Сабақтың тақырыбы «Rocket Study» кейсі Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары



бет1/3
Дата25.09.2024
өлшемі110,73 Kb.
#205060
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
Жаймаганбетова А.Н Кәсіпкерлік және экономика негіздері. 10 и, к сынып, 1 токсан 7 сабак


7 сабақ. «Rocket Study» кейсі



Бөлім:

Экономикалық құбылыс ретіндегі кәсіпкерлік

Педагогтің аты-жөні

Жаймаганбетова А.Н

Мерзімі:




Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

«Rocket Study» кейсі

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

10.1.3.1 кәсіпкерлікті жеке мотивация мен өзін-өзі іске асыру формасы ретінде қарастырады;
10.1.3.2 кәсіпкер біліктілігі ретінде идеяның қалыптасу маңызын бағалайды;
10.1.3.3 бизнес-идеяны қалыптастыру құралын қолданады

Сабақтың мақсаты

• кәсіпкерлік бастаманың табыстылығы мен идеяның ерекшелігі қалай байланысатынын түсіну.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт



Педагогтің және оқушының әрекеті

Оқушының іс әрекеті

Бағалау



Ресурстар







1-кезең. Ұйымдастырушылық-мотивациялық:

Сабақтың басы
10 мин.


Мұғалім оқушыларды оқу іс-әрекетіне және жаңа білім алуға бейімдейді, сонымен қатар оқу процесіне ынталандыру үшін жағдай жасайды.
«Мақсаттар ағашы»
Оқуға мотивацияны ынталандыру үшін жаттығуды орындау. Ватман қағазы бетінде ағаш бейнеленген. Әр оқушы жасыл жапырақты жапсырады. Жапырақтың бір жағына, оқушылар өздерінің жеке мақсаттарын, яғни ол осы тақырып бойынша қандай ақпарат алу керектігін білгісі, түсінгісі келетінін жазады.

Сабақтың мақсаты мен тақырыбын анықтау

Оқуға мотивацияны ынталандыру үшін жаттығуды орындау.

Сабақ барысында өзін-өзі бағалауды және өзара бағалауды ұйымдастыру. Оқушылар үшін onlinemektep.org. платформасында тапсырмаларды орындай отырып, қалыптастырушы бағалау жүргізуге болады

Ватман немесе флипчарт (ватман парағында ағаш бейнеленген). Жапырақтары жасыл жасыл қағаздар.
Кәсіпкерлік және бизнес негіздері. 10-сыныпқа арналған оқулық. 1- бөлім/ Е. С. Дүйсенханов, С. А. Щеглов, Д. Ханин, А.М. Фазылжанова, А. А. Сейтенова. — Алматы: «Көкжиек-Горизонт», 2019., 144 бет







2-кезең. Теория-практикалық:

Сабақтың ортасы
25 минут


Бизнес-кейсті талдау кезіндегі тапсырма – талқылау және өзара байланыс үшін оны 5 адамнан тұратын шағын топ түрінде ұйымдастыру. Кейс проблемасын шешу ерекше болсын деп ескертіңіз.
Бұл тапсырмада шешімнің көп нұсқасы мен сабақ барысының бірқалыпты өтпеуіне рұқсат. Оқушыларда пікірталас ұйымдастыру үшін пайдаланатын қарама-қарсы көзқарастар туындауы мүмкін.
Әртүрлі көзқарасқа жол бере отырып, олардың
пікірлеріне баға қоймайтыныңызды аңғартып,
әрі олардың пікірлерін ашық айтқандары үшін
алғыс айтып отыруыңыз маңызды. Бұл кейстің
мәні – оқушыларда алған барлық ақпараттарын
пайдалана отырып проблемаға қатысты өз ойларын қалыптастыру.
Арслан Даримовтың тарихы - 17 жасында өз ісін қалай бастау және оны сәтті ету туралы әңгіме. Арслан университетте оқымады және 11-сыныптан кейін бірден Rocket Study ағылшын тілі мектептерінің желісін ашты. Барлығы ағылшын тілі бойынша оқулықтарды сатудан басталды, одан әрі - өзі сабақ берген шағын кеңсе, үлкен кеңсе, содан кейін бүкіл Нұр-Сұлтан қаласы мен Алматы қаласы бойынша білім беру орталықтарының желісін ашты.
Сабақ барысында кейіпкер жөнінде бейнеролик көрсетуге болады.
https://www.youtube.com/watch?v=jpJuS-POKDY
1-тапсырма.
Өз орталығын ашу үшін Арсланда қандай ресурстар болғандығы туралы ойланып жауап беріңіз.
Жауабы: Арсланның ресурстары – ағылшын тілін білуі, өз сынынан өткен емтиханға дайындалу әдістемесі және 70000 теңге алғашқы капитал


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет