В. А. Сухомлинский: «Тəрбие сəтті болуы үшін отбасы мен мұғалімнің арасындағы қарым- қатынастар қандай негіздерге сəйкес болуы керек?» деген сұраққа жауап бергенде, балаларды жөнге салу мақсатындағы ата-аналарды мектеп



Дата24.01.2020
өлшемі51.46 Kb.
Педагогикалық ағартушылықтың келесі түрлерін ерекше бөліп атауға болады:

  • дəстүрлі: ата-аналар жиналысы, дəрістер, сұрақ-жауап кештері, диспуттар «ашық есіктер» күндері;

  • дəстүрлі емес: іскерлік ойындар, реттелген пікірталастар.

В.А.Сухомлинский: «Тəрбие сəтті болуы үшін отбасы мен мұғалімнің арасындағы қарым- қатынастар қандай негіздерге сəйкес болуы керек?» — деген сұраққа жауап бергенде, балаларды жөнге салу мақсатындағы ата-аналарды мектепке шақыртулар неғұрлым аз болуы керек, бала мен ата-ананың арасындағы рухани сырласу неғұрлым көп болуы тиіс, осының өзі əке мен шешеге қуаныш сыйлайды», — деген [7].

Ата-аналармен өзара байланыс келесі реттерде нығая түседі:

  • мұғалім ата-анаға олардың өзінен де талап етілетін жайларды жеткізге тырысады (олардың проблемаларын мұқият тыңдайды, бөліседі, түсіністік білдіріп, олардың балаларына жылышырай танытады);

  • мұғалім ата-аналар мектепке баланың көзімен қарауы керек екенін естен шығармайды(алдымен балалармен байланыс орнатады, кейін олардың ата-аналарымен);

  • бала тəрбиелеудің жекелеген тұстарында ата-ананың мүмкіндіктерін аша түсуге ұмтылыс жасайды;

  • мұғалім ата-анаға жөн сілтеуге, олардың балаларына дауыс көтеруге мүлдем болмайтын естен шығармайды;

  • мұғалім баланың жүрегіндегі мейірімділік жеңіп шығатынына үміт артады;

  • мұғалім өзінің жинақтаған педагогикалық тəжірибесімен бөліседі т.с.с.

1–2 сынып оқушыларының ата-аналары үшін тəрбиелеу белсенділігі жəне мектеппен өзара қарым-қатынастың анағұрлым жоғары деңгейі тəн болып келеді. Олар мектепке жиі-жиі келіп, баласының үлгерімін қадағалап жүреді. Осы алаңдаушылықты мұғалім де түсініп, оларға неғұрлым көбірек ақпарат беруге міндетті.

Мектеп пен ата-ана арасындағы қарым-қатынастың маңызды аспектілері:

  1. Əңгімені балаларға қатысты проблемалардан емес, ортақ жағымды мəселерлерден бастап, проблеманы шешуге асықпау керек.

  2. Ата-аналарға назар аударып, олардың жұмысы, үйдегі жағдайы туралы сұрастыру.

  3. Мектепке, мұғалімге, балаларға байланысты туындайтын эмоцияларды талқылау.

  4. Ата-аналардың айтқандарын мұқият тыңдау, олардың пікірін сынға алмай, керісінше, олардың бұлай ойлауының себебін түсінуге тырысу.

  1. Ортақ мақсат-мүдделер жөнінде келісімге келіп, ата-аналар жиналысында барлығы үшін маңызды мəселелер туралы сөз қозғау.

  2. Қанша қажет болса, сонша уақыт бөлу.

  3. Өз аргументтеріңізді негіздей біліңіз: айтып отырғаныңыз барлығымыз үшін маңызды, оны көпшілік қолдап отыр.

  4. Ата-аналарға хабар бергенде тікелей өзіңіз, хат-хабар арқылы немесе жеке əңгімелесу арқылы білдіріңіз. Ата-аналарға арналған ақпаратты балалар арқылы жолдамаңыз».

Педагогикалық əдебиеттерді талдау нəтижесінде келесі қорытындылар жасауға болады:

  • Отбасылық тəрбие баланың тұлғасын қалыптастыру мен тəрбиелеуде айтарлықтай рөл атқарады, сондықтан отбасылық тəрбиеге ата-аналар ғана емес, сонымен қатар осы ата- аналармен жұмыс істейін мұғалімдер де назар аударуы тиіс. Отбасылардың тұрмысындағы қиындықтар баланың мектептегі сабағы мен тəрбиесіне де ықпал етеді.

  • 6–8 жас аралығындағы балалардың бойында олардың өздеріне ғана тəн психологиялық жəне физиологиялық ерекшеліктер болады. Олар мектепке оңайлықпен үйренісе алмайды. Мұғалім мен ата-ананың міндеті — осы жағдайды барынша жеңілдету.

  • Мектеп пен отбасы баланы оқыту мен тəрбиелеуде бір ғана ортақ мақсатқа ұмтылады, сондықтан олар бірлесе жұмыс істеуі керек. Əр баланың қабілеттерін мектепте де одан тыс жерде де дамытқымыз келсе, онда мектеп пен ата-ананың арасындағы өзара байланыс міндетті түрде болуы шарт. Мұғалім мектеп пен отбасының арасындағы байланыстырушы буын болып табылады.

  • 1–2 сыныптарда ата-аналармен жұмыс жүргізгенде мұғалім балалардың жеке ерекшеліктеріне, əр отбасындағы ата-аналар мен балалардың қарым-қатынастарына, сыныптағы оқушылар мен мұғалімнің арасында, балалар мен ата-аналардың арасында қалыптасқан психологиялық ахуалға көңіл аударуы қажет. Бірінші сыныпта, бастапқы кезеңде қалыптасқан байланыстар мен қарым- қа

сынып жетекшілеріне арналған әдістемелік құрал Құрастырған: Павлодар облысы, Май ауданының педагог-психологы – Н.У. Альменова, жалпы бiлiм беру орта мектебiнiң қазақ тiлi мен әдебиет мұғалiмi – С.Е.Аханбаева, мектеп директорының тәрбие iсi жөнiндегi орынбасары – Н.Б. Дошматова. Пікір жазғандар: пед. ғылымдарының кандидаты, доцент Л.С. Сырымбетова пед. ғылымдарының кандидаты, доцент Б.Д. Каирбекова Аннотация Бұл әдістемелік құралда мектеп психологына ата-ана мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты анықтауға және жақсартуға қажетті ақпаратпен қатар, классикалық әдістемелер, сауалнамалар мен психологтардың зерттеу әдістемелері берілген. Құралдағы жинақталған материалдар оқушыларға және ата-аналарға қарым-қатынасты, тәрбие әдістері туралы диагностика мен дамытушылық, ағартушылық жұмыстарын жасауға мүмкіндік береді. Мектеп психологтарына, мұғалімдерге және ата-аналарға қолдануға қажетті әдістемелік құрал. Мазмұны Тақырыптың

өзектілігі.......................................................................................3 Ата-аналар кодексi..............................................................................................4 Балаңыз мектепке баруға дайын ба?.................................................................5 0-1 сынып ата-аналарына арналған сауалнама................................................6 Бастауыш сынып оқушыларының ата-аналарымен жұмыс.......................... 7 Мектептің орта буының оқушыларының ата-аналдарымен жұмыс.............9 Отбасы жағдайын зерттеуiнiң өзiндiк диагностикасы...................................13 ОТА сауалнамасы (Отбасы тәрбиесiнiң анализi)...........................................14 Ата-ананың балаға деген қарым-қатынасының тест-сауалнамасы..............22 “Ұяда не көрсең, ұшқанда соны iлерсiң”........................................................27 Отбасы тәрбиесiнiң ерекшелiгi мен кемшiлiктерiнiң анализi.......................30 Қосымша.............................................................................................................32 Тақырыптың өзектілігі «Бала ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деп баланың жан-жақты тұлға ретінде дамуы отбасынан басталады. Отбасы қоғамда баланы тәрбиелеудің басты, әрі алғашқы институты болып келеді. Ал бала өз әке-шешесіне қарап, оларды өзінің болашағы үшін үлгі етеді. Яғни өз-өзін бағалауы, жауапкершілгін, қоршаған ортамен қатынас етуін, ұжымда өмір сүру ережелері мен тәртібін және т.б. қасиеттерді отбасынан алады. Сондықтан отбасының тәрбиелік функцияларды сәтті орындауы көптеген факторларға тәуелді болады. Олардың бірі ата-ананың психологиялық-педагогикалық мәдениеті. Ата-ананың психологиялық – педагогикалық мәдениетінде баланы отбасында тәрбиелеудің адамзаттық жинақталған тәжірибесі көрініс алады. Бұл қасиет отбасы өмірінің қалыптасуына жағымды әсер етіп, әке мен ананың педагогикалық іс-әрекетінің негізі болу үшін, дәстүрлі қателерді жібермеуге және дәстүрлі емес, стандартты емес жағдайларда дұрыс шешім табуға көмектеседі. Мақсат: ата-аналар мен балалардың өзіндік ерекшеліктерін зерттеп, сұрақ қою арқылы ата-ананың балаға қатынасын, тәрбиелеуде қолданатын әдіс-тәсілдерін, мектеп пен отбасының бала тәрбиесіндегі бірлескен іс-әрекетінің ерекшеліктерін анықтап, оны жетілдіруге көмек жасау. Міндет: 1. Тәрбие мақсатына жету үшін сәйкесті икемдерге ие болу. 2. Ал ата-ананың баласын қолдап, көңіл бөлуі оның қоршаған ортада дұрыс бейімделіп, әлеуметтенуіне жағдай жасау. 3. Қоршаған ортаның жаман және жақсы жақтарын да ата-анасы ашып, түсіндіру. 4. Ата-ананың психологиялық, педагогикалық білімдерінің бала тәрбиесіне деген маңыздылығын түсіндіру. Қолданылатын әдіс-тәсілдер: әңгіме, сауалнама, анкета, кеңес беру, ролдік ойын, топтық талдау, дамытушылық жаттығулар. Ата-аналар кодексi Ата-ана құқығы: - Ата-аналар комитетiнiң құрамына дауыс беру және сайланғандардың бiрi болу. - Ата-аналар комитетiнде қарастырылатын мәселелердiң iшiне өз ұсыныстарын енгiзу. - Мектеп әкімшілігі және мұғалiмнiң келiсiмiмен жеке сабақтарға қатысып, мектептегi педагогикалық процестiң жақсартуына өз үлесiн тигiзу. - Отбасы намысы мен бала құқығын қорғау. - Проблемалық жағдайлар, дау-дамайлар бойынша психологқа, мектеп әкімшілігіне жолығу. - Баланы оқыту түрiн таңдау. - Жекелеген мұғалiмдер мен оқушыларды марапатталуына ұсыныс беру. Ата- ананың мiндетi: - Бала тағдырына жауаптылықпен қарап, оның дамуына жағдай жасау. - Отбасы психологы, педагогы және дәрiгерi бола бiлу. Ол үшiн мектептегi сабақтарға қатысып, қажеттi әдебиеттердi оқу. Отбасында ең бастысы - бұл бiр-бiрiне сыйластықпен қарап, ортақ қызығушылықтары мен iстерiнiң болуы, шыдамдылық пен әрқайсысының қорғалған және оның жеке басының құндылығының болуы. - Тәрбиемен кездейсоқ жағдайда ғана емес, үнемi айналысу. - Баланы тәрбиелеудi өзiңнен бастау. Тәрбие - жеке өнеге оқыту емес, бұл- отбасының бар тыныс - тiршiлiк әрекетi. - Баланы сүю және оған деген сүйiспеншiлiктердi жылы сөзбен, ыстық мейiрiммен жеткiзу. - Баламен қатарлас бiр деңгейде сөйлесу. Балалар өз- өзiне ешқашан кiшкентай болып көрiнбейдi, олар өзiн үнемi үлкен ретiнде сезiнедi. Балаларда өзiндiк әрекеттi тәрбиелеу. - Егер де өз принциптерi мен ұғымдары болмаса, балаға жақындамау керек. Бағыттау, кеңес беру, бiрақ бала пiкiрiмен санасу. Балаңыз мектепке баруға дайын ба? Бес жаспен алты жастың аралығында бәрi баласын оқуға беруге, шәкiрт қатарына қосуға асығады. Сәбидiң бәрi оқушы партасына отырып, Әлiппенiң бетiн ашуға шынында бiр мезгiлде әзiр боп, бiр мезгiлде “пiсiп-жетiлеме?” Осы ретте сәбидiң мектеп есiгiн ашуға әзiр, әзiр емесiн қалай жаңылмай, тап басып анықтауға болады? - деген сұрақ туады. Бұл орайда қазiр психолог мамандар ұсынатын, сыннан өткен тәсiлдер көп. Солардың кей бiрiне тоқталайық. 1-ТӘСIЛ. Балаңызға жаңадан бiрнеше ойыншық әкелiңiз. Бiр минуттай ғана уақыт қолына ұстатып, көрсетiңiз. Содан кейiн оларды алып қойып, бiр қызықты ертектi дауыстап оқи бастаңыз. Оқиға шиеленiсiп, ең қызықты тұсына келген сәтте оқуды доғарыңыз да, балаңыздан “әрi қарай тыңдайсың ба, әлде жаңа ойыншықтарыңмен ойнайсың ба?” деп сұраңыз. Балаңыз ертекке қызықушылық танытып, аяғына дейiн тыңдағысы, не болып, не қоятынын бiлгiсi келсе, мектепке баруға дайын, оқуға “пiсiп-жетiлiп тұр” – деген сөз. Ал ойыншыққа ықыласы ауып, ойынды қаласа, шәкiрттiктiң ауылы алыс, оны қолға алу әлi ерте болғаны. 2-ТӘСIЛ. Балаңызға мектеп ойынын ойнатыңыз. Оның оқушы әлде мұғалiм болғысы келе ме, соған назар аударыңыз. Оқуға әзiр тұрған бала, сөз жоқ, оқушы болады, кiтап оқып, қағаз жазуды қалайды. Ал дайын болмаса машақаты көп оқушылықты қойып, мұғалiмдiкке жармасады. Баланың мектепке алты жастан әлде жетi жастан баратынын байқататын негiзгi көрсеткiштiң бiрi – есте сақтау қабiлетi. Оны анықтаудың жолдары да аз емес. Мысалы, тау, пеш, таға, терезе, етiк, күшiк, балға, қаламсап, шай, балық дегендей бiр-бiрiмен мағыналық байланыс жоқ сөздердi қағазға түсiрiп алып, балаға анық, ашық дауыспен оқып берiңiз. Содан кейiн есiнде қалған сөздердi қайталап айтуын сұраңыз. 5-6 жасар сәби осындай сөздiң алғашқы оқығанда кемiнде 5-еуiн, екiншi, үшiншi рет оқығанда 9-10-ын есте сақтап қалуы тиiс. Бiрер сағаттан кейiн қайталап сұрағаныңызда да бiр-екеуден артық ұмытпауы шарт. Бұл орта көрсеткiш. Егер балаңыздың есте сақтауы бұдан төмен болса, мектепке баруға әлi дайындауларыңыз керек. Ол үшiн төмендегi көрсетiлген массаждар мен жаттығуларды орындауға болады. “Нүктелiк” массаж. - 1нүкте – сөйлеу аппаратының аймағында қан айналымын жақсартады. /астыңғы ерiннiң ортасы/ - 2 нүкте – бұл саладағы массаж мұрынның кiлегейлi қабығының қан айналымын жақсартады. Мұрын арқылы еркiн тыныс алып, тұмау тез қайтады. /мұрын шетi/ - 3 нүкте – бұл саладағы массаж есту мүшелерiне әсер етедi. /құлақ асты/ - 4 нүкте – бұл аймақтағы массаж қиялдауды серпiлтiп, қабылдауды жақсартады. /қас арасы/ Қол бұлшықтарын дамытуына арналған жаттығу. Балаға орындауға ұсыныңыз: - қолды бүгiп, қол ұштарын иыққа қойып бiрнеше айналмалы қимылдар жасау. Ең алдымен артқа, содан соң алға. - қолды алға қарай созып, оны еркiн ұстау. Сосын қол бiлезiгiне айналмалы қимылдар жасау. Қол бұлшық еттерi мен саусатарын дамытуына арналған жаттығулар. - қол саусақтарын жан-жаққа таратып қайта жинау. - қол саусақтарының жастықша ретiнде қосу. Баланың ағзасын сауықтандыру бойынша жоғарыда көрсетiлген iс-әрекет бағыттарынан басқа баланы жылдам, тез, шапшаң аяқ киiмiнiң бауын /етiк, кроссовка т.б./ байлауға, киiмiнiң түймелерiн, тағуды, үстiндегi киiмiн өзi киiп, шеше бiлуге үйрету қажет. Сондай-ақ ойнап болған соң ойыншықтарын жинауға, шамасына қарай үй iшiндегi жұмыстарды атқаруға үйрету. Мектептегi оқу балаға психикалық тұрғыдан зор талап қояды. Бес жасар бөбектiң бiр нәрсенi 10-15 минуттан артық қарауға да, тыңдауға да шыдамы жете бермейдi. Тез шаршайтыны, тез жалығатыны, көңiл-күйiнiң құбылмалығы оны сабақты игеруiне, ұғынуына кедергi келтiредi. Ол не нәрсенi де қызығып есiне сақтамаса, керек екен, қажетi бар екен, - деп есiне сақтамайды. Баласын бес жастан оқуға берген, берем деген ата-ана мұның бәрiн саралап, салмақтауы қажет. Қатарынан қалып қояды деп қорқып, дайын емес сәбидi бес жаста мектепке тықпалағаннан пайда жоқ. Бала кемелiне келгесiн өзi-ақ қуып жетедi. 0-1 сынып ата-аналарына арналған сауалнама Өз балаңыз туралы не айтасыз ? 1. Ата – жөнi : ________________________________________________ Туған күнi ______________________ 2. Балаңыздың қандай өнерi бар? ____________________________________ 3. Немен шұғылданғанды жақсы көредi ?_____________________________ ________________________________________________________________ (мүсiндеу,сурет салу, т.б.) 4. Балаңыздың жұмыс ынтасы қалай ? _______________________________ ________________________________________________________________ (тез, жай, ынта қойып, тез жалығады) 5.Қай қолмен жұмыс iстейдi? ______________________________________ 6. Әңгiме айтқанды ұната ма, ертегiнi, көрген киносын, фильмдi әңгiмелеп айта алама ? ____________________________________________ 7. Дыбысты дұрыс айта ала ма? ____________________________________ 8. Қандай дыбыстарды айта алмайды ?_______________________________ 9. Балаңыз қалай тамақтанады ? ________________________________________________________________ (жақсы, жаман, тез, ақырын,) 10. Қалай ұйықтайды?_____________________________________________ (тыныш, мазасыз, тез, түнде сөйлейдi, жиi аунайды) 11. Достарымен қандай қарым-қаныста ?_____________________________ ________________________________________________________________ (жылы шырайлы, дөрекi, бiрқалыпты, ашуланшақ,) 12. Топпен немесе жеке ойнағанды ұната ма ?_________________________ 13. Мектепке дейiн жиi ауырды ма? _________________________________ ________________________________________________________________ 14. Өз балаңыздың тәртiбi мен мiнезiнде қандай өзгешелiктi көрiп жүрсiз ? ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ Сауалнамаға жауап берген _________________________________________ Баланың /анасы, әкесi, әжесi, атасы, ағасы, әпкесi, жеңгесi, қамқоршысы т.б./ астын сызыңыз. Бастауыш сынып оқушыларының ата-аналарымен жұмыс 1- сынып ата-аналарына арналған сауалнама 1. Сіздің балаңыз мектепке қуана-қуана бара ма? 2. Ол жаңа тәртіп ережелерге бейімделді ме ? 3. Өзінің оқу жетістіктерімен, сәтсіздіктерін уайымдайды ма? 4. Өзінің мектепте көрген-білгендерімен сізбен бөлісе ме? 5. Эмоционалдық алғаш әсерлердің қай түрі басым? 6. Үй тапсырмасын орындауда қандай қиыншылықтарды бастан кешіреді? 7. Бала сыныптастары жөнініде жиі шағымдана ма? 8. Оқу жүктемесін меңгере ала ма? 9. Былтырғы жылмен салыстырғанда, оның тәртiбі қалай өзгерді? 10. Себепсіз сұрақтар жөнінде жиі шағымдана ма? 11. Қай кезде ұйықтайды? Тәулігіне неше сағат ұйықтайды? Ұйқысы былтырғы жылмен салыстырғанда өзгерді ме? /егер өзгерсе , қалай?/ 1 – сынып ата-аналарына арналған жадынама 1- ереже Ешқашан баланы бір уақыта 1-сыныпқа және қандай да бір секцияға не үйірмеге жібермеңіз. Балаға мектепке баруының өзі балаға ауыр стресс /5-7 жас/. Егер бала асығыссыз сабағын қарауға, қыдыруға, демалуға мүмкіндігі болмаса, онда ол балада невроз басталуы мүмкін. Сондықтан қандай да баланың секцияға не үйірмеге қатысуына 1-сыныпқа барар алдында немесе 2-сыныпқа көшкеннен соң апаруға болады. 2-ереже Есіңізде болсын, бала тек 10-15 минут қана зейінін шоғырландыла алады. Сондықтан, баламен сабақ қарарда, әрбір 10-15 минуттан соң үзіліс жасап міндетті түрде сергіту сәтін жасау керек. Үй тапсырмасын жазба жұмыстарынан бастаған жөн. Ал сабақ қараудың барлық жиынтығы бір сағаттан аспау керек. 3-ереже Әлемнің невропотолг және офтальмолог дәрігерлері – компьютер, теледидар және көзге көп әсер ететін сабақтар тәулігіне бір сағаттан аспау керек дейіді. 4-ереже Сіздің балаңыз алғашқы мектеп табалдырығын аттаған сәттен бастап сіздің көмегіңізді өте қажет етеді. Ол тек өзінің сыныптастармен, мұғалімдермен қарым-қатынастарын қалыптастырып қоймай үйрене бастайды. Егер сіз оның байсалды, байыпты, өз-өзне сенімді болып өссін десеңіз оны әрдайым мадақтап, мақтап отырыңыз. Оның кейде алып қалған екіліктері мен дәптерінің таза еместігіне ұрыспаңыз. Кейін таза жазуға, жауапкершіліке сізідің арқаңызда үйренеді. Ал күнделікті кінәлаудан және жазалаудан бала өз-өзіне деген сенімін жоғалтады. Бiрнеше қысқа ережелер - Баланың жетістігі үшін емес, оның өмірдегі қалпы үшін жақсы көретіндігіңізді сендіріңіз. - Ешқашан да /тіпі іштей/ балаға басқа баладан “кемсің” деп айтпау керек. - Баланың кез келген сұрағына шамсына қарай шын және шамаданбай жауап беру керек. - Әр күн сайын баламен жеке болуға уақыт тауып көріңіз. - Баланы қысылмай-қымтырылмай тек сыныптастарымен ғана емес сондай-ақ үлкендермен де жасқанбай сөйлетуге үйретіңіз. - Оны мақтан ететіңізді жиі айтыңыз. - Балаға әрқашан шындықты ғана айтыңыз, тіпті ол сізге қайшы келсе де. - Баланың тек іс-әрекетін ғана бағалаңыз. - Үлкендер балаға қалай қараса, бала өзіне де солай қарайды. - Өмірде тек бала ғана емес , үлкендер де қателесетінін айту керек. Сондықтан бүгінгі қателікті ертеңдері түзетуге болатынына сендіру керек. Мектептің орта буының оқушыларының ата-аналарымен жұмыс Орта буынға арналған Аты-жөнi_________________________________ I Балаңыздың қандай мiнезi ұнайды? /астын сызыңыз/ А 1- бiлiмге бейiмi 2 - сабақ кездегi бiлiмге белсендiлiгi 3 – есте сақтау қабiлетi жоғары Ә 4 – ерiк-жiгерiне, өзiне сенiмдi 5 – ылғида, көтерiңкi көңiлде болуы 6 – ақ көңiлдiлiгi 7 – мұғалiмдермен, құрбылармен, ата-аналармен тiл табыса бiлуi 8 – тәртiптi, сыпайы, тiл алғыш 9 – кез келген ортада өзiн ұстай алады Б 10 – кек сақтамауы 11 – еңбек сүйгiштiгi 12 – ұяңдылығы II Балаңыздың қандай мiнезi ұнамайды ?/астын сызыңыз/ А 1 – оқуға солғырт қарауы 2 – сабақ кезде бiлiмге қызықпаушылығы 3 – есте сақтау қабiлетi төмен Ә 4 - өз-өзiне сенбеушiлiк 5 – қияңқы, тiл алмайды 6 – көңiл-күйiнiң тез өзгеруi 7 – мұғалiмдермен, үлкендермен тiл табыса бiлмеуi 8 – құрбыларымен тiл табыса бiлмеуi 9 – кез келген ортада өзiн, мәдениеттi ұстай алмауы Б 10 – ашуланшақ, кекшiл 11 – еңбектенгiсi келмейдi 12 – ұялшақ Бiз қандай ата-анамыз? 1. Балалар тәрбиесi туралы газет-журанал беттерiнде жарияланған мақалаларды немесе радио, теледидар хабарларын жүйелi оқып, тыңдап отырасыз ба? Осы тақырыптағы кiтаптарды оқисыз ба? 2. Балаңыз бiр оғаш нәрсе iстеп қойды делiк. Сiз мұндай жағдайдан өз тәрбиеңiздiң нәтижесi екендiгi жөнiнде ойланып көрдiңiз бе? 3. Балалар тәбиесiнде қасыңыздағы қосағыңыздың пiкiрiмен үнемi ақылдасып отырасыз ба? 4. Егер балаңыз сiзге жәрдем берсе, сол кезде оның өз жұмысы бұдан кедергiге ұшырап немесе мүлде тоқтап қалса да қабылдар ма едiңiз? 5. Бұйыру немесе тиым салу сияқты шараларды сiз тек қажет кезiнде ғана қолданасыз ба? 6. Жүйелiк, реттiлiк – педагогикалық маңызды принциптердiң бiрi деп санайсыз ба? 7. Спорт пен денешынықтыру баланың жан-жақты, үйлесiмдi дамуына маңызы зор екенiн ескерiп отырасыз ба? 8. Сiз баладан бiр нәсенi орындау жөнiнде талап тұрғысынан емес, өтiнiп сұрап көрдiңiз бе? 9. “Менiң уақытым жоқ”, немесе “Тоқтай тұр, әуелi жұмысымды бiтiрiп алайын” – деген тәрiздi сылтаулармен балаңыздан “құтылуға тырысу” сiзге ыңғайсыздық туғызбай ма? Жауабы: Әрбiр мақұлдау жауаптарыңыз – 2 ұпай Ал кейде орындалатын болса – 1 ұпай Қарсы болсаңыз – 0 ұпай 6 ұпайдан төмен ұпай жинасаңыз, бала тәрбиесi туралы түсiнiгiңiз кемiскi екендiгiн дәлелдейдi. “Ештен кеш жақсы” деген ғой. Сiз бұл мақалға көп иек етiп отыра бермей, жеткiншектер тәрбиесi төңiрегiнде өз бiлiмiңiздi жетiлдiре түсуге асыққаныңыз абзал. 7-14 ұпайға дейiн жинасаңыз, сiз бала тәрбиесiнде әрине үлкен қателiк жасап жүрген жоқсыз, әйтпесе де осы бағыттағы iс-әрекетiңiз жөнiнде тереңiрек ойланып көрiңiз. Ал тiптi былай iстеуге де болады, алдағы жексенбiнiң бiрiн балаңызбен көңiлдi демалуға арнаңыз. Бұл күн балаңызбен қарым-қатынасыңызды жақсартуда алғы қадамы болмақ және балаңыз бұған шексiз риза болатынына күмән жоқ. 15 ұпайдан жоғары жинасаңыз сiз өзiңiздiң ата-аналық мiндетiңiздi орынды атқарып келесiз. Бала тәрбиелеуде сiз басқа да ата-аналармен, өз тәжiрибеңiзбен бөлiсiп ақыл-кеңес бере аласыз. Сiз қандай ата-анасыз? 