Тақырыбы: Аурхананың санитарлық тәртібіне қойылатын талаптар. Аурухана



бет1/4
Дата20.05.2022
өлшемі24,38 Kb.
#144221
  1   2   3   4
Байланысты:
14. Аурухананың санитарлық тәртібі (2)


Тақырыбы: Аурхананың санитарлық тәртібіне қойылатын талаптар.
Аурухана - денсаулық сақтау басқармасының емдеу-профилактикалық мекемесі. Аурухана міндеті: емдеу, алдын алу, сақтандыру, ауру белгілерін айыру. Науқастардың емінің нәтижелі болуы аурухананың гигиеналық жағдайына байланысты.

  • аурухана ашық, жылы, желдетілген, орталық жылу жүйесімен, су құбырымен қамтамасыз етілген, көгалданған, тербеліс құбылысы жоқ, таза ауалы жерде орналасу керек;

  • аурухана ішіндегі инфекциямен күрес;

  • аурухана гигиенасы дәрігерлердің еңбек жағдайын жақсарту керек. Мыс: хирург, стоматолог, гинеколог, психиатр қызметтері олардың нерв жүйесіне салмақ түсіреді;

  • гигиена талабына сай медиоцина электронды микроскоп, физиотерапевтік құралдармен қамтамасыз етілуі керек.

ЕПМ жоспарлануы және оның гигиеналық негіздері
Аурухананы салу жұмысын жоспарлағанда көгалдандыру алаңы, жарықпен, сумен қамтамасыз етлілуі қарастырылады. Көгалданған жер гигиеналық талаптарға сай болуы керек. Аурухана ауласы 2 зонаға бөлінеді. 1) емдеу зонасы; 2) шаруашылық зонасы. Бірінші зонаға: аурухана, емхана, жұқпалы аурулар бөлімі, бас корпустар кіреді. Емдеу зонасы ауасы таза, тыныш жерде орналасады. Жұқпалы аурулар бөлімшесі бас корпустан 30м алшақ орналасады. Емдеу зонасының басты элементі – аурухана саябағы. Саябақтың науқас адамдар көңіл-күйіне, аурудан айығу жылдамдығына, қозғалыс ширақтығына, гиподинамия нәтиожесімен күресте маңызы өте зор. Әрбір науқасқа шаққанда саябақ көлемі 25 кв.м.
Шаруашылық зонасында: кір жуатын, дизенфекциялаушы камералар, гараждар, тамақ, көкөніс сақтайтын қоймалар т.б. орналасады. Аурухана ауласының 15-60% көгалдандыру жері, ал үйлер алатын бөлігі 15% болады.
Аурухананың ішкі құрлысына гигиеналық талап. Ауруханаға түскен науқастар қабылдау бөлімінде немесе бөлмесінде тексеріліп, қажетті бөлімшеге тағайындалады. Кезекші дәрігер тексеруінен кейін санитарлық бақылаудан өтіп, тағайындалған бөлімшеге медициналық қызметкерге еріп барады. Қабылдау бөлмесінде науқасқа стационар құжатының басқы беті толтырылады.
Стационар бөлімі. Әр бөлімшеде шамамен 30 койка болады. Палата-бөлмеге 4 науқастан келеді. Дәрігер бөлмесі (10кв.м), асхана (18кв.м) болуы тиіс. Науқастардың гигиеналық жағдайын жақсарту үшін палата температурасы 19-200С ал, жаз айларында 240С болуы керек. Операция бөлмесі, гинекология бөлімдерінің температурасы 240С, ал жараны таңу, байлау бөлмесі 220С төмен болмауы керек.
Палатаның жарықтануы. Палатаның терезесі күн беткей жақтан шығарылады. Палатаның жарықтану коэффиценті 1:5 – 1:6 аспауы керек. Әр палатланың жоғарғы бұрышында бра жарықтары көзі орналасады. Койка терезелі қабырғадан 1 метр қашықтықта тұрады. Палата жиһаздарының беті тегіс, ақшыл түсті болады.
Мейірбике орны палаталардан ең алыс дегенде 15 метр қашықтықта болуы тиіс. Мейірбике орны орындық, жұмыс үстелі шкаф, тоңазытқыш, телефонмен қамтамасыз етіледі.
Аурухана асханасы: жарық, ауасы таза, кең, қабырғалары ашық түсті бояулармен боялғаны жөн. Себебі бұл жағдайда науқастардың көңіл-күйіне, асқа тәбетінің жоғарылауына, психикалық тонусына ықпал етеді. Санитарлық бөлмелер санына әйелдер, ерлер дәретханасы, душ кіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет