңа экспорттық жүйелерді ұйымдастыру кезек күттірмейтін мәселелердің алдыңғы қатарында әрі бұл көпвекторлы сыртқы саясатымыздың экономикалық тірегі екендігі даусыз.
Қазақстан сыртқы саясатында басты үш мәселеге ерекше назар
аударады:
1.ТМД, Азия, Европа елдері, АҚШ, Тынық мұхит, Таяу Шығыс
аймағы елдерімен халықаралық байланысты өркендету.
2.Мәдени-экономикалық байланысты күшейте отырып,
алдыңғы қатарлы өркениетті елдердің қатарына қосылу.
3.Қазақстанның сыртқы саясатында ерекше назар аударатын
мәселе – ең жақын және ірі көрші мемлекеттермен, солтүстікте
– Ресеймен, шығыста – Қытай халық Республикасымен
ойдағыдай қарым-қатынас орнату.
Қазақстан-Ресей байланыстары. 1992 жылғы 25 мамырда Қазақстан мен Ресей арасында достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шарт жасалды. 1995 жылғы 20 қаңтарда – Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығын кеңейту туралы Декларация жариялады, ал 1996 жылғы 27 сәуірде Алматыда екі елдік бірлескен Декларациясына қол қойылды. Декларацияның маңызы:
1.Екі ел арсындағы егемендікті, тәуелсіздікті құрметтеу.
2.Аумақтық тұтастық пен бір-бірінің ішкі істеріне араласпау ұстанымдарын
сақтау.
Қазақстан-Қытай байланыстары. 1992 жылғы тамызда Қазақстан Президентінің Қытай халық Республикасына алғаш сапары болды, нәтижесінде барлық байланыс жолдары ашылды. 1994 жылы сәуір айында Қазақстан мен Қытай арасында шекара аумағын заңдастырып белгілеу (делимитация) жөніндегі келісімге қол қойылды (1718 шақырымдық).
Қазақстан-АҚШ байланыстары. Қазақстанның сыртқы саясатында АҚШ-пен қарымқатынастың маңызы өте зор. 1991 жылғы 25 желтоқсанда АҚШ Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін таныды. Қазіргі кезде АҚШ-Қазақстан экономикасының аса ірі инвесторы. 1997 жылы Қазақстан мен АҚШ арасында экономикалық әріптестік бағдарламасы жасалды. Екі ел арасында Қарашығанақ кеніші жөнінде және Каспий қайранын бөлісу жөнінде келісімдерге қол қойылды. 1999 жылғы желтоқсанда Қазақстан мен АҚШ арасындағы келісімде – екі ел арасындағы серіктестікті одан ары дамыту, АҚШ-тың Қазақстанға демократиялық, экономикалық өркендеуде қолдау көрсету, аймақтық, ғаламдық негізде тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында ынтымақтастық үшін барлық мүмкіндіктерді пайдалану сияқты мәселелер
қаралды.
АҚШ Қазақстанға мәдениет пен білімді дамыту саласында үлкен қолдау көрсетуде “Болашақ” бағдарламасы шеңберінде қазақстандық студенттер АҚШ, Франция, Германия оқу орындарында оқиды.
Тапсырмалар:
Сұрақ: Қай жылы Қазақстан мен Ресей арасында достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шарт жасалды?
Жауап:
Сұрақ: 1992 жылғы тамызда Қазақстан Президентінің Қытай халық Республикасына алғаш сапары болды, нәтижесінде барлық байланыс жолдары ашылды. Қай жылы қай айда Қазақстан мен Қытай арасында шекара аумағын заңдастырып белгілеу (делимитация) жөніндегі келісімге қол қойылды?
Жауап:
Сұрақ: Қазақстанның сыртқы саясатында АҚШ-пен қарым-қатынастың маңызы өте зор. 1991 жылғы 25 желтоқсанда АҚШ Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін таныды. Қазіргі кезде АҚШ-Қазақстан экономикасының аса ірі инвесторы. Қай жылы Қазақстан мен АҚШ арасында экономикалық әріптестік бағдарламасы жасалды? Екі ел арасында Қарашығанақ кеніші жөнінде және Каспий қайранын бөлісу жөнінде келісімдерге қашан қол қойылды?
Жауап:
Сұрақ: Қай мерзімде Қазақстан мен АҚШ арасындағы келісімде – екі ел арасындағы серіктестікті одан ары дамыту, АҚШ-тың Қазақстанға демократиялық, экономикалық өркендеуде қолдау көрсету, аймақтық, ғаламдық негізде тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында ынтымақтастық үшін барлық мүмкіндіктерді пайдалану сияқты мәселеле қаралды?
