Тақырып: Табиғатқа саяхат.
Ә дыбысы мен әрпі
|
Мектеп Домалақ ана атындағы жалпы орта мектеп
|
Күні: .17ж
|
Мұғалімнің аты-жөні: Ж. Әсілова
|
Сынып 1 «Ә»
|
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар:
|
Осы сабақты меңгеруге көмектесетін оқу мақсаттары:
|
1.2.1.2 Оқудың түрлерін қолдану
1.1.9.2 Дыбыстардың мағына ажыратушылық қызметін түсіну
1.3.11.1 Сөйлемдегі бас әріптен бастап жазып, сөйлем соңына тиісті тыныс белгілерін қою
|
Сабақтың мақсаты:
|
Оқушылардың барлығы орындай алады:
|
Сөздерді, сөйлемдерді оқи алады.
|
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
Дыбыстардың мағына ажыратушылық қызметін түсіне алады.
|
Кейбір оқушылар орындай алады:
Сөйлемде тыныс белгілердің қойылу себебін айта алады.
|
Ойлау дағдыларының деңгейлері
|
Білу, түсіну, қолдану
|
Бағалау критерийлері
Дескриптор
|
Оқудың түрлерін қолданады.
Дыбыстардың мағына ажыратушылық қызметін түсінеді.
Сөздерді дұрыс оқиды.
Сөйлемдегі сөздердің санын анықтайды.
|
Тілдік мақсат
|
Оқушылар: Ә дыбысымен танысады, сауатты жазады
|
Негізгі сөздер мен тіркестер:
Сәуір, Дәуір, дән, әтеш
|
Сыныптағы диалог/ жазылым үшін
Ә әрпін жазу
|
Талқылауға арналған сұрақтар:
Сәуір қай мезгілдің айы?
Шанамен қай кезде ойнауға болады?
Қыстың айларын ата.
Қазір қандай ай?
Аққаланы неден жасайды?
|
Жазылым бойынша ұсыныстар :
Дәптермен жұмыс
|
|
Неге екенін айта аласыңдар ма?
Дәрігер қандай қызметтер атқаратынын айта аласың ба?
|
Алдыңғы тақырып
|
Табиғатқа саяхат.
Ә дыбысы мен әрпі
|
Жоспар
|
|
Уақыт аясы
|
Жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
5 минут
|
Ұйымдастыру кезеңі.
Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.
Сылдырап соғып қоңырау,
Сабағымыз басталды.
Тыңдаймыз, есте сақтаймыз,
Жоғалтпай босқа уақытты.
( қалыптастырушы бағалау, мадақтау арқылы)
|
|
Сабақтың ортасы
30 мин
|
Жаңа сабақты жұмбақ шешуден бастау
Бұрап қойған сағаттай ,
Айғайлайды таң атпай. Бұл не?
-Әтеш.
-Әтеш сөзін буынға бөліп айтып көрейікші?
-Қалай айтылады?
(қалыптастырушы бағалау, смайлик)
Оқылым.
Ән сән дән әке Сәкен тәтті дәрі дәрігер тәулік сәуір Дәуір Әсет. ( тізбектей оқыту )
Шана мәтіні
Әкем туған күніме шана сыйлады. Мен қатты қуандым. Әкеме рақмет айттым. Шана әдемі. Қыста шанамен сырғанаймын. (қалыптастырушы бағалау, өзін-өзі мадақтау)
2 Жаңылтпашты оқы және жаңылмай жатқа айтып көр.
Келген малшы
Әрі әнші,
Әрі аңшы. (қалыптастырушы бағалау, бармақ арқылы )
Әріптерден сөз құра . Оларға сәйкес суретті таңда
Дәптермен жұмыс ( кері байланыс)
Сергіту сәтін жүргізу «Қайдан келесіз?» ойыны ( қалыптастырушы бағалау, «От шашу»
Жұптық тапсырма орындау
|
Оқулық
Жұмыс дәптері
|
Сабақтың соңы
10 мин
|
«Терезе» тапсырмасы
|
|
Қосымша ақпарат
Әже өлеңін оқып беру.
Аңғара қойып қарасын,
Әкеліп берем таяғын.
Деп сұрап та қоямын.
Ол қаласа, әр үйге
Апарамын жетектеп.
Орындаймын бәрін де,
Айтқандарын екі етпей.
|
Саралау – сіз қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?
Қабілеті жоғары балалардың алдына қандай міндет қоюды көздейсіз?
|
Бағалау – балалардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?
|
Пәнаралық байланыс
Денсаулық пен қауіпсіздікті тексеру
АТК -мен байланыс
Құндылықтармен байланыс
|
Қима қағаздар
а- ә әріптерінің тиістісін жаз.
|
Ә дыбысы бар сөздерді айт.
Жіңішке айтылатын сөздерді айт.
Дыбыстар нешеге бөлінеді?
Дауысты дыбыстар не құрай алады?
|
Дүниетану
Ұқыптылыққа тәрбиелеу
|
Рефлексия
Сабақ мақсаты/ оқыту мақсаты шынайы болды ма?
Бүгін оқушылар не үйренді?
Сабақтағы ахуал қалай болды?
Менің жұмысқа деген саралау тәсілім тиімді болды ма?
Кесте бойынша жұмыс жүргізе алдым ба?
Мен жоспарыма қандай өзгеріс енгізгім келеді? неге?
|
|
Жалпы баға
Қандай екі н әрсе табысты болды ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)
1.
2.
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)
1.
2.
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетінін не білдім?
|