Байланысты: Жаймаганбетова А.Н Кәсіпкерлік және экономика негіздері. 10 и, к сынып, 1 токсан 7 сабак
2-тапсырма. Қолда бар ресурстармен Арслан проблеманың (кабинет, жабдықтар, жарнама) шешімін қалай тапқанын елестетіп көріңіз
3-тапсырма. Арслан осы кезеңде өз бизнесін дамытуды қалай жалғастырады, тағы не істеуі мүмкін?
2 және 3-тапсырмаларға жауап беру кезінде оқушылардың креативтілік танытып, өз
идеяларын ортаға салуға мүмкіндік беріңіз.
Бұл идеялар шынайы көрінбесе де өздеріңді
шектемеңдер деп ынталандырып отырыңыз.
Олар неғұрлым көбірек идеяларды айтса,
соғұрлым жақсы. 4-тапсырма. Төмендегі төрт мәселеге қандай шешім
ұсына алатындарыңды ойланыңдар.
1-мәселе. Мұндай оқушылар үшін Rocket
Study-да жеке сабақ өту, үйде немесе кеңседе
отырып Skype арқылы үйрену, білім алу
бағдарламасын кесте бойынша емес, оқушының
белгілі бір тақырыпқа қажеттілігіне қарай жасау мүмкіндіктері қарастырылған.
2-мәселе. Rocket Study оқытушылары
өздерінің тілді білу деңгейін растау үшін жиіжиі халықаралық сынақтар тапсырып тұрады
және практикада оқушыларының алдынан
шығатын проблемалармен бетпе-бет келеді.
3-мәселе. Мұндай оқушылар үшін Rocket
Study-де дайындықтың жедел курстары
ашылған: сабақ аптасына 5 рет өтеді, сенбілік
Speaking Club және жексенбідегі сынама тестер.
4-мәселе. Жалықтырып жібермес үшін
Rocket Study оқушыларын шынайы тілдік
ситуацияларға өздерін қоюға болатын, ағылшын
тілінде көрініс қояды, мобилді телефондарға
арналған қосымшаларды пайдаланады, видеолар көреді, бірінші кезекте – сөйлесу, содан
кейін – грамматика.
5-тапсырма. Қалай ойлайсыңдар, Арслан жеткен
жетістігімен тоқтап қалды ма? Қазіргі
сәтте бизнесін кеңейту үшін ол не істей
алар еді?
Мүмкін болатын жауаптар: жалдамалы жұмысшыларды тарту, жаңа мектептер
ашу, франшиза бойынша жұмыс істеу. Өзіміз
көргендей, Арслан өзінің IT-платформасын жасады. Соған қарамастан, оқушыларда бизнестің көлемін ұлғайту туралы басқа идеялар болуы мүмкін. Оларға өз ойларын айтуға мүмкіндік беріп, барлық идеяларын қоштаңыз.
Бизнес-кейсті талдау кезіндегі тапсырма – талқылау және өзара байланыс үшін оны 5 адамнан тұратын шағын топ құрады, тапсырмаларды орындайды
Сабақ барысында өзін-өзі бағалауды және өзара бағалауды ұйымдастыру. Оқушылар үшін onlinemektep.org. платформасында тапсырмаларды орындай отырып, қалыптастырушы бағалау жүргізуге болады
Әдістемелік құрал: Кәсіпкерлік және бизнес негіздері. 10-сыныпқа арналған / С. А. Щеглов, Е. С. Дүйсенханов, А.М.Фазылжанова, А. А. Сейтенова — Алматы: Көкжиек-Горизонт, 2019. —112 бет.