Тапсырмалар І.Антропогендік апаттарға сипаттама бере отырып, кестені толтырыңдар.
Апаттар
Сипаты
Зардабы
1. Автокөліктер апаты
Көлік құралдарының соғысып қалуынан туындайтын жағдай.Бұл жағдай материалдық зиян,жаралану немесе адам өліміне әкеліп соғуы мүмкін.Жол-көлік оқиғасы жүргізушінің кінәсінен,жаяу адамның жол тәртібін сақтамауынан,көліктің техникалық жағдайының төмендігінен пайда болады.
Бұл жағдай материалдық зиян,жаралану немесе адам өліміне әкеліп соғуы мүмкін.Жол-көлік оқиғасы жүргізушінің кінәсінен,жаяу адамның жол тәртібін сақтамауынан,көліктің техникалық жағдайының төмендігінен пайда болады.
Автокөлік апаттарының негізгі себептері:
1)Әртүрлі жол ережелерін бұзу,соның ішінде:
-алкогольдік немесе есірткілік мас күйі;
-үлкен жылдамдықпен жүру;
-қауіпсіздігін белдігін қолданбау;
-арнайы балалар креслосын қолданбау;
-бұзылған көлік құралдарын пайдалану;
-жүргізушінің шаршау сезімі(жүргізуші қатты шаршап рөлге отырса,ұйықтап қалу қаупі төнеді)
-күрделі ауа-райы жағдайлары:
-жол бетінің нашар болуы;
-жолаушымен сөйлесу;
-рөлде темекі тарту;
-көлік салонында жануарлардың болуы;
2. Ұшақтар апаты
Жолаушы, жүк тасымалдау, ғылыми мақсаттар, сынақ кезінде ұшақ, тікұшақ, ғарыштық зымырандар, реактивті ұшақтар апат болуы мүмкін. Бұл апаттар аумақты жерлерді қамтып, табиғатқа әр түрлі деңгейде шығын әкеледі.Жалпы, мамандардың айтуынша, алдын ала тиісті барлық техникалық дайындықтан өткен ұшақта кенеттен ақау тумайды екен. Ақау біртіндеп пайда бола бастайды. Сондықтан оның алдын алу мұқият ескеріледі. Жердегі диспетчерлердің қырағылығы мен дайындықтан өткен ұшақтың ұшу барысы және пилоттардың тәжірибесі мен жоғары біліктілігі ұштасқанда ғана жолаушылар қауіпсіздігі толықтай сақталады, дейді мамандар. Демек, әуе кемелері апаттарының жиі болуы бізде кейбір жағдайларда жоғарыда айтылған аса қажетті мәселелер ескеріле бермейтінін көрсетсе керек. Сондықтан халық көбіне әуе жолдарындағы қайғылы апаттардың айдың-күннің аманында жиі болуы жауапсыздықтан, салғырттықтан туындап отыр деп түсінеді.
Әсіресе Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылатын ғарыш кемелері мен Жер серіктерінде болатын қаупі екерше. Мысалы, 1999 жылғы Протон* , 2006 жылғы Днепр* ғарыш зымырандарының апаты кезінде қазақ жеріне зор зиян келтіргені белгілі.Зардаптары-адам өлімі,материалдық зиян.
3. Өнеркәсіп апапттары
Бұл апаттар технологиялық процестердің бұзылуы, техникка қауіпсіздігі ережелерін сақтамау, техниканың ескілігі салдарынан болады.
Әсіресе химия, мұнай, уран, атом энергиясын өндіретін өнеркәсіптегі апаттар өте қауіпті. Олардан ауаға, суға, қоршаған ортаға зиянды заттар шығарылып, бүкіл тіршілік атаулыны жоюы мүмкін.