Дезинфекциялаушы құралдарды дайындау техникасы
1.10% хлорлы ізбестің негізгі ақталған ерітіндісін дайындау
Мақсаты: Бөлмелер, ыдыстар, дәретханалар мен науқастар бөліністерін залалсыздау мақсатымен қолданылатын әртүрлі мөлшердегі жұмысшы ерітінділерді дайындау
Жабдықталуы:
арнайы киімдер: ұзын халат, бас киім, алжапқыш, медициналық қолғап, респиратор, қорғаушы көзілдірік, арнайы аяқ киім;
стандартты орамдағы құрғақ хлорлы ізбес;
орамда атауы, дайындалу мерзімі, пайдалану ұзақтығы, хлор белсенділігі көрсетіледі;
сәйкес таңбалаумен дезертінділер салынатын ыдыс (эмальды, пластмасс, қоңыр шыны ыдыс);
құжаттар: 10% хлорлы ізбес ерітіндісін дайындау кітапшасы, белсенді хлор бойынша құрғақ препаратты бақылау журналы;
ерітіндіні араластыратын ағаш қалақша;
жеке бас гигиенасы құралдары: сабын, жеке қол орамал.
Міндетті шарттар:
хлор белсенділігі 25%
ерітінді дайындау бөлмесінде ағынды-сору вентиляциясын қамтамасыз ету.
2.Хлорамин ерітінділерін дайындау
Б хлорамин құрамында 25-28% белсенді хлор болады. Хлорлы ізбеспен салыстырғанда анағұрлым төзімдірек және жылдар бойы сақтауға болады. Тіндерді, бояуларды, жанасқан заттарды аз бұзады. Хлорамин ерітінділері көбінесе төсек орынды, киімдерді, ойыншықтарды, ыдыстарды, әртүрлі тегіс беттерді залалсыздауға, жұқпалы аурулар бөлімінде қолды, құралдарды залалсыздауға қолданылады. Судағы ерітіндісін сол жерде қолдану алдында дайындайды. Хлораминнің ыстық (50-600С) ерітіндісінің жоғары залалсыздау қабілеті болады. Олардың белсенділігі 15 күнге дейін сақталады.
Жұмысшы ерітінділердегі % мөлшері
|
Хлораминнің грамдағы мөлшері
|
1 л ерітіндіде
|
10 л ерітіндіде
|
0,2
|
2
|
20
|
0,5
|
5
|
50
|
1,0
|
10
|
100
|
2,0
|
20
|
200
|
3,0
|
30
|
300
|
5,0
|
50
|
500
|
10
|
100
|
1000 (1 кг)
|
Достарыңызбен бөлісу: |