Реттелетін және реттелмейтін жол қиылыстары Мақсаты



Дата30.05.2017
өлшемі58,74 Kb.
Реттелетін және реттелмейтін жол қиылыстары
Мақсаты: жолда және көшеде жүру ережелерін пысықтау, жол ережелерін үнемі сақтап, көше тәртібін бұзбауға баулу; оқушыларды жол-көлік оқиғаларынан сақтандыру.

Көрнекілігі: бағдаршам суреті, жол белгілерінің суреттері, слайд.

Барысы.

Тәрбиеші: Қала көшелерінің қауіп-қатерге толы екні белгілі, себебі қазіргі кезде көшеде көлік өте көп. Сондықтан әрбір жаяу жүргінші, әрбір жолаушы, әрбір жүргізуші жолда жүру ережелерінтжақсы білуі және бұлжытпай орындауы керек.

Балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Реттелетін және реттелмейтін жол қиылыстары». Осы сабақта жол ережесі туралы бұрынғы білетін білімімізді қайталаймыз, еске түсіреміз, толықтырамыз. Ол үшін мен сұрақтар қоямын, сұрақтарға ойланып, түсінікті етіп, қолдарымызды көтеріп жауап береміз.

Олай болса, балалар, мына сұрақтарға жауап беріңдерші.

1. Көшеде жүру ережесін білу бізге не үшін керек?



1-оқушы: Әрбір адам көшеде жүру тәртібін білуі керек. Жол ережесін жақсы білсең жол апатынан, қауіп-қатерден аман боласың.

2. Көшеде жүру тәртібін не басқарады?



2-оқушы: Көшеде жүру тәртібін бағдаршам басқарады.

3. Реттелген жол қиылыстары деген не?



3-оқушы: Реттелген жол қиылыстары деп бағдаршаммен реттелетін жол қиылыстарын айтамыз.

4. Реттелегн жол қиылыстары деген не?



4-оқушы: Ретелмеген жол қиылыстары дегеніміз – бағдаршаммен реттелмейтін жолқиылыстары.

5. Жаяу жүргіншіге қай жерлерден жолды кесіп өтуге болады?



5-оқушы:

Жер асты өтпелі (подземный переход).

Реттелген жол қиылыстарында.

Зебра (жолақ) немесе жаяу жүргінші өтпесі (пешеходный переход) арқылы.

Егер жақын маңда не белгі, не жолақ жоқ болса жолды тек қана қиылыстардан кесіп өту керек. Себебі басқа жерлерде көлік қатты жылдамдықпен келе жатады, ал қиылыстарға жақындағанда жылдамдықтарын азайтып, жаяу жүргіншілерді өткізеді.

6. Реттелген жол қиылыстарында көшеден өткіңіз келсе не істейсіз, яғни бағдаршам жоқ көшелерден қалай өтеміз?



6-оқушы: Реттелген жол қиылыстарында көшеден өткіңіз келсе, келе жатқан көліктердің жылдамдығын азайтып, өзіңді өткізіп жіберетініне көзің жеткенде ғана жүргенің дұрыс. Жолды кесіп өту үшін алғаш екі жаққа да қарап алып, жақын маңдакөлік жоқ болса, бірінші жолдыңортасына дейін сол жаққа қарау керек, ортаға жеткен соң оң жаққа қарау керек. Егер ол жақтан көлік келе жатса, өтіп кеткенше ортадағы сызықтың дәл үстінде күте тұруға болады.

Тәрбиеші: Мен сендерге жұмбақ жасырамын, шешуін табындар.

Көзін ашып жұмады,

Бағыт сілтеп тұрады.

(бағдаршам)

Бағдаршам – өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз. Оның сырын біліп, тілін алу баршамызға керек.

Бағдаршамның түстері қалай орналасқан?



7-оқушы: Бағдаршамның түстері тігінен 1) қызыл, 2) сары, 3) жасыл болып орналасқан. Бұдан басқа да бағдаршамның түрлері бар: көлденеңнен осы ретпен орналасқан түрі және төменгі жасыл түстің тұсында қосымша стрелкалары бар түрі. Осы түстердің ішнде велосипетшінің суреті бар, адамның сұлбасы бар түрлері бар.

Тәрбиеші: Жол жүру ережелерінің сақталуына жауап беретін бағдаршам жайлы тағы не білеміз?

8-оқушы: Алғашқы бағдаршам 1868 жылы 10-желтоқсан күні Лондондағы Британия парламенті ғимаратының маңында орналастырылған. Бағдаршамды ойлап тапқан адамның есімі Дж. П. Найт. Тәуліктің қараңғы мезгілінде газдың көмегімен жұмыс істейтін бағдаршам қолданылды. Бағдар шамдар жаяу жүргіншілерге жолдан өтуіне көмек беріп, көлік жүргізешілерін абай болуға шақырған. 1869 жылы 2-қаңтар күні газға толы бағдаршам жарылып, сынған шыны бағдаршамды басқарып отырған полецей қызметкері жаралады.

Алғашқы электр бағдаршамын ойлап тапқан адамның есімі – Лестер Вайр. Солт-Лейк-Сити тұрғыны АҚШ-тың Юта штатында дүниеге келген. Лестер өз өнертабысын екі электр жарықтандырғыш шамы ретінде құрастырылғанымен оған патент алуға үлгермеді.

Ала таяқ ұстаған,

Жол тәртібін нұсқаған.

Өміріңді күзететін

Ысқырығы күшті адам.

(Реттеуші)

9-оқушы: Реттеуші дегеніміз – қолына ала таяқ ұстаған, көше тәртібін басқарып тұрған адам. Реттеуші жол қиылысының ортасында тұрады. Оның денесі мен қолдары арқылы жасалған қимылдар реттеушінің сигналдары болып табылады.

Тәрбиеші: Реттеушінің қандай сигналдарында жаяу жургіншілерге жолдан өтуге рұқсат етіледі?

10-оқушы: Егер реттеуші қолдарын екі жаққа созып немесе төмен түсіріп тұрса, екі бұйірінен де жаяуларға жолды кесіп өтуіне рұқсат етіледі.

Реттеуші оң қолын алға созып тұрса, жаяуларға реттеушінің арт жағынан жолды кесіп өтуіне рұқсат етіледі.

Реттеуші оң қолын алға созып тұрса, жаяуларға реттеушінің арт жағынан жолды кесіп өтуіне рұқсат етіледі.

Тәрбиеші: Бағдаршам мен реттеушінің сигналдары бір-біріне қарама-қайшы келіп тұса, жұргізушілер мен жаяулар қайсысының сигналына бағынуға тиіс?

11-оқушы: Бағдаршам мен реттеушінің сигналдары бір-бріне қарама-қайшы келіп тұрса, жүргізушілер мен жаяулар реттеушінің сигналдарына бағынуға тиіс.

Тәрбиеші: Көше және жолдағы қозғалыс бағдаршам мен раттеушіден басқа тағы немен реттеледі? (Жол белгілерімен).

Жол белгілері туралы түсінік беріп өту



12-оқушы: Жол белгілері – көлік қозғалысын реттеу және көлік жүргізеші мен жаяу жүрушіге маңайдағы жол жағдайы жөнінде ақпарат беру мақсатында көше мен жол бойына қойылатын арнайы белгілер. Жол белгілерін «халықаралық көше тілі» деп атайды. Жол белгілерін пішіні және түсі жағынан айыруға болды. Белгілердің мәнін тез анықтау мақсатында оларға әр түрлі суреттер салынған. Жол белгілерін 7 топқа бөлінеді:

• ескерту белгілері

• басымдылық белгілері

тыйм салу белгілері

• міндеттеу белгілері

• ақпараттық-көрсеткіш белгілері

• қызмет көрсету белгілері

• қосымша ақпараттық белгілер.

Осы белгілердің 2-3 түріне түсінік беру.

13-оқушы: Ескерту белгілері жолдың қауіпті белгінің жақындағанын хабарлайды. Ол айналасы қызыл жолақпен көмкерілген ақ түстен тең қабырғалы үшбұрыш түрінде жасалып, ортасына қауіп түрін айқындайтын шартты белгілер салынады.

14-оқушы: Басымдылық белгілері көше қиылыстарын, жолдың жіңішкерген бөлігін, кесіпөту кезектілігін белгілейді. Олар пішіндері мен түстері әр түрлі 9 жол белгілерінен тұрады.

15-оқушы: Тыйым салу белгілері жолдағы көлік қозғалысына белгілі бір шектеулер енгізеді немесе бұрын қойылған шектеулердің күшін жояды. Олардың пішіні дөңгелек болады, шеті қызыл жолақпен көмкеріліп, ақ түсті ортасында тыйым салатын шартты белгілер көрсетіледі.

Тәрбиеші: Жол-көлік оқиғасына көпшілігінде балалар себепкер болып жатады. Ондай жағдай болмас үшін оларға не айтар едіңіз?

16-оқушы: Жолға жақын жерлерде доп ойнамау, жолды тек жүргінші өтпесі бар жерлерден өту, көліктен түскеннен кейін артымен жүру, көлікке жабыспау, жоғарыда айтылған ережелерді бұлжытпай орындау.

Осы айтылғандарды толықтыру.

Тайғақ күндері көліктің тоқтау жолы ұзарады, ондай кұндері сақ болу.

Көзілдірік киген балалар басқаларға қарағанда екі есе сақ болу керек, себебі көзілдіріктің шеті маңдайды талық көрсетпейді.



Жұргізушімен сөйлесуге болмайды.

Тәрбиеші: Енді сендерге жолда жүру ережесін біршама меңгеріп алдыңдар. Жол ережесін әрқашан есте сақтау керек. Жол ережесін жақсы білсек, өзімізді жол апатынан сақтаймыз.

Ал енді осы ережелерді әрқашан да орындап аман болайық.
Каталог: 2015
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
2015 -> Сабақтың тақырыбы: Реактивті қозғалыс Сабақтың мақсаты: Білімділік: Реактивті қозғалыс туралы түсінік беру
2015 -> Сабақың мақсаты: Білімділік
2015 -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Абай және кітапхана
2015 -> «Бәріде Жеңіс үшін!!! Шығыстың қос шынары» Сыныбы: 7 Мақсаты
2015 -> Сабақтың атауы Құлын мінген бала Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу