САБАҚ ЖОСПАРЫ «Келісілді»
Оқу ісінің меңгерушісі
Мерзімі:23.01.2016 ж ___________________
Пән аты: Физика
Сыныбы: 9 «а,ә,в»
Сабақ тақырыбы: §33. Дыбыс. Дыбыстың сипаттамалары. Акустикалық резонанс. §34. Дыбыстың шағылуы.Жаңғырық.. §35.Ультрадыбыс.
Сабақ мақсаты:
-
Дыбыс туралы ұғымды қалыптастыруды жалғастыру, акустикалық резонанс, дыбыстың шағылуы, жаңғырық туралы оқушыларға түсінік беру.
-
Оқушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге жетелеу.
-
Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекке баулу.
Керекті құрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, слайдтар, камертондар, домбыра
Сабақ түрі: аралас
Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар:
ІІІ. Жаңа сабақ.
-
Дыбыс деген не?
-
Дыбыс қалай таралады?
-
Вакуумда дыбыс тарала ма?
-
Дыбыс жылдамдығы таралу ортасына байланысты ма?
-
Дыбыстың қандай сипаттамаларын білесіңдер?
-
Музыкалық дыбыстар деген не?
-
Дыбыс қаттылығы немен анықталады?
-
Дыбыс тембрі деген не?
-
Негізгі тон, обертон деген не?
-
Оқушылардың үйге берілген есептерді қалай шығарып келгенін тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Акустикалық резонанс құбылысын түсіндіруге арналған тәжірибе көрсету.

Дыбыстың шағылуы.
Жаңғырық – қандай да бір кедергіден шағылған және бастапқы таралған орнына қайта оралған дыбыс толқындары.
Дыбыстың әр түрлі кедергілерден шағылуы барысында, естілу ұзақтығының артуы реверберация деп аталады.
Жиілігі 20000 Гц-тен жоғары дыбыстарды ультрадыбыстар деп атайды.
Шағылған ультрадыбысты пайдаланып, нысананың орнын анықтау тәсілі эхолокация деп аталады.
IV. Пысықтау.
V. Есептер шығару.27-жаттығу. №3, №4, 28-жаттығу. №2.
VІ. Қорытындылау.
VІІ. Бағалау. Үйге тапсырма: §33- §35. 27-жаттығу, №1, №2 . 28-жаттығу, №1
Достарыңызбен бөлісу: |