Сөж тақырыбы: Денеге бағытталған терапия топтары



Дата16.12.2021
өлшемі23,54 Kb.
#101686
Байланысты:
Коррекция СӨЖ Есен Айнара
Документ 21, Сестринское дело (алгоримты каз), қазақ тілі 9-12

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Денеге бағытталған терапия топтары

Дайындаған: Есен Айнара

Тексерген: Сактаганова Т

Денеге бағытталған терапия.

Денеге бағытталған терапия- психологиямен психотерапияның қазіргі бағытының бірі. Бұл терапияда денені адамның ішкі дүниесінің жанының бейнесі, оның жанының күйі ретінде қарастырады. Осы терапияның өкілдерінің айтуынша, адамда болатын барлық  90% психикалық ауруларды  оның денесіне әсер етуі арқылы емдеуге болады, сонымен қатар психосоматикалық бұзылыстар мен көптеген аурулар адамның бұлшықетінің қысылуынан  пайда болады. Денеге бағытталған терапияны қолдану, адамның өміріндегі ең басты-дене, жан және ақылдың өзара ара-қатынасын сезінуге машықтандырады.

Бүгінгі күні аз дегенде, «денемен жұмыс» тәрізді анықталатын 15 әртүрлі  көзқарастар сипатталған. Олардың  кейбіреулері мәні бойынша таза психотерапиялық, ал басқаларының мақсаты тәннің денсаулығы болып табылатын терапияның әдістері ретінде неғұрлым нақты белгіленген.

Денеге бағытталған психотерапияның практикалық тәжірибе мен ағзаның қызметіндегі рухани және тәндік өзара байланысын көп жылғы бақылау негізінде пайда болды. Ол психотерапияның басқа бағыттарына қарағанда, дамуы әрдайым артып жатқан холистикалық бағытты ұстанады. Дене мен сана дуализмін жеңу және біртұтас тұлғаға оралу адамның мінез-құлқын түсінудің терең өзгерістеріне әкеледі.

Бүгінгі күнгі Денеге бағытталған  психотерапияның әдістері біртұтас тәсілдің барлық талаптарына жауап береді. Оларды адамға бүтіндік сезімін қайтаруға, шеттетілген ақпаратты түсінуге ғана емес, сонымен бірге осы уақытта дене мен психиканың бірлігі, бүкіл ағзаның бүтіндігін сезінуге үйретуге тырысу біріктіреді. Денеге бағытталған психотерапияның барлық әдістері науқас өз тәжірибесін психикалық және тәндік өзара байланысы, өзінің әрекет етуінің жақсаруына мүмкіндік беріп, өзін сол күйде қабылдау жағдайларын қамтамасыз етуге бағытталған.

Денеге бағытталған психотерапия Райхтың ең белгілі әдістерінің бірі , мінез талдауы және вегетотерапия тәжірибесі болып табылады. Райх науқастармен жұмыс жасауда табиғат пен мінез-құлық қызметтеріне түсініктеме беретін алғашқы аналитик болған. Ол жеке тұлға мінез-құлығының физикалық аспектілеріне, әсіресе «бұлшық ет сауыты» деп атаған созылмалы бұлшық ет қысқышына назар аударудың маңыздылығын атап айтқан. Райх адам денесіндегі тұрақты бұлшық ет күштенуін оның мінез-құлқы мен ауыртатын эмоциональдық тәжірибе қорғанысының түрімен байланыстырып, «бұлшық ет сауыты» теориясын әзірлеген. Оның ойынша, сөзылмалы бұлшық ет қысқыштары үш негізгі эмоциональдық жағдайды блоктайды: үрейлілік, ашу және жеңсіктік қөзу. «Бұлшық ет сауыты» адам сезімдерін шектеп және бұзып, қатты эмоцияларды сезіну мүмкіндігін бермейді. Райх жазған: «Бұлшық еттің құрысуы ығыстыру үдерісінің денелік жағы және оның ұзақ мерзімді сақталу негізі болып табылады» (Reich W., 1997).

Райх теориясының негізінде  адам психикасының қалыпты қызметін қиындататын қорғаныс механизмдерге  денеге тікелей әсер ету арқылы қарсы  әрекеттер жасауға болатыны туралы ұғым жатыр. Ол «вегетотерапия» деп  атаған қорғаныс бұлшық етке тікелей  әсер етуден «мінез-құлық талдауы» және «биофизикалық қызмет саласындағы  мінез-құлық талдауы» деп атаған өзінің аналитикалық түсіндірулерін көрсеткен. Райх тұлға өсуінің негізгі кедергісін адамға айналадағы адамдар мен қоршаған табиғатпен үйлесімді толыққанды өмір сүруге бөгет болатын қорғаныс бұлшық ет сауыты деп көрген. Ол денені қамтитын «бұлшық ет сауытының» жеті сегментін жіктеген: 1) көз тұсы, 2) ауыз және жақ, 3) мойын, 4) кеуде, 5) диафрагма, 6) іш, 7) жамбас.

Райх «бұлшық ет сауытының» босаңсуы маңызды либидиноздық энергияны босатады және психикалық талдау үдерісіне көмектесетінін анықтаған. Райх белгілі бұлшық ет тобының созылмалы күштенуін төмендетуге, сол арқылы сол күштенуді тежеп тұрған эмоцияларды босатуға мүмкіндік беретін арнайы терапиялық әдістемені әзірледі. Ол науқастың әртүрлі дене мүшелеріндегі өмірлік сезімдерін қалай басатынын сезінуге мүмкіндік беру үшін, бөлшекті түрде науқастың қалпына және оның физикалық әдеттеріне талдау жасайды. Райх науқастардан сол дене бөлігімен байланысты эмоцияны жақсы сезініп және анықтау үшін белгіленген қысқышты күшейтуді өтінді. Ол науқас жабырқаңқы эмоцияны қабылдап, өз көрінісін тапқан соң, соңғысы толығымен өз қысқышынан бас тартуға болатынын байқады. Бірте-бірте Райх байланған эмоциялардың босатылуына ықпал ету үшін, қолдарымен уқалап, қысылған бұлшық еттермен тікелей жұмыс жасай бастады. Райхтың түсініктер дамуының динамикасын бақыласақ, бірыңғай ауызша тілге негізделген аналитикалық жұмыстан мінез-құлық және «бұлшық ет сауытының» психологиялық және тәндік аспектілеріне, ағзадағы биологиялық энергияның еркін таралуын қамтамасыз етуге бағытталған, содан кейін бірыңғай бұлшық ет қорғаныс сауытымен жұмыс жасау акцентіне қарай дамығанын байқауға болады.

Лоуэн биоэнергетикасы мінез-құлық  талдауында дененің рөліне топталған, оған Райхтың тыныс алу әдістемесі кіреді. Заманауи психикалық талдауға ұқсас әдістемені сақтай отыра, биоэнергетикадағы  психологиялық жұмыс арнайы қалыптарда терең тыныс алу аясында күш  салынған бұлшық еттерге жанасу және қысым жасауды қолданады, сонымен  бірге ағзаның психофизикалық бірігуіне  көсектесіп, дененің кең сезінуіне, сыртқы әсерсіз бейнеліліктің дамуына  мүмкіндік береді.

Лоуэннің пікірінше, невроз, жабығу және психикалық тәндік бұзылуларының себебі сезімдердің тұншығуы болып табылады, ол адам ағзасындағы энергияның еркін ағуын жауап тастайтын және жеке тұлға қалыптасуының өзгерісіне әкелетін сөзылмалы бұлшық-ет күш салулармен бірге болады.

Сонымен бірге Лоуэннің биоэнергетикалық терапиясы Райхтың терапиясынан айырмашылығы орасан зор. Мәселен, Лоуэн  бұлшық-ет сауыты блоктарының басынан  аяғына дейін – бірізді әлсіреуіне талпынбайды. Ол басқаларына қарағанда  психоталдауға тән науқаспен  тікелей қатынасты қабылдамауды жеңе білетін ағзаға қолмен емдеу  тәсілін сирек қолданады. Одан басқа Лоуэн Райхтың невроздың жеңсіктік табиғатына деген көзқарастарымен келіспейді және сондықтан оның жұмысы замандастар арасында құпталады.

Адам ағзаны босату арқылы өмірлік энергияның еркін айналуымен ере жүретін бұлшық-ет күш салуынан босайды, бұл Лоуэннің пікірінше науқастардың терең жеке өзгерістеріне әкеледі. Есейген тұлға өз сезімдерінің айқындалуын бақылау, сондай-ақ сыртқы әсерсіз ағымға беріліп, өзін-өзі бақылауды тоқтату сияқты тең дәрежеде болады. Ол қорқыныш, ауыру, ашу немесе реніш сияқты жағымсыз сезімдермен қатар, қанағаттандыратын жеңсіктік күйзелістер, қуаныш, махаббат сияқты сезімдерге тең дәрежеде қол жеткізе алады. Адамның өмірге деген қатынасы мен мінез-құлқы дене бітімінде, қалпында, қимылында айқындалады, адамның дене өлшемдері мен оның мінезі мен тұлға құрылуының арасында тығыз байланыс бар, деп ойлайды Лоуэн. Ол адамның психикалық және дене көріністерін негізге алып, адам мінезінің бес түрін жіктейді: «есалаң», «ауызды», «психопатиялық», «мазохистік» және «ригидтік» түрі. Одан басқа биоэнергетикалық терапияда «энергия», «бұлшық-ет сауыты», «жерге қосу» жататын ұғымдар қатары әірленген. Сонымен бірге соңғысы биоэнергетикалық терапияда маңызды категория болып табылады, оның пайда болуы Лоуэннің Райх теориясының дамуына принципиальды үлесі саналады. Бұлшық-ет шандырларымен қимылдар жасау, тыныс алу гимнастикасы, эмоциональдық босаңсу техникасы, дененің құрысып қалған бөліктеріне энергия жіберу үшін күшейтілген қалыптар («Лоуэн аркасы», «таздық арка»), белсенді қөзғалыс жаттығулары, эмоцияларды босатудың вербальды тәсілдері, терапиялық топ мүшелерінің дене қатынастарының түрлі нұсқалары және т.б. биоэнергетиканың негізгі тәсілдері болады. Мұндай қатынастар топ мүшелеріне қолдау бола алады.

Александр әдісін мүсін мен  үйреншікті қалыптарды түзету техникасы  ретінде қабылдайды, бірақ бұл  шын мәніндегі қызметінің бір  бөлігі ғана болады. Шын мәнінде  бұл өзін-өзі тануға аса терең  бағытталған жүйелі бағдар, ағзаға жоғалған психофизикалық бірлікті қайтаруға  тырысатын әдіс. Александр бойынша  аданың бүкіл әрекеті оның денемін  басқару қабілетіне байланысты. Осыған көптеген қарама-қарсы мүмкіндіктер бар, бірақ әр жағдайда нәтижеге жеңіл  және жылдам жетудің ең жақсы тәсілді  қамтамасыз ететін бір ғана жол болады. Александр ағзаның ауруларға  әкеліп соғатын қызмет ету тәсілі дене бұлшық-еттерінің теріс (тиімсіз) қолдануымен айқындалады, ол бұлшық-ет күш салуы арқылы жүзеге асады. Ол қөзғалысты орындаудың үйреншікті тәсілдерінің орнына өзіндік денені жақсартуға септігін тигізетін, ағзаны сауықтыруға ықпалын  тигізіп, жаңаны құруды ұсынған. Александер пікірінше, нерв жүйкесімен ауыратын адамдар  әрдайым «қысылған» болады, оларға тегіс емес бөлінген бұлшық-ет жүктемесі (тонустың құбылмалдылығы) мен жаман  мүсін тән. Ол неврөздар «... ойлармен емес, дененің ойларға деген тонустық реакциялармен пайда болады...», бұлшық-ет реакциялары есебінсіз психотерапия табысқа әкелмеуі мүмкін және жан  жарақаттарының себептерін зерттеуге  ғана емес, бұлшық-еттерді басқарудың жаңа жүйесін құруға көңіл аудару қажет деп тұжырымдаған. Александер әдісі екі іргетас қағидаға негізделген  – тежеу қағидасы және директива  қағидасы. Тежеу – оқиғаға тікелей  реакцияның шектелуі. Александр ойынша, ізделіп отыратын өзгерістердің  іске асуы үшін алдымен өзінің үйреншікті тума қасиетті реакцияны нақты қөздырғышқа  тежеп (немесе тоқтату), және содан кейін  ғана директиваны қолданып, осы жағдайдағы әрекеттің ең тиімді тәсілін табу керек. Ол келесідей директиваларды қолдануды ұсынды: дененің сөзылып  кеңеюі үшін, мойынды бастың алға және жоғары қарай жылжитындай етіп босату керек. Александер бас пен мойынның өзара қатынасына аса мән берді. «Бастапқы бақылау» - бас, мойын және дененің өзара байланысын сипаттайды - басты рефлекс, ол үйлестіру және денені теңгерімді басқаруды қоса, барлық басқа рефлекстерді бақылайды. Ол мойын бұлшық-еттерінің қысылуы мен бастың артқа қарай ауытқуы нәтижесінде адам қөзғалысының табиғи үйлестіруі ғана емес, сонымен қатар қөзғалыстан кейінгі қалыпты жағдайға оралудың механизмі бұзылады. Александер әдісін оқыту үдерісінде адам қандай жағдайда бұлшық-еттерінің теңбе-тең емес күш салуы пайда болатынын ұғыну, тиісті бұйрыққа қөзғалысты жасаудың кез келген рефлекторлық әрекетін тежеуге, саналы ойлау арқылы бұлшық-еттердің күшін шешуді үйрену керек.

Александерден қарағанда  Фельденкрайз тек «ұғыну әрекетті ниетке сәйкес жасайды» деп санап, көп көңілді  сезінуге бөлген. Фельденкрайз әрекет бейнесінің теориясының әзірлемесіне үлесін қосып, ағзаның қалыптасуына деген біртұтас көзқарас мәселесіне арналған әдісті әзірледі. Ол қызметтердің бұзылуы қате құрылғылармен ғана емес, сонымен бірге адам ойланғанды орындау үдерісінде қате қимылдар жасайтынымен де байланысты деп тұжырымдайды. Фельденкрайз пікірі бойынша «мақсатты әрекетке»  кедергі болатын іс-әрекет үдерісінде көптеген артық, кездейсоқ қимылдар жасалады; нәтижесінде кей әрекеттер  оған қарама-қарсы бір мезгілде жасалады. Бұл адамның өзінің тек түрткілері мен әрекет нәтижесін ұғынатытынан, ал соңғының үдерісі танылмайтын  болып қалады. Фельденкрайз бұлшық-ет қөзғалысын адам қимылының маңызды  құрамдас бөлігі деп санаған және денені басқарудың жаңа тәсіліне үйретіп, мінез-құлықты өзгертуге тырысқан. Ол өз жұмыстарында өз бейнесі мен  қимыл бейнесі ұғымдарын қолданған. Фельденкрайзқа сәйкес аамның мінез-құлқын өзгерту үшін өзімізге тән бейнені  өзгерту керек, ал бұл реакция  серпілісінің, мотивация табиғаты мен  осы қимылға жүгінген барлық дене бөліктерінің жұмылдырылуын талап  етеді. Фельденкрайз әзірлеген жаттығулар мақсаты өзінің әрекеттерін ұғына  отыра, ең аз күш салумен қөзғалу  мүмкіндігі мен аса жоғары тиімділікті  туғызу. Ерікті қөзғалыстар жасауға  қатысатын бұлшық-еттерге назарды  шоғырландырып, артық болатын және ұғынылмайтын бұшық-ет күш салуларын  анықтауға болады. Сонымен бірге  субъектінің бастапқы мақсатына  қайшы келетін әрекеттерден құтылуға мүмкіндік бар. Фельденкрайз өзінің идеяларын іске асыру үшін әртүрлі  дене мүшелерінің өзара әрекеттесуіне, түйсіктердің саралап жіктелуіне, қөзғалыстың  стандарттық паттерндерін жеңуге бағытталған  жаттығуларды әзірледі. Ол сезімталдылықты  жетілдіру арқылы қөзғалысты неғұрлым нақты басқаруға үйретіп, адамның  мінез-құлқын өзгертуді ұсынды.

Райхтың классикалық терапия  тәжірибесі шегіне жатпайтын Денеге бағытталған психотерапия жеке түрлері бондинг, сезіктік ұғыну әдісі, құрылымдық интеграция әдісі болады.

Сезіктік тәжірибе ұғымы, оның сараланып қабылдануы және күйзелу  сезіктік ұғыну әдісіндегі негізгі  болып табылады. Сезіктік түсіну –  бұл дене түйсіктерін ұғыну үдерісі, дене түйсіктері, эмоциялар, бейнелерді саралап қабылдауды және олардың  арасындағы байланысты орнатуды оқыту. Адам жастайынан өзіндік тәжірибе маңыздылығын төмендетуге үйренген және «өзгелердің  тәжірибесінде үйренеді», яғни өз тәжірибесін  айналадағыларды қанағаттандыратын  құрылымдармен ауыстырады. Сонымен  бірге өзінің дене түйсіктері еленбейді. Сезіктік түсіну әдісі бойынша сабақтар бұл тосқауылдан өтуге көмектеседі, неғұрлым толыққанды дене-түйсіктік  қызмет етуге оқытады.

Жеке тұлға  рөльфингпен  қамтамасыз етілген өзгерістер санасын  дене құрылысы мен қызметінде сақтаса, алынған әсер тұрақты болады. Ол үшін қалып пен дене тепе-теңдігімен жасалатын жаттығулар кіретін «құрылымдық  паттерндер қамтамасыз етілуі» жүйесі бар.

Көптеген мамандар  рөльфингтің  физикалық жағдайда оң нәтижелерге  жетіп, алдағы уақытта әсер етудің психологиялық  әдістерін неғұрлым тиімді жасауға  мүмкіндік туғызады деп атап көрсетеді.

Әдебиет:


Бондаренко А.Ф.Психологическая помощь: теория и практика. — Изд. 3-е, испр. и доп. — М.: Независимая фирма “Класс”, 2001. — 336 с. — (Библиотека психологии и психотерапии, вып. 94). ISBN 5)86375)040)5

Грановская Р.М. Элементы практической психологии.— 2-е изд.— Л.: Издательство Ленинградского университета. 1988.—560 с. 

Карвасарский Б.Д. Психотерапия Учебник для студентов медицинских ВУЗов. 2-е изд., 2002.

Нельсон-Джоунс Р. Теория и практика консультирования – СПб.: Издательство «Питер», 2000. – 464с.



Осипова А.А. Общая психокоррекция: Учебное пособие для студентов вузов. – М.: ТЦ «Сфера», 2000.– 512с. ISBN 5-89144-100-4

Романин А.Н. Основы психотерапии: Учеб. пособие для студ. высш. учеб. заведений. - М.: Издательский центр «Академия», 1999. - 208 с. ISBN 5-7695-0418-8, стр.43-49.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет