Эссе Тақырып: «Домбыра аспабын үйретуде дыбысты таза алу жолдары»
Аспапта ойнап үйрену үшін, ең алдымен, адамға ынта, жігер және талпыныс керек екені айтпаса да түсінікті. Жаныңыз қаламаса, оны сізге ешкім де күштеп үйрете алмайды. Екіншіден, бұл аспапта ойнап үйрену үшін арнайы мамандарға немесе домбыраны жетік білетін танысыңызға жүгінгеніңіз абзал. Домбыра – оңай игеріле салатын аспап емес. Оны үйренудің өзіндік әдісі, тәсілі бар. Тек бойында таланты, құлшынысы бар жандар ғана бұл аспапты өздігінен игере алады. Ең алдымен, аспапты дұрыс таңдай білу керек. Иә, бүгіндері домбыраны сатып алғысы келетін адам оны кез-келген базардан, музыкалық аспаптар дүкенінен таба алады. Алайда мамандар ұлттық аспапты арнайы шеберханадан сатып алуға кеңес береді. Домбыраны жасаушылар сізге дұрыс таңдау жасауға көмектесіп қана қоймай, аспапты тез игерудің жолдарына нұсқайды. Ал енді домбыра аспабын үйретуде дыбысты таза алу үшін әрбір пернені анық басу керек. Саусақпен анық басылмаған әрбір дыбыс анық естілмей, музыка тілімен айтқанда фальш естіледі. Дыбыстың таза шығуына қолдың қойылысы да әсер етеді. Бұны музыка тілінде Аппликатура деп атайды. Дыбыстың таза әрі құлаққа жағымды шығуы домбырашының отырысына және аспаптың дұрыс орналасуына тығыз байланысты.Домбыра үйренушілеріне орындықта дұрыс отыру мен аспапты дұрыс ұстауды үйрету өте мән берелік жұмыс.
Орындықта дұрыс отырмау, мысалы, еңкіш отыру, шалқақ отыру немесе қырын отыру домбырашыға ыңғайсыздық тудырып, сол қолдың дұрыс орналаспауына, оң қолдың білезік буынының дұрыс қалыптасуына, шынтақтың денеге қысылып, иықтың бір-бірінен жоғары болуына әкеп соқтырады. Домбырашының сол аяғы еденге нық басылып, денесін тік ұстауы керек. Алғашқы үйрену кезінде басын аздар алға қарай еңкейткені жөн, өйткені орындаушы домбыра пернелерін және өз отырысының дұрыс немесе терістігін қадағалап отыруы керек.
Домбыраның сабы сол қолдың алақанына тимеуге тиіс, домбыра сабы меналақанның арасы қуыс болуы шарт.Егер домбыраның сабы алақанға тиіп тұрса, сол қолдың білезік буыны қысылып қалады да, саусақтардың қозғалысына кедергіжасайды. Пернелерді басқанда сол қолдың саусақтарының тырнаққа жақын жеріндегі жұмсақ етімен және перненің дәл үстінен баспай, пернеден сәл төмендеу жерінен дәл басу керек .Бұл дыбыстың таза, әрі сапалы шығуын қамтамасыз етеді.