Балабақшадағы сауықтыру іс-шаралары



Дата10.06.2020
өлшемі15,24 Kb.
#72874
түріСабақ
Байланысты:
балабақшадағы сауықтыру
Документ Microsoft Office Word, 9-10 сабақ Өсімдіктердің тыныс алуы.

Балабақшадағы сауықтыру іс-шаралары

Жазғы кезде балалардың таза ауада болу уақыты ұзарады, оқу сабақтарының саны қысқарады, сабақтар ашық ауада өткізіледі. Сондықтан да балалардың жыл бойы алған білімін, біліктілік дағдыларын, қабілеттерін көрсетуге еркіндік беріледі.

Сауықтыру-шынықтыру уақытында сабақтастық сақталады. Жоспарлы жұмыс құру үлкен жетістікке, нәтижеге ие болады. Сауықтыру-шынықтыру жұмыстарының мақсаты:

– жаз мезгіліндегі балалардың денсаулығын нығайту;

– эмоционалдық, тұлғалық, танымдық дағдысын қалыптастыру;

– үлкендердің ата-ана, қызметкерлер өзара әріптестігін, сабақтастығын біріктіру;

– бала денсаулығын сақтау мен нығайту;

– табиғи факторды пайдалана отырып шынықтыру;

– жеке тұлғаны қалыптастыру, эстетикалық тәрбиені жетілдіру болып табылады.

Балалардың денсаулығы мен өмірін қорғау бойынша жазғы кезеңде тәрбиешілерге нұсқаулықтар

Сауықтыру іс-шаралары:

Таң ертең балаларды далада қабылдау;

Ертеңгілік жаттығу;

Демалу жаттығулары;

Серуен кезінде жалаң аяқ құмды жолмен журу;

Аяқты жылы сумен шаю;

Күннің көзінде журу, таза ауада журу;

Түскі ұйқыдан кейін тұзды жолмен жүру және кедір-бұдыр жолға ауысу;

Тыныс алу жаттығулары, нүктелі массаж;

Салқын сумен бетті, мойынды, қолды шынтаққа дейін шаю.

Күн режимін қалай ұйымдастыру керек? Ертеңгілік баланы балабақшаға әкелу уақытының да маңызы бар, ата-ана баланы ертемен оятып, жақсы көңіл-күймен келген бала мен ұйқысын қандырмай, кешіктіріп, өзінің де баланың көңіл-күйі жоқ жағдайда келген баланың арасында айырмашылық болады. Ертеңгілік жаттығулардың пайдасы бәрімізге де белгілі, ертеңгі қимыл-қозғалыстың үйлесімділігін баланың физикалық дамуына әсер ететін көптеген табиғи факторлар бар. Солардың бірі – серуен. Ауада серуендеу баланың денсаулығы үшін өте маңызды. Бала таза ауада көп болса оның ағзасы оттегіні жай жүргендегіге қарағанда көп сіңіреді. Ширақ қозғалыста болады, адымдай жүреді, аласа бұтақтан секіреді, сөйлегенде, жүгіргенде қол мен аяқтың қимылын қатар алып икемделеді. Ол үшін қимылды ойындар жақсы. Бала үшін серуенді қызықты ұйымдастыру керек. Жай ғана денсаулықты күшейтіп қоймайды, айналадағы құбылыстарды бақылап, көзқарасы қалыптасады. Ойынды таңдай отырып, жыл мезгілін, ауа райын да ескеруіміз керек. Қыс мезгіліндегі ойындар өте пайдалы, соның өзінде ойын қозғалыстарымен, жаттығулары демалыспен кезектесуі керек. Ыстық ауа- райында ойындар жай қозғалыста болғаны жөн. Ойын қызығымен бала шаршағанын аңғармайды.

Сондықтан ойын кезінде баланың денесін дұрыс ұстауын, аяғын түзу басуын қадағалаған дұрыс. Қысқы ойындарда бала шанамен ойнағанды, қар ұстап ойнағанды жақсы көреді. Жаз, күз мезгілінде саябаққа барғанды ұнатады: жапырақ жинау, маусымдық киіммен, мысалы, аяғында ботинка, үстінде күртемен жүгіру қимылды қиындатары белгілі, бірақ ойын баласы оны жеңуге ұмтылады. Бала бойында осылай қимыл қозғалыста төзімділік, ептілік, ширақ қимыл дамиды. Бұлардың барлығы да денені шынықтыруға жатады. Ауа райы қандай болса да, таза ауада болу пайдалы.

Сонымен қатар балабақшада балалардың тамақтануы да қадағалауда болады. Ас мәзірінің құнарлылығы, сапасы мен әртүрлілігі басты назарда ұсталады. Жыл мезгіліне қарай берілетін ас мәзірі өзгертіліп бекітіледі. Дұрыс отыру, тағамдарды ретімен жеу, үстел үстінде өзін дұрыс ұстай білуді үйренеді. Мәдени-гигиеналық дағдылары қалыптасады.

Сонымен бірге іш ауруларының алдын алу туралы кеңестер жүргізіледі.



Іш ауруы – бұл асқазан, ішек жолдарының жедел жұқпалы ауруы, көбінесе тоқ ішекті зақымдайды. 1 жасқа дейінгі балаларда жиі кездеседі, себебі осы жаста балалар жүре бастайды және қоршаған ортамен танысады. Іш ауруы жазғы мезгілде өте көп кездеседі, себебі жаз айларында балалар жиі далада, таза ауада жүреді, өзен-суларға түседі, топырақта ойнайды.

Жаз мезгілінде ішек жұқпасын жұқтыру көрсеткіші жоғарылайды. Біріншіден, күннің ыстық кезінде көкөністер тез бұзылады, екіншіден, өзен-көлдерде шомылу, үшіншіден, осы мезгілде шыбындар да жұқпаны таратушы болып табылады. Балаларда ішек жұқпасының алдын алу үшін ең бірінші санитарлық-гигиеналық талаптарға сай шараларды орындау керек. Ата-аналарға және тәрбиешілерге баланың қолының таза болуын бақылап, үнемі қолдарын сабынмен жуғызып отыру қажет. Сонымен қоса, беретін судың, тағамдардың сапасына назар аударған жөн. Жоғарыда айтып өткендей, жұқпаның көзі маса, шыбын болып келетіндіктен, олардың көзін жою керек. Бала жататын бөлмені әрдайым тазалап отыру қажет. Баланың төсек орны, ыдыстары, жеке бас гигиенасына қатысты заттардың барлығы дерлік өзіне тиесілі әрі таза болуы шарт. Егер балада сұйық нәжіс болған жағдайда балабақшаға, мектепке баруға болмайды. Егер балабақшада, мектепте ішек жұқпасы анықталса, алғашқы сатыларда ауруды таратпау мақсатында изоляция жасау, яғни, оқшауландыру жұмысы жасалу қажет. Үлкен нәжісі қалыпқа келгеннен соң және аурудың клиникалық көріністері жойылғаннан кейін нәжісті бактериялогиялық зерттеу жасайды, егер қоздырғыш анықталмаса, баланы балабақшаға, мектепке жіберуге болады. Ауруханада ем алып болған соң, бір ай шамасында оқу мекемесінің дәрігері баланы ерекше бақылауға алып, оның денсаулығын және нәжісін күнделікті тексеріп отыру керек. Егер балада ішек жұқпасы болса, онда үш ай көлемінде ай сайын емдеуші дәрігерінің бақылауында болуы тиіс.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет