1 Сүйек -бұлшықет жүйесінің анатомия физиологиялық ерекшеліктері



Дата14.06.2023
өлшемі20,7 Kb.
#178773
түріҚұрамы
Байланысты:
22БИЛЕТ


22 билет
1 Сүйек -бұлшықет жүйесінің анатомия физиологиялық ерекшеліктері.
Жаңа туған баланың қаңқасы әсіресе омыртқа бағанасы білезік жамбас сүйектері шеміршек тінінен құралған. Суға бай қатты затқа тапшы болып келеді. Қантарыларға бай талшық құрамды. Осы ерекшелікке байланысты баланың жұмсақ, тез майысады сымбаты тез бұзылады. Өсе келе бала сүйек құрамы ересектерге жақындайды.12 жаста баланың сүйектері ересектерге жақындайды.
БАЛАНЫҢ БАС СҮЙЕГІ құрамында ерекшеліктер бар. Төбе мен маңдай сүйектер араласында сүйек тіні жоқ тек дәнекер жарғақпен жабылған бөлігі бар,оны ҮЛКЕН енбек деп атайды ол ромб тәріздес көлемі 2.5-2 см ( ол бала 12-18 айға толғанда жабылады.Төбе сүйектері мен шүйде арасында үш бұрышты кіші еңбек жайғасқан. Ол нәрестенің 25% да болады. 3 айында жабылады.
ОМЫРТҚАСЫ шеміршектерден құралған иіні жоқ , тік .Тек 2айында мойын лордоз ,6 айда кеуде кифозы, 1 жаста бел лордозы пайда болады.
БАЛА КЕУДЕСІ бөшке тәрізді ,қабырғалары тік 90° орналасқан , сонықтан баланың қимылы нашар болады ,бірақ өсе келе орныға келеді. Дамуы 12-13жасқа келгенде аяқталады.
СҮТ ТІСТЕРІ баланың 6-7 айында пайда болады 1ші төменгі күрек тістері пайда болады сосын жоғарғы .Тіс санау формуласы : тіс саны=n-4 . n -баланың айы .
БҰЛШЫҚ ЕТІ шала дамыған. Жұқа өсе келе қалыңдайды суға бай, бейорганикалық затқа тапшы
2 . 5 жастағы қыз бала кенеттен ауырды. Оның оң қолын ара шаққаннан кейін қолы ісіп, мазасызданды. Жағдайы ауыр, есін дұрыс білмейді. Терісі боз, акроцианоз. Ара шаққан орны күлдіреген. Тынысы үстіртін, ентігу. Пульсі әлсіз, 140рет 1 минутта.
- Бұл жағдай немен байланысты?
- Шұғыл көмек көрсету схемасын құрыңыз
- Өткізілетін іс-шараларды дәлелдеңіз
1. Анафилактикалық шок
Анафилактикалық шок кезіндегі көмек көрсету
Көрсетілімі : анафилактикалық шок
Мақсаты: шұғыл дәрігерге дейінгі көмек
Амандасу. Өзін таныстыру. Шараны орындау барысында тиімді ара қашықтықты сақтау. Анасын тыныштандыру (уайымдамаңыз, бәрі жақсы болады, біз сіздің балаңызға шұғыл көмек көрсетеміз). Анасына шұғыл көмектің керектігін айтып жеткізу: сіздің балаңыздың демалысы қиындап жатыр, егер шұғыл түрде көмек көрсетпесек, бұл жағдай өміріне қауіпті- әлсіздіктің пайда болуы, демалысының қиындауы, ентігу, естен тану, демалысының тоқтауы тоқтауы мүмкін. Бізге шұғыл түрде көмек көрсету керек.Шұғыл көмек көрсету кезінде сіздің қатысуыңызға болады, кейін баланың жағдайына қатысты, қажет сұрақтарды қоюыңызға болады
2
Ара, сона, кене шағу кезінде.
Шаққан орынды және тері қабатын түгелдей қарап шығу.
Баланы тыныштандыру.
Жарадан жәндіктің улы тілін пинцетпен немесе скальпельдің ұшымен алып тастау.
Кене шаққан жағдайда, ол жерді ең алдымен залалсыздандырады, одан кейін басымен қоса алып тастайды.
Жараны спиртпен өңдеу.
Жергілікті мұзды мұйық қолдану
3. Дәрігердің тағайындаумен шаққан жерге 0,1% адреналин ерітіндісін енгізу-0,1-0,3 мл.; қатты ауырсынуда шаққан жерге 1-2 мл 1% новокаин ерітіндісін немесе анальгетик ерітіндісін бұлшық етке енгізу.
4.
Ауыз арқылы антигистаминді препарат беру – димедрол немесе пипольфен, немесе супрастин.
Шағу бірнеше рет болғанда аллергиялық диатезі бар балаларға – Дәрігердің тағайындаумен преднизолон 30-40 мг.
5.Дәрігердің тағайындаумен бронхоспазм кезінде – көк тамырға тамшылатып 2,4% эуфиллин, физ.ерітіндіде.
Дәрігердің тағайындаумен құрысу болса – реланиум – 0,3 мл/жасына.
Ауыр жағдайларда – аллергологиялық немесе токсикология бөліміне госпитализациялау
6.Анафилактикалық шок:Препарат-аллергенді енгізуді тоқтату. Науқастың аяқ жағын жоғары көтеріп, арқасына жатқызу, басын бір жақ жанына бұру. Инъекция орнына мұзды зат қою немесе инъекция орнына жгут салу. Қысып тұрған киімін шешу, таза ауаның болуын қамтамасыз ет
7.
Дәрігердің тағайындауымен препараттарды енгізу:
Бұлшық етке преднизолон 1-2 мг/кг (1мл-30 мкг
адреналин 0,1%( эпинефрин 0,18%)- 1 жасқа дейін 0,1 мл
1жастан 6 жасқа дейін 0,2-0,4 мл
- 6 жастан бастап 0,5-0,7 мл
Бұлшық етке димедрол 1%( дифингидромин )- 0,1 мл/ жасына
8. Дәрігердің тағайындауымен көк тамырға эуфилин ( аминофилин) 2,4%-физ.ертіндісінде
-1 жасқа дейін 0,3 мл
-1 жастан 6 жасқа дейін 0,5-2 мл
- 6 жастан бастап 3-5 мл
Немесе көк тамырға кальций глюканаты 10% - 1 мл/жасына
Оксигенотерапия.
9.Ара, сона, кене шағу кезінде .
Анасынан ашық және жабық сұрақ сұрау арқылы толық анамнез жинау.
Белгілері: Клиникасы жәндіктер шаққан кезде енетін улардың әсерінен дамитын улануға, гемолиздік әсеріне және тамырларға тигізетін әсеріне байланысты болады.
Жәндіктердің уына деген жеке бас сезімталдығының маңызы да зор. Жәндік шаққан жерде ашыну, ауырсыну және ыстықтық сезімдер пайда болады. Тексергенде: ісіну, қызару және жергілікті дене температурасының жоғарлауы. Шағу бірнеше рет болғанда жалпы реакциялар дамиды: қалтырау, бастың ауруы, лоқсу, құсу, дене температурасының жоғарлауы. Балада жоғарғы сезімталдық болған жағдайда улану және аллергиялық симптомдардың жеңіл түрінен ауыр түріне дейін байқалуы мүмкін: крапивница, Квинке ісігі, бронхоспазм, құрысулар, анафилактикалық шок.
Бұл жағдайлар шағудан кейін тек алғашқы минуттарда ғана емес, 30 мин немесе 2 сағат өткеннен кейін де байқалуы ықтимал.
Анафилактикалықшок кезінде:
Тез дамитын аллергиялық реакция, аллергенннің әсерінен кейін бірнеше минуттан кейін өте қарқынды түрде дамиды. А.Ш. даму негізінде аллергиялық реакция нәтижиесінде , көп мөлшерде белсенді заттардың (соның ішінде гистаминнің) және бұлтты жасушалардың бөлінуі жатады. Соның нәтижиесінде дамиды:
1 .Бронхоспазм(тыныс алудың қиындауы), көгеру, ентігу.
2 .Қан қысымының төмендеуі(есін жоғалту, тахикардия, жіп тәріздес пульс, тері қабатының бозаруы)
10
Шараны мейіргерлік параққа тиісті мәліметтерді енгізу. Анасына балада қандайда бір асқынулар болса, қайталанса медбике (фельдшер)-ді шақыру керектігін түсіндіру. Кері байланыс қатынасын жүргізу (түсіну деңгейін тексеру). Анасынан кеңестерді түсінгенін, сұрақтары болуын сұрау, сіз берген кеңестерді қайталап шығуын өтіну.Қоштасу. Шығарып салу
3. БЦЖ екпесін жасау техникасын қажетті құралдарды дайындап қуыршақ фантомда көрсету. Көрсетілімдері.
Стандарт: «БЦЖ-вакцинасын егу алгоритмі»
Мақсаты: туберкулездің алдын алу
Көрсеткіші: жаңа туған нәрестелер, 6-7 жасындағы Манту сынамасы теріс балалар.
Қарама қарсы көрсеткіштері: дене салмағы 2000г төмен шала туған балалар.
Құрал - жабдықтар:Мақта шариктері,салфеткалар,пинцет бар стерильді үстел, резеңке қолғап, БЦЖ вакцинасы және ертіндісі(физиологиялык ертіндісі) 2.0мл, мензурка, қара қағаздан жасалған қорғайтын конус, 2 шприц(туберкулин шприці және 2мл), ҚЖК, 70% спирт, дез ерітіндісі бар ыдыс,ветошь.
Іс – шара алгоритмі:
Анасына(туыстарына)шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіріңіз
Керекті құралдарды дайындаңыз.
Қолды гигеналық әдіспен өңдеу,құрғатыңыз.Резеңке қолғап киіңіз.
Қораптан вакцина,ертіндісі бар ампулаларды алып,мойын 70% спиртке малынған мақта шаригімен сүртіңіз.
Стерильді салфеткамен жауып сындырыңыз.
Қолданылған мақта шариктерін,салфетканы ҚЖК-ға тастаңыз.
Ампуланы мензуркаға қойыңыз.
2мл шприцтің қорабын ашыңыз.Шприцке қалпағымен инені кигізу және канюляға бекітіңіз.Иненің қалпағын шешіп ертіндісі бар ампуладан шприцке 2мл сорып алыңыз.
Ертіндіні вакцинасы бар ампулаға енгізіңіз(жайлап,кабырғасының бойымен).Вакцинаны шприцпен сорып-жіберу аркылы араластырыңыз.
Шприцті ҚЖК-ға тастаңыз
БЦЖ вакцинасының дайын ертіндісін 5-6мин бойы мензуркаға бетіне стерильді салфетка және конус жауып қалдыру,одан кейін вакцинаны жарық көзінде тексеріңіз.
Туберкулин шприцінің қорабын ашыңыз.Шприцке қалпағымен инені кигізу және конюлаға инені бекіту,қалпағын шешіңіз.Ертілген БЦЖ вакцинасы бар ампуладан 0,2мл вакцинаны сорып алыңыз.
Қалған вакцинаны бар ампуланы мензуркаға қойып,стерильді дәкемен және конуспен жабыңыз.
Шприцпен ауаны стерильді мақтаға 0,1мл дейін шығарыңыз (мақтаның ҚЖК-ға тастаңыз). Шприцті стерильді үстелдегі салфетканың астына қойыңыз.
Баланың сол жақ иығының жоғарғы 1/3 бөлігі 70%спиртке малынған стерильді мақта шаригімен өңдеңіз.Спирт кепкенше тосыңыз.
Сол қолдың 1және 2 саусақтарымен теріні керуі,иненің кесіндісін жоғары қаратып,шприцтің бұрышын 10-15 градуста ұстап,жәйлап тері ішіне вакцинаны енгізіңіз (белгісі лимон қабықшасы).
Инені алыңыз.Инъекция орны спиртпен өңдеуге болмайды. Туберкулин шприцін ҚЖК-ға тастаңыз.Қолғапты шешіңіз, контейнерге салыңыз.
Қолды жуыңыз, кептіріңіз.
Баланың даму тарихына, егу журналына, 063у формасына тіркеңіз.
Егуден кейін 3 күн бақылауға алыңыз. Дәрігерге егуден кейін асқыну болған жағдайда хабарлаңыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет