ластағыш заттардың биологиялық топтануы немесе қорлануы.
Адам баласының организмі жоғарыдағы ластаушы заттарды қабылдаған кезде белгілі бір деңгейге дейін ғана көтере алады. Ал, зиянды заттардың одан әрі организмде көбейе түсуі денсаулықты бұзып, ауруға шалдықтырады.
Қоршаған ортаның химиялық ластануының кейбір түрлері қазіргі кезде глобальды экологиялық проблемаларды туғызып отыр. Олар жер шарындағы жиі-жиі байқалып отырған “Жылу эффектісі”, “Озонның жұқаруы”, “Қышқыл жауындар”,”Фотохимиялық тұмшалар” және осылардың әсерінен туындайтын аурулар.
Адам баласы әсіресе, атмосфера ауасының ластануы көздерін тереңірек білгені жөн. Жоғарыда біз, атмосфераның ластануына жалпы сипаттама берсек, ендігі жерде оған толығырақ тоқталуды жөн көрдік. Оның себебі, барлық зиянды заттар атмосфера арқалы түрлі химиялық қосылыстарға айналып, газ, сұйық немесе қоспа түрінде топырақ, суға қосылып, одан адам организміне түседі.
Атмосферадағы тіршілікке қажетті барлық процестер оның тропосфера қабатында жүреді. Оның жер бетінен қалыңдығы 10-18 км. қашықтықты қамтиды. Енді біз жекелеген зиянды заттардың өзіне және қоршаған ортаға тигізетін әсеріне тоқталамыз.
Биологиялық ластану – ауру қоздырғыш бактериялар мен вирустар, құрттар, қарапайымдылар, шектен тыс көбейіп зиян келтіретін жәндіктер.
Физикалық ластану
Физикалық ластану – радиактивті заттар, электромагнитті толқындар, жылу, шулар және тербелістер.
Шу адамның организміне, оның физиологиялық белсендiлiгiне әсер етедi және белгілі мөлшердегі әсерлердің жинақ күші адам организмінде түрлі ауытқушылықтарды шақыра алады, алдымен адамның дыбысты қабылдау қабілетінің төмендетуiне, кереңдiкке алып келуі мүмкін.
Деңгейi шамамен 90-120 децибел болатын шулар адамның жүйке жүйесiне əсер етiп, есту органдарының қызметiн нашарлатып, тiптi кейбiр жағдайларда жүйке — психикалық аурулардың пайда болуына себеп болады. Бұнымен қатар гипертония, асқазанның жарасы, организмнiң эндокриндiк системасының бұзылуы сияқты аурулардың пайда болуына, нерв клеткаларының дегенерациялануына əкеп соғады. Үздiксiз қатты шу əсерiнен перифериялық қан тамырлары тарылып, бұлшық еттер мен миға қанның келiп жетуi қиындайды. Деңгейi 130 децибелден асатын шу акустикалық травмалар туғызады.
Батыстың бiрқатар елдерiнде əскери аэродромдар маңындағы елдi мекендер тұрғындарының үнемi ұшып тұратын реактивтi самолеттердiң шуынан жүректiң миокардi инфаркт, жыныс органдары қызметiнiң əлсiреуi сияқты аурулар жиiлеген. Ал кенеттен болған қатты шу əсерiнен жүректiң тоқтап қалуы да байқалады. Жануарларда да, əсiресе үй құстарында жұмыртқалар салу, сиырлардың сүт беру қабiлетi төмендейтiнi байқалған.
Радиоактивті заттармен ластануы
Атмосфераның радиоактивтi ластануы нəтижесiнде радиациялық əсер ету байқалатын болғандықтан өте қауiптi болып саналады. Радиациялық əсер — радиоактивтi ыдырау кезінде бөлiнетiн радиоактивтi сəулелердiң əсерi. Бұл сəулелер кейбiр химиялық элементтердiң атом ядроларының ыдырауы кезiнде сыртқы ортаға бөлiнедi. Бөлiнген радиоактивтi сəулелер адам организмiнiң тiрi тканьдерi арқылы өтiп, биологиялық процесстердi бұзып, организмде түрлiше физикалық, химиялық жəне физиологиялық, ең соңында патологиялық өзгерiстер туғызады.
Радиациялық əсерлердiң шығу көздерi баршаға мəлiм, қарапайым космостық сəулелерден бастап, экологиялық катастрофалар болып табылатын ядролық қаруларды сынау, атом ядролық станциялардағы авариялар, т.с.с. Радиоактивтi элементтердi өндiру мен атом қондырғыларын, двигательдерiн iске қосу жұмыстары кезiнде атмосфераға өте қауiптi радиоактивтi заттар бөлiнуi мүмкiн. Радиоактивтi заттар атмосферада тозаң, не аэрозоль түрiнде болады, олардың азғантай дозасының өзi адамның нерв системасы, жыныс бездерi, асқорыту, тыныс алу органдары, қалқанша без бен гипофиз қызметiне зиянды əсер етедi.
Атмосфера радиоактивтi заттармен əсiресе, атом жəне сутектi бомбалардың жарылуы кезiнде ластанады.
Радиоактивтi изотоптар өсiмдiктердiң қалдықтары, жануарлардың қалдық өнiмдерi арқылы да таралады. Судағы изотоптар өсiмдiктерге сiңiрiлiп, олармен балықтар қоректенiп, балықтарды жыртқыш балықтар не құстар қорекке пайдаланады, т.с.с.
1945 жылы августа Жапонияның Хиросима мен Нагосаки қалаларында жарылған атом бомбаларының зардаптары əлi күнге дейiн сақталуда. 1949жылы Семей жеріндегі ядролық сынақтың зардаптары да әлі сезілуде. 1963 жылы Москва қаласында бейбiтшiлiк сүйгiш мемлекеттердiң бiразы бiрiгiп, ядролық қаруды атмосферада, космос кеңiстiгiнде жəне су астында сынауға тыйым салу туралы келiсiмге (менорандум) қол қойды. Қазірде Қазақстан ядролық қарудан бас тартқан алғаш ел ретінде танылып отыр.
ІІІ. Қазақстанның қорықтары туралы кестені толтырыңдар.