Сабақтың тақырыбы: «Жол тәртібін сақтайық!»



Дата30.05.2017
өлшемі81,37 Kb.
#17252
түріСабақ




  1. Сабақтың тақырыбы: «Жол тәртібін сақтайық!»

  2. Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың жол тәртібі, жол белгілері туралы білімдерін дамыту.

2.Көше ережесі тәртібін сақтауға, оны дұрыс қолдана білуге үйрету.3. Тәртіпті, ұқыпты, сабырлы болуға уйрету.

3. Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, жол белгілері, бағдаршам,жетондар.

4. Сабақтың барысы: Мұғалім:-Үлкен-кіші қала бар,

Ой жүгіртіп қарап ал.

Көше заңы тым қатты,

Сақ болыңдар балалар! (1 слайд)

-Сендер сабақта отырғанда, мектепте жүргенде оқушылар тәртібін сақтайсыңдар. Ал егер сендер оқушы тәртібін сақтамасаңдар , сабағымызды өте алмас едік, ешкім бір-бірін тыңдамайтын еді. Бір сөзбен айтқанда тәртіпсіздік орын алар еді. Сол сияқты біздің еліміздің қала ,ауылдарына ортақ көше қатынас ережесі енгізілген. Бұл ережені көліктер де, жүргіншілер де бұлжытпай орындау керек. Көше ережесін басқаратын бағдаршам, жол белгілері болады. Балалар, көшеде жүру ережесін білу бізге не үшін керек деп ойлайсыңдар?

Оқушы: Әр оқушы көшеде жүру тәртібін өте жақсы білуі керек. Көшеде жүре білу-машина астына түсуден, апаттан сақтайды.

Эдуарда: -Қай көше, қай қалаға барсаңыз да,

Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да.

Жол жүру ережесі-заңды тәртіп,

Ол ортақ! Үлкен-кіші баршамызға!

Нұрсұлтан: -Асықпа сен әрқашан,

Көшеден өтер кезіңде.

Әліппесін көшенің,

Жаттап алғын жасқанбай.

Алдияр:-Үлкен-кіші қала бар,

Ой жүгіртіп қарап ал.

Көше заңы тым қатты,

Сақ болыңдар , балалар!

Динара: - Бос өткізіп әр күнін,

Көшенің көп тәртібін.

Үйренбеген салақтар,

Үйден шықса алақтар.

Бүлдірген көшені өтпейтін жерден кесіп өтеді. Оны тәртіп сақшысы тоқтатады. (2 слайд)

Сақшы: Азамат Бүлдірген , сіз жол ережесін бұзып, жолды өтуге болмайтын жерден кесіп өттіңіз.

Менімен бірге бөлімшеге жүріңіз.

Бүлдірген: Менің бөлімшеге барғым келмейді.

Сақшы: Бөлімшеге барғыңыз келмесе, мен сізді өзіңіз сияқты балаларға алып барайын. Олар сізге жол ережесі туралы көп нәрсе айтып береді. Бүгін оларда мерекелік сабақ өтеді.

Бүлдірген: - Ал онда қызық бола ма?

Сақшы:- Тек қана қызық емес, пайдалы да. Жол ережесін жақсы білу – әр адамның міндеті. Ал енді кеттік!

3- слайд. «Жол белгілері»

Бүлдірген: -Мыналар неткен көп еді! Мен бұл белгілердің бәрін қалай жаттап аламын? Жоқ, үйренгім келмейді!

Алтынай: - Ғылым сырын білмесең де,

Көше ережесін анық біл!

Бүлдірген, бәрі сен ойлағандай қиын емес. Қарашы, Бұл белгілердің пішіні де, түстері де әртүрлі. Біз қазір оларды топтарға бөлеміз.

4-слайд. «Тыйым салатын белгілер»

Севара: - Барлық жол белгілері арасындағы ең қаталы – тыйым салатын белгілер.Олар түрлі тыйымдар мен шектеулерден тұрады,Пішіні қызыл жиекті шеңбер түрінде болады.

Белгілердің бәрін біл,

Бұл белгілер тым қатал.

Айтқанын екі еткізбей,

Орындатар, тіл қатар.

5-слайд. «Алдын-ала қойылатын белгілер»

Дариға: -Бұл топтағы белгілер жаяу жүргіншілер мен велосипедшілер жүретін жерлерді көрсетеді. Қандай да болмасын көлік түрлерінің біреуінің нақты бағыттағы қозғалысына ғана рұқсат береді.Пішіні дөңгелек, іші көкпен боялған болады.

Бүлдірген: -Бастарына үшбұрышты қалпақ киіп алған мына белгілер неі білдіреді?

6-слайд. «Ескерту белгілері»

Аружан: -Бұл- ескерту белгілері. Бұл топтағы белгілер жүргізушілерге жолдың қауіпті бөлігінің жақын қалғанын ескертеді. Бұл белгілер беті ақ, жиегі қызыл үшбұрышты болады. Мұны балалардың білгені де жөн.

Бүлдірген:- Мынаны қараңдар, мына жерде леп белгісі тұр. Бұл көтеріңкі дауыспен айтылатын сөйлемдерге қойылады. Демек, бақыруға, шулауға, ән айтуға болады ғой,ә!

Аружан: -Бүлдірген дұрыс емес. Бұл белгі жүргізушілерге алдында бір қауіптің бар екендігін ескертеді. Жолда төмен жылдамдықпен, абайлап жүруді ескертеді.

7-слайд. «Ақпараттық-көрсеткіш белгілер»

Бүлдірген: - Бұл белгілер қандай ақпарат беріп, нені көрсетеді?

Эдуарда:- Олар жол қозғалысына қатысушыларға жаяу жүргіншілер өтетін жер, қоғамдық көлік аялдамасы, көлік тұратын орвн, т.с.с. туралы хабарлайды.Бұл белгілер көк түсті,шаршы немесе тіктөртбұрыш пішінде болады.

Бүлдірген:-Бұл белгілер тағы нені көрсете алады?

Эдуарда: Олар тағы да аурухана, телефон, тамақтану орны, демалыс орны, т.б. көрсетеді. Оларды сервистік белгілер деп те атайды.

Жұмбақ шешу. Бұйырмапты бас та, ауыз да, құлақ та,

Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (Бағдаршам)



  • Бағдаршам деген не? (8-9 слайдтар)

Алдияр: Көреген дәу қырағы,

Көшемізде тұрады.

Ол бергенде бұйрықты

Бағынамыз әманда!

Ашса кезек үш көзін,

Айтты деп ұқ үш сөзін.

Тоқта! Абайла! Жол ашық!

Жүрме жолға таласып.

Қызыл көзін ашқанда,

Сынық сүйем баспа алға!

Сары көзін ашқынды,

Қарап қалма аспанға!

Жасыл көзін ашқанда,

Өте бергін , жасқанба!

Нұржаубай: -Хабар беріп тұрады,

Бағдаршамның көздері.

Сондықтан да біліп ал,

Әр көздердің сырларын.

Гүлсара: - Рахым ет деп жалынба,

Бағдаршамның көзіне.

Кідіріп сен күте тұр,

Жасыл көзін ашқанша!

Мұғалім: -Балалар, қараңдаршы мына бағдаршамдар қандай әдемі! (10 слайд)

Швеция мен Амстердам қалаларында велосипедке арналған бағдаршамдар да бар екен.Ал Жапония елінде бағдаршамның барлық түсі бір көздің ішіне орналасқан екен.Австралия еліндегі бағдаршамдарға сағат тілі орнатылған. Берлинде сонымен бірге

он үш көзді бағдаршам бар.Бағдаршам көздерінде жүректің, жапырақтаң,жұлдыздың суреттері бар. Лондон қаласындағы керемет бағдаршам.

Ала таяқ қолға ұстаған,

Ол көшеде тұрады.

Машинаға жол нұсқап,

Оңға,солға бұрады

Қалай түзу тұрады.

Неткен өзі жақсы аға,

Болса осындай бар аға

Әр мектеп, балабақшада. (Жол сақшысы) (11 слайд)

-Ал енді ,балалар, екі топқа бөлініп,жарыс өткізейік. Оқушылар екі топқа бөлініп, өздеріне атау қояды.

Әр топ өзінің ұранын айтады.

1-сайыс: «Бұл қай жол белгісі?» (12 слайд)

1.Ортасында сызық,

Мына белгі қызық.

Бұл жерде бір сәт,

Тұруға рұқсат жоқ. (Тұруға рұқсат жоқ) (13 слайд.)

2.Алда «жаяу жүргінші өтпесі» бар екндігін ескертетін белгі.(14слайд)

3. Жол қозғалысына қатысушыларға алда «Жаяу жүргінші өтпесі» туралы хабарлайды.(15слайд)

2-сайыс: Тест тапсырмаларына жауап береді. Жауаптары (1.3, 2. 2, 3.3, 4. 1)


  1. (16 -17 слайд)

  2. (18-19 слайд)

  3. (20-21слайд)

  4. (22-23 слайд)

3-сайыс: «Сұрақ-жауап» (24 слайд)

  1. Балалар ойын алаңын дұрыс таңдады ма? (25-слайд)

  2. Жаяужолмен жүру ережесін айтып бер. (26-слайд)

  3. Бұрылыс дегеніміз не? (27 слайд)

  4. Жаяужүргіншілер өтпесінен өтудің ережелері. (28 слайд)

4-сайыс: «Жұмбақ шешу» (29 слайд)

  1. Арқаным тым ұзын,

Ала алмайсың бір үзім (Жол)

  1. Қозғамасаң құлайды,

Сүйемесең-сұлайды.

Құйымшақта ері бар,

Бұл не деген жануар (Велосипед)


  1. Төрт аяғы дөңгелек,

Адамсыз ол жүрмейді. (Машина)

  1. Әйгілеп үш сөзді,

Бір дәу тұр үш көзді.

Оған жас-кәріміз,

Бағындық бәріміз. (Бағдаршам)


  1. Бұл пойыздың інісі.

Жанға жайлы жүрісі,

Релссіз жүре алмай,

Кейде ол ренжиді. (Трамвай)


  1. Қақ жарып далаларды,

Аралап қалаларды.

Алып кеп қауыштырар,

Сарғайтпай табыстырар. (Пойыз)

Сайыстың қорытындысы шығарылады. Жеңген топ марапатталады.

Алтынай: Өмір аса қымбатты, Нұржаубай: Ал, балақай, жол барлап,

Көше заңы тым қатты. Алдыңдағы жолды аңдып.

Көтермейді ол, балақай Машиналар тым ұшқыр,

Қалжың менен қылжақты. Қағып кетер тыныш тұр.

Севара: Табамын деп төтені, Аружан: Шыққаныңда көшеге,

Қиып өтпе көшені. Еріп әке-шешеңе.

Түсін мұны қатем деп, Көңіліңді қой сызыққа,

Түсін мұны қатер деп. Сызықтардың сыры бар.

Қауіппенен ойнама,

Өтемін деп ойлама.

Эдуарда: Алдансаң да қызыққа, Нұрсұлтан: Дәл ортаға жеткенше,

Сұрастырып ұғып ал. Сол жағыңа қарап ал.

Ұқсаң, мәнін сызықтардың, Жол ортадан өткенде,

Қауіп пенен қатерге, Оң жағыңа қарап ал,

Болмайсың еш кіріптар. Машиналар жоқ па екен?

Дариға:Машинаға қабысып, Гүлсара: Машинаға жоламай,

Сырғанама жарысып. Жүретін бір жол оңай.

Бір жеріңді жаралап, Жаяужол болады,

Майып болып қаласың. Бұл-көңілге қонады.

Кімге кінә тағасың,

Өзіңе бейнет табасың.

Әкең менен анаңды,

Сергелдеңге саласың.

Динара: Көше заңын білмесең, Алтынай: Біз ұғымтал баламыз,

Үлкенмен жүр бірге сен. Есте сақтап қаламыз.

Олардан кетпе алыстап, Келіп қалса машина,

Қолдарынан ал ұстап, Қалт тұра қаламыз.

Көше заңын оқи жүр, Сасқалақтап саспаймыз,

Көңіліңе тоқи жүр. Жүру заңын сақтаймыз.

Ән: «Бағдаршам»



  1. Қорытынды. Тәрбие сағатының қорытындысы жасалады. ( 30,31,32 слайдтар)


Көшеде жүру ережесі

Жол тәртібін сақтайық!

Дайындаған: Қарабалаева Г.Б.
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет