15-дәріс Тақырыбы: Байланыстырып сөйлеу әдістемесі. Мәтінді оқыту әдістемесі Қарастырылатын мәселелер



Дата28.11.2019
өлшемі23,58 Kb.
#52593
Байланысты:
байланыстыра
62298, 62298, ТП каз (2), 12-14, Титулки-Тесты, 1444200650275, Қазақ диалектологиясы Практикалық сабақ тапсырмалары, Отбасы және қазіргі заман, Смайлы А3, Смайлы А3, Смайлики Кері байланыс, шапка ктп, 12 101945 1 90173, силлабус ҚМТҚ Жәниет Н.Б.
15-дәріс

Тақырыбы: Байланыстырып сөйлеу әдістемесі. Мәтінді оқыту әдістемесі

Қарастырылатын мәселелер:

1.Байланыстырып сөйлеудің кейбір психологиялық, педагогикалық және лингвистикалық ерекшеліктері.

2.Мәтін туралы ұғым қалыптастыру әдістемесі

3.Мәтіннің тұтастығы оның құрылымдық және мағыналық бірлігі арқылы танылатындығы.

Бастауыш сыныптарда жаздыруға болатын мазмүндаманы топтай келгенде мынадай түрлерін корсетуге болады: дайын оңгіме бойынша мазмүндама, сурет бойынша мазмүндама, кино, диафильм бойынша мазмүндама.

Шығарма жаздырғанда балалардың оз төжірибесіне сүйеніп, бойындағы білімін, дағдысы мен шеберліктерін жарыққа шығаруға, іске асыруға жол беру керек. Методист Ш.Корібаев: "Шығарма жаздыру жүмысы оқушының үнемі басшылық етіп отыруын керек қылады. Өйткені не болса, соны я кез келген тақырыпты жаздыра беруге болмайды. Окушылармен тиісті оңгіме жүргізіп, байқап сүрастыра отырып, шындыққа үйлесетін, шамасы келетін, жақсы білетін, еркін меңгеріп айта алтын материалды жаздырған дүрыс"15, — дейді. Сондықтан қандай жағдай болмасын, мазмүндама мен шығарма мүғалімнің басшылығымен дүрыс одіс арқылы жүргізілгенде ғана белгілі бір нотиже береді, козделген мақсатқа жетеді. Ол үшін мүғалім бүл жүмыстарға қойылатын методикалык. талаптарды жақсы білуге тиіс.

Бастауыш мектептерже жүргізілетін тіл дамыту жүмысы негізінен мынадай мақсаттарды коздейді: 1) оқушылардың байқағыштық ойлау қабілетгері мен тілін, дүниетанымын дамыту, ор нәрсені салыстыра талдап салыстыру негізінде оз беттерімен қорытынды шығара білуге үйрету; 2) оқушыларға қазақ эдеби тілі нормасына сай, оз сезімін, ойын дурыс жазып бере алатындай, дағдылар, біліктер қалыптастыру; 3) оқушыларды ана тілін сүюге, оның алтын корын, тамаша сырлы, коркем де нэзік соз байлығын қолдана білуге жэне оны сезініп, қүрметтей білуге торбиелеу; 4) қазақ тіл ғылыми табысы негізінде оқушылардың жазу тілін дамытуға септігі тиетін мазмүндама мен шығарма жүмыстарының оңай да тиімді түрлерін іріктеп алып үсыну; 5) шығарма мен мазмүндама Мәтіндері аркылы балаларды оз Отанына берліген шын патриот, бір-біріне достық, туысқандық рухта, бауыластык сезімге, қоғамымызға саналы да белсенді қызмет ете білуге торбиелеу.

Бүл жұмыстарға қойылатын методикалык, талаптардың бастылары: 1) Берілген такырыпты ашып корсете білу, оқушы озінің жинаған материалын берілген тақырыптағы негізгі ойды корсететіндей етіп іріктеуі қажет. 2) Жазылған жүмыстың мазмүнды болуы, балалардың жазған мазмүндамалары мен шығармалары орфографиялык, пунктауциялық жағынан ғана емес, мазмүны жағынан да, ойдың реңін білдіруі, сөйлемдердің арасындағы байланыстардың дүрыстығы т.б. жақтарынан да бағалануға тиіс. 3) Оқушы материалды ешбір қайшылықсыз, белгілі бір ретпен, жүйелі түрде баяндауға тиіс, яғни алдын ала синтездеу жүмысы дүрыс үйымдастырылып, саналы түрде откізілуі қажст. Оқушы оуелі не жөнінде, одан кейін нені айтатынын толық синтездеп, жоспар жобасын жасап алады. Сөз, сөйлем калдырып кетіп, ойдың күрт үзіліп, байланыссыз қалуынан сақ болған жон. 4) Оқушылар айтайын деген ойын дэлме-дол, анық білдіретіндей етіп, создерді, материалдың ішіндегі негізгілерін, таңдап қолдануға тиіс (мысалы, III сынып оқушысы "Мәншүк" Мәтіні бойынша мазмүндама жазғанда, "жаудың жаңбырша жаудырған оғы" деген тіркесті сол қалыпында беруге тырысып, "жаудың тамаша жаудырған оғы" деп жазған.) Мүндай қателерге жол бермеу үшін, соз іріктеу, сөйлем қүрастыру т.б. Мәтінді анализдеу, синтездеу жүмысына дүрыс мөн берген жон. 5) Басы артық соз қолдану, кыстырма соз қолдау, бір создің бірнеше рет қайталануы сиякты кемшіліктерге жол бермеу шарасы жасалу^а тиіс (Мысалы, "қар ери бастасымен, қызғалдақтар шыға бастады", "Күн жауды, күн жауған соң, жер су болды", "Қарғаның қарны ашты. Сосын ол тамақ іздеді. Сосын қарга келіп қонды"). 6) Оқушы жазба жүмысында сөйлемдерді белгілі бір формада қарастыратын болсын, яғни бір сөйлем откен шақта, екінші сөйлем келер шақта түрмасын ("Мен тауға бардым. Күн ыстық болады"). 7) Жергілікті ауыз-екі сөйлеуде қолданылатын создерді жазуда қоддануға дағдыланбау керек ("Там төбесін кар басып қалды"; "Жейдесі су болды", "Азанда бүддірген теруге кеггі"). 8) Жазба жүмыстарын жетілдіре білу дағдыларын оқушылар міндетті түрде меңгерген болуға тиіс, яғни жазба жүмыстарының орфографиялық, пунктуациялық, лексикалық қателерін оқушы мүқият қарап, текесріп шығатын болсын. Мүнда тіпті кейбір қате қүрастырылған сөйлемдерді жондеуге де жол беріледі.

Міне, бастауыш сыныптардағы тіл дамыту, байланыстырып сөйлеуге үйрету жүмыстарының

2. Дайын әңгіме бойынша мазмұндама. Мазмүндаманың бүл түрі, атына лайық, белгілі бір алдын ала дайындалған әңгіме бойынша жаздырылады. Дайын әңгіме бойынша мазмүвдама колемі шағын, мазмүны жеңіл оңгімелер арқылы жүргізіледі. Мысалы, "К,арлығаш пен торгай" әңгімесін сыайық. "Қарлыгаш уя салды. Дайын уяга торгай орналасып алды. Торгайга қарлыгаштың жалғыз өзінің шамасы келмеді. Ол көмекке басқа қарлыгаштарды шақырды. Қарлығаштар тугел жиналды. Олар торгайды уядан куып шықты. Сөйтіп, қарлыгаш оз уясына қайтадан қоныстанды" (33 соз).

Бүл мәтін сабаққа дейін тақтаға жазылып қойылады. Не болмаса мүғалім үлкен қағазға алдын ала жазып, дайындап алып келеді де, тактаға іле қояды. Мәтінді оқымас бүрын мүғалім балаларың торғайды, қарлығашты корген-кормегендерін, бүл қүстарды бір-бірінен қалай ажыратуға болатынын, яғни олардың бір-бірінен қандай озшелікгері барын бүл қүстар женінде қандай ертегілер, оңгімелер білетіндерін сүрап, ауызша оңгіме айтқызады. Мүндай өңгімені 1-2 күн бұрын үйымдастыруға да яки сол мазмүндама жазатын күні үйымдастыруға да болады. Торғай мен қарлығаштың үлкейтілген суреті немесе муляжы болса, тіпті жақсы. Сабақ басталғаннан кейін балалар дайын Мәтінді оқып шығады. Мәтіннің ішіндегі дайын, орналасып алды, шамасы келмеді, қоныстанды создері түсіндіріледі. Бүл создер синонимдері арқылы (дайын-озір, шамасы келмеу-олі жетпеу, куші жетпеу, орналасып алу - уяга кіріп алу, меншіктеп алу, уяны иемденіп алу т.б.) үғындырылады. Сонан кейін балаларға орфографиялық жағынан қиындық келтіретін уя, қарлыгаш, орналасып алды, шамасы келмеді, цоныстанды, дайын, торгай сияқты создер тақтаға жазылады. Орфографиясы қиын создерді немесе соз тіркестерін сыныпта түбір күйінде я түйық рай формасында бермей, мөтіндегі формасыңца берген жон. Ал кейбір өр түрлі жалғаулар жалғанып, бірнеше рет қайталанып, түрлі түлғада кездесетін создерді немесе сөз тіркесгерін түбір күйінде немесе түйық рай формасында корсетуге болады. Мәтінді балалар скі қайтара оқып шығады. Мүнда балалар Мәтіндегі сөйлемнің қүрылысымен, көптеген сөздердің жазылуымен танысады, көру, есту анализаторлары қызмет атқарады.

Мәтін оқылып болғаннан кейін, сыныпқа сүрақ койылады. Сұрақ алдымен ауызша қойылып, оқушылар тақтадағы Мәтіннен ол сүрақтарға жауап табады. Мәтін сұрақ бойынша талданып болғаннан кейін, мүғалім мөтінді түтас бір оқып шығады. Осындай жұмыстардан соң, мүғалім тактадағы мәтінді жауып койып, екінші тақтадағы алдын ала жазылып қойылған сүрақтарды ашады.

Мазмүндаманың бұл түрінде мөтін бойынша қойылатын сүрақтар мөтіннің қүрылысын, тәртібін өзгертей, тек ондағы сүраулардың орнына ғана бір-екі сөз қою мақсатын қамтиды. Мысалы, жоғарыдағы мәтін бойынша мынадай сүраулар қоюға болар еді: Қарлығаш не салды? Үяға не орналасып алды? Қарлығаш басқа қарлығаштарды неге шақырды? Көп қарлығаш ұядан нені қуып шықты? Қарлығаш қайда қоныстанды? Бүл сүрақтарға оқушылар мвтіннен есет кдлғандары бойынша тағы да ауызша жауап қайтарады. Әуелі эр сүраққа жеке-жеке жауап алынады да, соңынан корытынды ретінде, барлық сүраққа бір оқушы немесе екі-үш сүрақтан екі оқушы жауап береді. Балалар осы кайырған жауаптарын, тақтадағы сүрақтарға сүйене отырып, жазуға кіріседі.

Жазуға кірісер алдында тақтадағы сүрақтардың қүрылысы мен тортібін озгертпей, ондағы сүраулардың орнына ғана сөз тауып жазу керектігін балаларға аңғартқан дүрыс.

Дайын оңгіме бойынша жүргізілетін мазмүндаманың II түрі.

Мүнда мөтіннің мазмүн төртібі сақталады да, сыртқы түрі аз-кем озгертіліп жазылады. Мамзүндаманың бүл түрінде балалар қойылған сүрақтардың кейбір создерін қайталайды да, негізінен сүрақтарға оз создерімен жауап қайтарады. Мысалы, мына сияқты мәтін алдынды делік:

"Қыс тусті. Өзен қатты. Марат пен Ерден конькилерін алды. Олар өзенге барды. Өзен жалтыр музга айналыпты. Олар муз айдынында коньки тепті. Балалар онда үзақ жүрді. Ерден қолын домбықтырып алыпты. " (29 сөз).

Бүл Мәтін бойынша жүргізілетін жүмыс та, алдыңғыдағыдай, яғни мүғалім: қыста ауа райының қандай болатынын, қыстыгүні балалардың ойнайтынын, ойындарының түрлерін сүрақ-жауап арқылы өңгімелейді, қыста балалардың қандай ойынды жақсы коретіндіктерімен танысайыкшы, — деп, мүғалім мәтінді өзі бір рет оқып шығады, сонан соң, алдыңғы корсетілгендей, балалар екі рет оқиды, талдайды; мүз айдыны, домбықтыру создерінің мағыналарын түсініктеме создер а"рқылы түсіндіріледі. Коньки, мүз айдыны, домбықтырып создері тақтаға жазылып, оларды көшіруі керектігі ескертіледі. Мәтін бойынша мынадай сүрақтар қоюға болады: Қыс жөнінде не айтылған? Өзен жонінде ше? Марат пен Ерден не істеді? Ерденге не бодды?

Дайын әңгіме бойынша жазылатын мазмүндаманың III түрі: мәтін мазмүнын сақтай отырып, сыртқы түрін озгертіп жазу. Мүнда оқушылар I жақпен баяндалған оқиғаны III жақпен, немесе керісінше мазмұндап береді.

Дайын өңгіме бойынша жазылатын мазмүндаманың IV түрі — ықшамдап мазмүндау. Бүл кейде әдістемелік әдебиеттерде қысқаша түрде мазмүндау деп те колданылады. Мазмүндаманың алдыңғы түрлері сияқты, ықшамдап мазмүндау да оқушыларды шығармашылық жүмысқа дағдыландырады. Мүнда оқушылар Мәтінді емін-еркін игеріп, қажетті жерін алып, оз ыңғайына икемдеп, қажетсіздерін калдырады. Ал мүның озі мөтіндегі негізгі ойды аңғаруға, Мәтін мазмүнын сүраптап, таңцап, талғап алуға үйретеді, ойды аз созге сыйғызып айтуға, созді таңдап қолдануға, сөйлем қүрауға дағдыландырады, тілдерін дамытады.



Дайын өңгіме бойынша жазылатын мазмүндаманың V түрі — толықтырып мазмүндау. Бүл ықшамдап мазмүндауға керісінше, аз созден көп мағына тудыру, берілген сөйлемдердің төңірегінде жаңа ойлар тапқызу мақсатында жүргізіледі. Мүнда белгілі бір оңгіменің жеке болімдерін сипаттайтын бірнеше сөйлем беріледі. Сол сөйлемдерді толықтырып, тағы да бірнеше сөйлем қосып, балалар түсінікті бір сюжетке күрылған оңгіме айтып беруге жоне жазып беруге тиіс. Окушылардың ойлау қабілетін дамытып, тіддерін байытуға, сөйлем құрау шеберліктерімен ойын жүйелеу дағдысына тоселуге үйретуде жүмыстың бүл түрінің атқартын ролі орасан зор.

Мүндай жүмысты үйымдастыру үшін алынатын Мәтін оқушылардың бүрын оз көздерімен көрген немесе оқыған материалдары шеңберінде болғаны жон. Мысалы, балалар оқулықтан күз жоніндегі материалды оқығаннан кейін: "Балалар орманга барды. Қорықты. К,алың жеріне жугірді. Адасып кетті. Дауыс естілді. Балапар уйлеріне оралды", сияқты мөтнді жазып қойып, балалардың орманды көрген-көрмегендерін, орманның қандай болатынын т,б, сүрайды. Сонан кейін балаларға: "Сен орманда адасып кетсең, не істер едің?т.с.с сүрақ қояды. Бүгін балаларға бірнеше жүмбак сөйлемдер берілетіні айтылып, соның шешуін табу керектігі үсынылып, тақтадағы жазулы Мәтін ашылады. Балалар аз-кем ойланғаннан кейін: Бүл жүмбақ-сөйлемдерде не жонінде өңгіме болады деп ойлайсыңдар? (бүл сөйлемдерде балалардың орманға баруы, адасуы жонінде айтылады) — Балалар орманға кобіне жылдың қай мезгілінде барады? Балалар орманға неліктен күзде барады? (Күзде орман іші өте әдемі. Онда жеміс-жидектер де піседі.) — Олар неден қорықты деп ойлайсындар? (қасқырдан, аюдан, сыбдырдан т.б.). Орманның қалың жеріне неге жүгірді? (Балалар қорыққаннан орманның қальщ жеріне жүгірді.) - Балалар неден адасып кетті? (Олар жолдан адасып кетті)— Дауыс естілді сөйлемін қалай шешер едіндер? (Арбаның, машинаның, олардың іздеген адамның дауысы естілді) - Сол кезде балалар не істеді? (Олар дауыс шыққан жаққа қарай жүгірді.) т.с.с. Балаларға ат қойылады, барлық сөйлемдер осылайша толықтырылып, әңгіме күрастырылады, оған ат ойластырылады, жоспар жасалады, жоспар тақтаға жазылады. Сойтіп, жоспар бойынша балалар оңгімені ауызша мазмүндайды, қажет болса, жазады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет