Тотығу - тотықсыздану процесі ең кеңінен тараған және теориямен практикада маңызды роль атқаратын реакция болып табылады. Тірі ағзаларда жүретін зат алмасу, шіру, ашу, фотосинтез процестері тығыз байланысты. Тотығу - тотықсыздану процесі табиғаттағы заттар айналымын жүзеге асырады. Отынның жануы, металдар коррозиясы, металдар құймаларын дайындау және электролиз процестерінде жүзеге асырады.
Тотығу – тотықсыздану реакциялары
Олардың көмегімен сілті, қышқыл және бағалы өнімдер алынады. Тотығу - тотықсыздану реакциялары әрекеттесуші химиялық заттарда гальвани және отын элементтерінде пайда болатын электр энергиясын тудырады. Адамзат баласы тотығу – тотықсыздану реакциясының мәнін толық түсіне алмаса да, оны кеңінен пайдаланды
Тотығу дәрежесі
Жай заттардың құрамына кіретін элемент атомының тотығу дәрежесі нөльге тең.
Сутектің тотығу дәрежесі гидридтерден басқа қосылыстарды +1 тең.
Оттектің тотығу дәрежесі пероксидтер мен фтор қосылыстарынан басқа қосылыстарында -2 тең.
Қосылыстың құрамындағы барлық атомдардың тотығу дәрежесінің қосындысының жиынтығы нөльге тең.
Иондағы атомдардың тотығу дәрежесінің жиынтық қосындысы ион зарядына тең болады.