Жауап:
Практикалық тапсырма кейсі
Тақырып: Қазақстан Республикасының бітімгерлік миссиясы
Мақсаты: Қазақстан және Халықаралық ұйымдар әрекеттестігін қарастыру.
Біріккен Ұлттар Ұйымы.Тәуелсіз Қазақстан тарихында 1992 жылдың 2 наурызы Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымына мүшелікке қабылдануымен ерекшеленеді. Еліміз БҰҰ Бас Ассамблеясының 46-сессиясында Ұйымның жаңа мүшесі ретінде ғана емес, қазіргі заманның ең өзекті халықаралық проблемалары бойынша белсенді позиция ұстанатын мемлекет ретінде мүше болды.
БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясында Мемлекет басшысы
Н.Назарбаев Қазақстанның халықаралық саясаты туралы айта келіп, екі
маңызды ұсынысты алға тартты. Оның біріншісі – барлық үкіметтердің ізгі
ниет білдіру тәртібімен “бір+бір” формуласы бойынша БҰҰ-ның
бітімгершілік күш-жігерінің қорын құруды бастау. Бұл формула әрбір
мемлекет оған өзінің қорғаныс бюджетінен бір пайыз бөліп, жыл сайын
оны бір пайызға ұлғайтып отыруды көздейді. Осылай еткенде он жылдан
соң бітімгершілік сомасы он есеге өседі. Екінші ұсынысы – Азиядағы
Өзара Ықпалдастық және Сенім Шаралары жөніндегі Кеңес (АӨСШК)
шақыру. Мемлекет басшысының бұл бастамасы көпшілік елдер тарапынан,
сондай-ақ БҰҰ-дан қолдау тауып, Қазақстанның сыртқы саясатын
айқындауда айтарлықтай рөл атқарды. 1992 жылдан бері Қазақстан тек қана халықаралық қауымдастықтың мүшесі ретінде қабылданып қоймай, сонымен бірге онда өзінің лайықты орнын таба білді.
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы. 2001 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Шанхай Ынтымақтастық Ұйымын (ШЫҰ) құру бастамасына атсалысты және де дәл осы ұйым аясындағы қызметі сыртқы саясаттағы негізгі бағыттардың біріне айналды. Қазіргі кезде ШЫҰ Қазақстан, Қырғызстан, ҚХР, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстанның басын қосып отыр, ал бұл ұйымдағы бақылаушы мемлекеттерге Моңғолия, Иран, Үндістан және Пәкістан кіреді. ШЫҰ шеңберіндегі диалог арқасында Қазақстан саяси, сауда-экономикалық және гуманитарлық салалар бойынша көптеген мәселелерді шешуге бағытталған сындарлы сұхбат жүргізу мүмкіндігіне ие және де бұл ұйым аясында терроризм, экстремизм және сепаратизммен күресуде күш жұмылдыру мәселелері талқыланады. ШЫҰ саяси тұрақтылық және қауіпсіздік қамтамасыз етудегі маңызды рөлі оны халыкаралық деңгейдегі беделді ұйымға айналуына септік етті.
Ислам Конференциясы Ұйымы. Қазақстан 1995 жылы Ислам Конференциясы Ұйымының мүшелігіне қабылданды. Ислам әлемімен белсенді ықпалдастық Қазақстанның сыртқы саясатының басым бағыттарының бірі. Өз жағынан Ислам әлемі Қазақстанды мұсылман қоғамдастығының ажырамас мүшесі ретінде қарастырады. ИҚҰ-ның қатарына енгеннен кейін Қазақстан Бас хатшылықпен, субсидиялық мүшелермен және Ұйым институттарымен қарым-қатынасын тұрақты дамытуға тырысуда. Қазақстан делегациялары ИҚҰ-ның барлық ірі шараларына қатысты, олар: (1997 ж. желтоқсанда Тегеранда (Иран) өткен ИҚҰ-ның 8-ші Саммиті, 2000ж қарашада Доха (Катар) қаласында ИҚҰ-ның 9-ші Саммиті және 2003 ж.қазанда Путраджайяда (Малайзия) 10-ші Саммит), Сыртқы Істер министірледің мәслихаттары (24-ші СІММ-нен
Джакартада (Индонезия) 1996 ж. желтоқсанда өткен 33-ші СІММге Бакуда (Әзірбайжан) 2006 ж. маусымға дейін), осыған қоса әржылдық үйлестіру СІММ БҰҰ-ның Бас ассамблеяның жұмыс барысында. Қазақстанның мұсылман елдерімен қарым катынастарын арттыру еліміздің ұзақ
мерзімді мүдделерімен қатар, ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2006 жылғы 1 мамырдағы жолдауына сәйкес келеді. Қазақстан полиэтникалық және көпконфессионалдық ел бола отырып, өркениеттер
мен діндер арасындағы диалогті дамытуға бағытталған глобалдық процесті
толығымен жақтайды. Сондықтан, Қазақстанның ИКҰ жұмысына басқа да ірі
аймақтық және глобалдық ұйымдармен қатар, белсенді қатысуы, қазіргі таңда үлкен маңызға ие.
ИКҰ шеңберінде мәдениеттердің жақындасуы және өркениет диалогы дамуы мәселелерінің артуына байланысты Қазақстанның әлемдік және дәстүрлі діндердің жиналысын шақыру туралы бастамасына қолдау көрсету жөніндегі 2005 ж. маусымда ИКҰ-ның СІМ 32-кеңесінің резолюциясын қабылдау жұмыстары атқарылды.
Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымы. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі кеңестің тәжірибелерін бөлісу мақсатымен, оның негізгі принциптерін басшылыққа алуға міндеттеме қабылдап, екі жақты тығыз байланыс орнатты. Хельсинкиде өткен Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымға қатысушы елдердің жоғары дәрежедегі кездесуінде бұл ұйымға жаңадан қосылған елдерге жан-жақты көмек көрсетуге арналған бағдарлама қабылданды. Бағдарламада Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымына қатысушы елдердің бай тәжірибесін жаңадан қосылған елдерге тарату жоспарланған.
Осы бағдарлама аясында Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйым басшылығының өкілдері Қазақстанға бірнеше рет (1992 — 99) іссапармен келді. Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйым басшыларының Қазақстанға алғашқы ресми сапары 1993 жылы болды. Делегацияны ұйымның сол кездегі төрағасы, Швеция сыртқы істер
министрі Маргарет Аф Углас бастап келді. Сапар нәтижесінде ұйымның Орталық Азиядағы ықпалы кеңейе түсті. Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымына қатысушы елдер мемлекет және үкімет басшыларының жоғары дәрежедегі басқосуларына (1994 жылы Будапештте, 1996 жылы Лиссабонда өткен) Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев
қатысып, Лиссабон саммитінің пленарлық мәжілісіне төрағалық етті. Қазақстан сыртқы істер министрі Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйым сыртқы істер министрлер Кеңесінің мәжілісіне (1995 жылы Будапештте, 1997 жылы Копенгагенде, 1998 жылы Ослода) қатысып, онда Еуропадағы қауіпсіздік мәселелері мен Қазақстан ішкі саясатындағы реформалар
барысы туралы сөз етілді. Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымының Венада өткен (1999) Тұрақты кеңесінің мәжілісінде Қазақстан Сыртқы істер министрі баяндама жасады. Қазақстанның Венадағы тұрақты өкілдігі (1995) Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымының түрлі құрылымдарымен тығыз байланыс орнатқан.
Тапсырмалар:
Сұрақ: Қай жылдан бастап Қазақстан Республикасы Шанхай Ынтымақтастық Ұйымын (ШЫҰ) құру бастамасына атсалысты және де дәл осы ұйым аясындағы қызметі сыртқы саясаттағы негізгі бағыттардың біріне айналды?
Жауап:
Сұрақ: Еліміз БҰҰ Бас Ассамблеясының 46-сессиясында Ұйымның жаңа мүшесі ретінде ғана емес, қазіргі заманның ең өзекті халықаралық проблемалары бойынша белсенді позиция ұстанатын мемлекет ретінде мүше болды. Тәуелсіз Қазақстан тарихында қай жыл Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымына мүшелікке қабылдануымен ерекшеленеді?
Жауап:
Сұрақ: Ислам әлемімен белсенді ықпалдастық Қазақстанның сыртқы саясатының басым бағыттарының бірі. Өз жағынан Ислам әлемі Қазақстанды мұсылман қоғамдастығының ажырамас мүшесі ретінде қарастырады. Қазақстан қай жылы Ислам Конференциясы Ұйымының мүшелігіне қабылданды?
Жауап:
Сұрақ: Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі кеңестің тәжірибелерін бөлісу мақсатымен, оның негізгі принциптерін басшылыққа алуға міндеттеме қабылдап, екі жақты тығыз байланыс орнатты ма?
Жауап:
Достарыңызбен бөлісу: |