1. Жалпы ережелер «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау»



Дата09.01.2022
өлшемі15,25 Kb.
#110656
Байланысты:
«Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау»
f606ad5364d33c, f606ad5364d33c, f606ad5364d33c, XXI ғасыр мұғалімдеріне қойылатын талаптар, XXI ғасыр мұғалімдеріне қойылатын талаптар, XXI ғасыр мұғалімдеріне қойылатын талаптар, XXI ғасыр мұғалімдеріне қойылатын талаптар, XXI ғасыр мұғалімдеріне қойылатын талаптар, XXI ғасыр мұғалімдеріне қойылатын талаптар, 1528577926, aylshyn-tili-grammatikasy, aylshyn-tili-grammatikasy, СРС3 ОПТИКА, СРС3 ОПТИКА


1. Жалпы ережелер

      1. «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) барлық типтегі және үлгідегі мектепке дейінгі ұйымдар (бұдан әрі – МДҰ) көрсетеді.
      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттік қызмет «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабы 4) тармақшасының және 14-бабының 2-тармағы 1) тармақшасының негізінде жүзеге асырылады.
      4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде орналастырылады.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсетуді аяқтау нысаны осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес МДҰ мен заңды өкілдер арасында жасалатын шарт болып табылады.
      6. Мемлекеттік қызмет мектепке дейінгі жастағы балалардың заңды өкілдеріне (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.
      7. Мемлекетті қызметті көрсету мерзімдері:
      1) мемлекеттік қызметті алушы осы стандарттың 11-тармағында айқындалған құжаттарды МДҰ-ға тапсыру және басшылардан қажетті кеңес алу сәтінен бастап – кемінде 30 минут уақытты құрайды.
      2) мемлекеттік қызметті алушының өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алғанға дейін күтудің рұқсат берілген ең көп уақыты – 30 минуттан артық емес.
      3) өтініш берген күні сол жерде мемлекеттік қызметті алушыға көрсетілетін мемлекеттік қызметтің рұқсат берілген ең көп уақыты – кемінде 30 минутты құрайды.
      8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      9. Мемлекеттік қызмет МДҰ-ға өтініш жасаған жағдайда МДҰ басшысы белгілеген заңды өкілдерді қабылдау кестесіне сәйкес екі жұмыс күні ішінде көрсетіледі.
      10. Мемлекеттік қызмет МДҰ ғимаратында, тікелей басшының кабинетінде көрсетіледі.

^ 2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      11. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы МДҰ-ға мынадай құжаттарды ұсынуы қажет:
      1) қалалық (аудандық) Білім басқармасы, ауылдық жерде – әкімдік берген жолдама;
      2) баланың денсаулық паспорты;
      3) эпидемиялық ортасы туралы санитарлық-эпидемиологиялық қызметтен анықтама.
      Мектепке дейінгі ұйымдарды бос орындар бар болған жағдайда қабылдау жыл бойы жүргізіледі.
      12. Шарт бланкілерін МДҰ басшысы береді.
      Шарт 2 данада жасалады.
      Бала тіркеуден кейін мемлекеттік қызмет көрсететін МДҰ-да жалпы білім беретін оқу бағдарламаларына, бекітілген сабақ кестесіне сәйкес оқыту және күтілу құқығына ие болады.
      13. Мемлекеттік қызметті алушылар (заңды өкілдер) толтырған шарт МДҰ басшысына тапсырылады (бір данасы МДҰ басшысында ақталады, екіншісі мемлекеттік қызметті алушының (заңды өкілінің) қолында қалады).
      14. Мемлекеттік қызметті алушының мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттарды тапсырғанын растайтын құжат талап етілмейді.
      15. Мемлекеттік қызмет МДҰ-да мемлекеттік қызметті алушының жеке қатысуымен жүзеге асырылады.
      16. Егер осы стандарттың 11-тармағына сәйкес талап етілетін барлық құжаттар ұсынылмаған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылады.

^ 3. Жұмыс қағидаттары

      17. Мектепке дейінгі білім беру ұйымының қызметі мынадай қағидаттарға негізделеді:
      1) мектепке дейінгі білімнің зайырлы, адамгершілік, дамытушылық сипаты, азаматтық және ұлттық құндылықтар, балалардың өмірі мен денсаулығының басымдылығы, тұлғаның еркін дамуы;
      2) адамның конституциялық құқықтары мен еркіндігін құрметтеу;
      3) тәрбиенің, оқыту мен дамытудың бірлігі;
      4) кәсіби этика мен мәдениетті, қызметтік борышты атқару кезіндегі заңдылықты сақтау;
      5) жан-жақты және толық ақпарат ұсыну;
      6) мектепке дейінгі ұйым қызметінің айқындылығы мен басқарудың демократиялық стилі;
      7) сапалы мектепке дейінгі білім алуға баршаның тең құқылығы.

^ 4. Жұмыс нәтижелері

      18. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
      19. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік мекеменің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапасы мен тиімділік көрсеткіштерінің мақсатты мәні жыл сайын білім беру саласының жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың (бұдан әрі – Уәкілетті орган) бұйрығымен бекітіледі.

^ 5. Шағымдану тәртібі

      20. Уәкілетті орган мемлекеттік қызметті алушыға МДҰ басшысының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіреді.
      21. Мемлекеттік қызметті көрсету сапасымен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметті алушы осы стандарттың 3-қосымашсындамекенжайы көрсетілген тиісті жергілікті атқарушы органның білім бөліміне шағымданады.
      22. Мемлекеттік қызметті алушы шағымды Уәкілетті органға бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес береді.
      23. Уәкілетті органның шағымды қарастыру нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметті алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.
       24. Мемлекеттік қызметті алушы ресми түрде апелляцияға беру немесе шағымдану үшін еркін үлгіде өтініш береді. Өзімен бірге тұлғасын растайтын құжаты болуы тиіс.
      25. Қабылданған шағым білім бөлімінің кіріс ақпараттары журналына тіркеледі және «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында белгіленген мерзімде қарастырылады. Мемлекеттік қызметті алушыға қабылдау мерзімі мен уақыты көрсетілген, қабылдаған қызметкердің аты-жөні жазылған талон беріледі.
      Шағымды қарастыру нәтижесі туралы мемлекеттік қызметті алушыға жазбаша түрде пошта арқылы хабарланады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет