Жұқпалы аурулар бөлімі. Жұқпалы аурулар бөліміне жолданған науқастар орталық қабылдау бөлімін жанап, бірден осы бөлім қабылдау бөлмесіне сырттан тамбур арқылы түсіп, дәрігердің тексеруінен өтіп, санитарлық бақылаудан өтеді. Әрбір науқастан кейін қабылдау бөлмесі бактерицидтік лампа көмегімен залалсыздандырылады. Бөлімшенің палаталық бөлмелері бокс түрінде салынған. Әр бокс өз бетінше бөлек санитарлық бөлмемен (дәретхана, ванна, қол жуғыш) қамтамасыз етілген. Бокс 1-2 науқасқа арналған. Онда түскен науқастар іріктеліп жатқызылады. Мысалы, дифтерия мен скарлатина, сары аурулар түскен күніне байланысты және т.б. Бокске кіру, шығу шлюз арқылы қамтамасыз етіледі. Шлюздер қол жуғыш, ілгіштерде алмастыру киімдерімен орналастырылады. Палаталарды оқшаулау, шлюз арқылы қатынау бөлімше ішіндегі инфекцияның таралуының алдын алу үшін маңызды.
Емхана.Емхана құрамына емдеу, диагностикалық, дәрігер қабылдау бөлмесі кіреді. Емхана жұмысының жүрегі – тіркеу бөлімі. Тіркеу бөлімі науқастардың медициналық картасынан тұратын картатекадан құралады. Балалар емханасына арнаулы фильтр арқылы кіреді.
Аурухананы жылыту жүйесінің түрі. Аурухананы жылумен қамтамасыз етудің 2 түрі бар. 1) орталық; 2) сулы-сәулелі жылыту түрлері. Су құбырларының көмегімен аурухана сумен қамтамасыз етіледі. Ірі ауруханаларда бір ауруға шаққанда 250+400 л, ал амбулаториялық ауруға 10 л су қажет. Аурухананың қоқыстары бөлек үйіліп, белгіленген ережелер бойынша залалсыздалып, қалалық қоқыс үйінділері жиналатын жерге шығарылады. Сұйық қалдықтардан тазарту жұмысы канализация көмегімен жүргізіледі. Ірі жұқпалы аурулар бөлімінің қоқыс қалдықтары алыс жерлерге апарылып, өртеледі. Тамақ қалдықтары залалсыздандырылып, канализацияға ағызылады.
Ауруханаішілік инфекцияның алдын алу және гигиеналық маңызы Аурухана күн тәртібіне емдік процедуралар, демалу, серуендеу, тамақтану, тынығу кіреді. Науқастардың түнгі ұйқыдан оянуы сағат 7.30 басталады. Таңертеңгі жуынудан кейін науқастар дәрігердің тағайындауы бойынша ырғақты жаттығулар жасайды. Жаз айларында жаттығулар таза ауада жүзгізіледі. Сағат 8.30-9.00 дейін таңертеңгілік асқа отырады. 9.15 дәрігерлік палата аралап тексеру басталады. Дәрігерлік аралаудан кейін тағайындалған емдер қабылданады. 13.30-14.30 аралығында түскі ас ішіледі. Сағат 22.00 дейін жазғы мезгілде науқастар таза ауада серуендеп, бой жазады. Қыста демалу орнында тынығады. Сағат 22.00 науқастар ұйқыға жатады.
Аурухана ішіндегі инфекцияның алдын алу шаралары. 1) инфекция көзін жою (залалсыздау); 2) инфекция көзінің таралуына жол бермеу; 3) жалпы тазалық ережелерін сақтау. Мысалы, хирургия бөлімінің лас болуы операциялық жараның іріңдеп, жазылу мерзімінің ұзаруына әкеліп соғады. Санитарлық режимнің сақталмауы ішек инфекция көзі болып табылады. Палатаны тазалау күнбе-күн жүргізілуі керек. Тазалау ылғалды әдіспен жүргізілуі тиіс. Ылғалды тазалау ауадағы микроорганизмдердің таралуын қысқартады. Реанимация бөлімін, операция бөлмесін 10% хлорлы ізбес ерітіндісімен жуып, тазалайды. Жұқпалы аурулар бөлімінің есігін күн сайын хлорлы ерітіндімен жуады, ал ыдыс-аяқтарын 20% ас тұзы ерітіндісімен 5-10 мин немесе 0,2% хлор ерітіндісімен 30-40 мин залалсыздайды. Дәретхана және т.б. санитарлық бөлмелер арнайы тазартқыштармен және 5% хлор ерітіндісімен залалсыздандырылады
Дезкамералар, туберкулез, жұқпалы аурулар бөлімшелерінің қызметкерлері жұмыс аяқталған соң душ қабылдауы тиіс.
Барлық медициналық қызметкерлер жұмысқа тұру алдында алдын алу медициналық тексеруден өтуі тиіс. Одан басқа науқастарды күтумен айналысатын кіші медициналық қызметкерлер, тамақ дайындауға қатысты жұмысшылар ай сайын тексеру және жылына 2 рет бактериотасмалдағыштыққа тексерілуі тиіс.