1. Кез келген iсiңiздi тастай салып баламен айналыса аласыз ба? 2. Балаңызыдың жасына қарамай, онымен ақылдаса аласыз ба? 3. Балаңызбен қарым-қатынас барысында жасаған қателерiңiздi мойындайсыз ба? 4. Өзiңiздiң қателiгiңiз үшiн балаңыздан кешiрiм сұрайсыз ба? 5. Балаңыз жасаған iс ашуландырған кезде өзiңiздi ұстап, ашуды жеңе аласыз ба? 6. Балаңыздың орнына өзiңiздi қоя аласыз ба? 7. Бiр сәтте сiзге мейiрiмдi адам деп сенуге бола ма? 8. Өзiңiзiдiң басыңыздан өткен балалық шағыңыздан ескерiлетiн жағдай айтасыз ба? 9. Балаңыздың жүрегiн жарақаттайтын сөздердi, сөйлем тiркестерiн атамауға тырысасыз ба? 10. Балаңызға уәде берiп, жақсы мiнез-құлқын ескере отырып уәдеңiздi орындайсыз ба? 11. Балаға қалаған iсiн жасауға, өзiн ұстауға кедергi жасамай бiр күн еркiндiк бересiз бе? 12. Басқа бала сiздiң балаңызға дөрекiлiк көрсетсе, себепсiз ренжiтсе, көңiл аудармайсыз ба? 13. Балаңыздың көз жасы, дөрекi еркелеуi уақытша екенiн бiлесiз, соған қарсы тұра аласыз ба? Жауабы: 1. Әрқашан жасаймын, келiсемiн – 3 ұпай 2. Кейде ған келiсемiн – 2 ұпай 3. Келiспеймiн – 1 ұпай Сауалнаманы бағалау өлшемдерi: 0-16 Бала тәрбиесi – сiз үшiн проблема. Бала тұлғасын дұрыс қалыптастыру үшiн педагог немесе психолог мамандардың көмегiне сүйенiңiз 16-30 Балаға қамқорлық жасау – бiрiншi кезектегi маңызды iс. Сiздiң бойыңызда тәрбиешiлiк қабiлет бар, бiрақ тәжiрибеде әрқашан бiр қалыпты бiр бағыттағы мақсатпен әрекет етесiз. Кейде қатал, кейде мүлдем жұмсақсыз. Сiзге жауапкершiлiкпен ойлану керек. 30-39 Бала сiздің өмiрiңiз үшiн ең құнды болғаны. Сiз балаңызды тек түсiнiп ғана қоймай, әрi ойын тануға, сыйлы көзбен қарауға тырысасыз Ата-ана балаңызбен қарым-қатынасыңыз қалай? Бала өнегелi болса сөз жоқ, ол көрiктi болады. Сiз, құрметтi ата-ана, ұлыңыздың немесе қызыңыздың мектепте нашар оқығанын қаламайтыныңыз белгiлi. Ал “кейде” не “күнде” балаңыз “2” деген нашар баға алса, онда оған ренжисiз, сөгесiз, тiптi тiлдеп те жiбересiз. Сондай кезде баламен ұрыс-керiс тудырмай-ақ түсiнiсiп, жөн сiлтеуге бола ма? Әрине, болады. Ендеше психологиялық тұрғыдан берiлетiн төмендегi 14 кеңеске құлақ түрiңiз. 1. Таңертең /не түсте/ бала сабаққа барарда баланы жайлап қана оятыңыз. Сiздiң биязы үнiңiз бен күлкiңiз-ақ ұйқысын ашуы тиiс. Кешегi бiр терiс қылықтарын айтып, босқа түкке тұрмайтын нәрсеге жүйкесiн жұқартпаңыз. Яғни, тамағын iшпей жатып ұрыс-керiс ұйымдастырмаңыз. 2. Егер балаңыз сабақтан кешiгетiндей болып жатса, онда “бол да болдың” астына алып айқайламаңыз. Оны ертерек оятпаған өзiңiз кiнәлiсiз; 3. Баланы сабаққа /әсiресе, таңертең/ ашқұрсақ түрiнде жiбермеңiз; 4. “Бұзақы болма”, “Қисалаңдамай тыныш жүр”, “Бүгiн екi алсаң, құртамын” деген ескертулердi жиi айта бермеңiз. Керiсiнше, оған жылу сыйлап, жақсы баға алып келуiне тiлектестiк бiлдiрiңiз; 5. Есiктен кiрмей жатып, “Бүгiн қандай баға алдың?” деп бас салып балаңызды сұрақтың астына алмаңыз, оның сабақтан шаршап келгенiн ескерiңiз. Егер бала әлденеге ренжiп келсе, бiрдеңенi айтпақшы болса, “сенi тыңдауға уақытым жоқ” демей, арнайы көңiл бөлiп, мұқият тыңдаңыз; 6. Бала әлденеге ашуланып жүрсе, үндемеңiз. Сабасына түскен соң, ол болған жайды өзi-ақ айтады; 7. Балаңыздың қылығы үшiн мұғалiм сiздi шақыртып алса, өзара әңгiмеге баланы қатыстырмаңыздар.Үйге келген соң балаңыздың да пiкiрiн тыңдап барып, қателiктерiн жайлап түсiндiрiңiз; 8. Мектептен келе сала баланы отырғызып қойып, сабаққа дайындалтпаңыз. Олар 2-3 сағат ойнап, демалған жөн, түсте ұйықтап тынықсын. Бесiн мезгiлi – сабаққа әзiрленудiң сәттi кезi; 9. Бiр мезгiлде барлық сабаққа әзiрленудi талап етпеңiз. Әр сабаққа үзiлiс жасау арқылы әзiрленген дұрыс; 10. Сабаққа әзiрленiп жатқан баланың желкесiнен төнiп тұрмаңыз. Дөрекi сөйлемеңiз. Одан да көмектесiп, бiрлесiп дайындалыңыз; 11. “Егер сен сабақты орындамасаң” деп басталатын тәртiпке шақыру баланың жүйкесiне әсер етедi. Одан да өзiңiз кiрiсiп, жайлап жетектеп отырыңыз; 12. Күнде жарты сағат ештеңеге алаңдамай балаларыңызбен емiн-еркiн, жақын тартып, әңгiмелесiп тұрыңыз; 13. Балаңыздың көңiл-күйi нашар болса, басы ауырса, бiрден назар аударыңыз. Ол сабақтан зорығуы мүмкiн; 14. Егер балаңыз айтқаныңызды тыңдамайтын болса, онда ұстазымен, психолог маманымен, дәрiгермен кеңесiңiз; Халық даналығында : “Баланы 5-ке дейiн патшадай тәрбиеле, 15-ке дейiн еңбекке құлындай тәрбиеле, 15-тен кейiн ақылшың ретiнде ұста” деген керемет ұлағатты нақыл бар. Соны әрдайым басшылыққа алыңыз. Құрметтi ата-ана ! Ciздерге тәрбие, оның iшiнде адамгершiлiк тәрбиесi туралы пiкiрлерiңiздi бiлуге арналған бiрнеше сұрақтар ұсынып отырмыз 1. Ержеде бастаған жоғары сыныпта оқитын балаларыңыздың тәрбиесiнде ең маңызды мәселе не деп ойлайсыз? 2. Қазiргi қоғамда жүрiп жатқан нарық экономикасы жағдайында сiздер отбасында өз балаңызды қандай құндылықтарға бағыттайсыз ? /материалдық игiлiктер, рухани игiлiктер, адамгершiлiк құндылықтар, мамандықты меңгеру мәселесi т.т./ 3. Тәрбие, оның iшiнде адамгершiлiк тәрбиесiне байланысты сiздердiң, мектеп ұжымымен, оның iшiнде пән мұғалiмдерiмен, сынып жетекшiлерiмен қарым-қатынас байланысыңыз бар ма? Ол қандай? 4. Сiз өз балаңыздың болашағының қандай болуын армандайсыз? 5. Мектеп қазiргi кезде жоғары сынып оқушыларын қандай құндылықтарға бағдарлау керек және соған байланысты қандай тәрбие жұмысын жүргiзу керек деп есептейсiз? Отбасы жағдайын зерттеуiнiң өзiндiк диагностикасы Нұсқау: Сауалнама сұрағын оқыңыз. Егер сiз онымен келiссеңiз, бұл бланкiдегi нөмiрленген сұрақты дөңгелетiңiз. Егер келiспесеңiз, онда ол нөмiрдi сызып тастаңыз. Ал егер сұрақ қиын болса, онда оның тұсына сұрақ белгiсiн қойыңыз, бiрақ шын ниетiңiзбен жауап беруге тырысыңыз. 1. Мен жанұямдағы мүшелерiмнiң көбiне маған наразыланатынын бiлемiн. 2. Мен қандай әрекет жасасам да, бәрiбiр солай болып шықпайтынын сеземiн. 3. Мен көп нәрсенi iстеуге үлгермеймiн. 4. Жаняұмдағы келеңсiз жағдайға кейде тек мен ғана кiнәлi боп шығамын. 5. Мен өзiмдi жиi дәрменсiз сезiнемiн. 6. Мен үйде жиi ашуланамын. 7. Мен үйде өзiмдi ебдейсiз және икемсiз сезiнемiн. 8. Жанұямдағы кейбiр жандар менi парықсыз деп есептейдi. 9. Мен үйде бiр нәрсе үшiн ылғи алаңдаумен боламын. 10. Мен жиi өзiме деген жаняұмның сыншылдық көзқарастарын байқаймын. 11. Үйге бара жатқанда: “Мен жоқта бiрдеңе боп қалды ма?” - деп алаңдаумен боламын. 12. Үйде мен “әлi бiрсыпыра қыруар жұмыстарды бiтiру керек” деген оймен жүремiн. 13. Өзiмнiң ылғи артық екендiгiмдi сезiнемiн. 14. Үйдегi кейбiр жағдайларда мен өзiмдi дәрменсiз сезiнемiн. 15. Үйде маған ылғи өз-өзiмдi ұстауыма тура келедi. 16. Егер мен болмасам, менiң жоқтығымды ешкiм аңғармайтын сияқты. 17. Үйге бара жатып бiр нәрсенi iстеймiн деп ойлаймын, ал бiрақ үйге келiсiмен мүлде басқа iс iстеуге тура келедi. 18. Отбасымның жағдайын ойлай кетсем, уайымдай бастаймын. 19. Жанұямдағы кей жандар достары мен таныстарынан мен үшiн ыңғайсызданатын сияқты. 20. Бiр нәрсенi жақсы iстегiм келгенмен, ылғи да жаман боп шығады. 21. Жанұямдағы болып жатқан нәрселердiң көбi маған ұнамайды, бiрақ мен оны бiлдiртпеуге тырысамын. Жауап беру парағы Нөмiрленген сұрақтар Ұпай жиынтығы Шкал ДМ 1 4 7 10 13 16 19 ӨКС 5 2 5 8 11 14 17 20 Б 5 3 6 9 12 15 18 21 Э-п 6 Барлығы С 14 Д/м – диагностикалық мағына ӨКС - өзiңдi кiнәлi сезiнуi.1 Б – беймазалық.2 Э-п- эмоционалды-психологиялық жағдайы және нервтi-психикалық күштену;3 1 Өз-өзiн кiнәлi сезiну – бостан босқа, қарадан-қарап, кез келген нәрсеге /бiр iс-әрекет iске аспаса/ өзiн кiнәлауы. 2 беймаза/ лану/ - мазасыз, тынышсыз, дамылсыз, тынымсыз адамдар. 3 эмоционалды-психологиялық жағдайы және нервтi-психикалық күштену – адамның iшкi жан дүниесiндегi психологиялық күйiнiш-сүйiнiш сезiмi. Педагог-психолог кеңесi : Есiңiзде болсын! беймаза боп өмiр сүру адамды да, қоршаған жандарды да шаршатады. Егер ата-аналар арасында өз-өздерiн кiнәлi сезiнетiндер болса, себебiн анықтауда консультацияға шақырып, өмiрдегi өзiнiң орнын таба бiлуiне көмектесiп, кеңес беру. Бұл жағдайда ескеретiн жайт: алғашқы консультация, адам өзi еркiмен, өзi қалаған уақытта өткiзу керек. ОТА сауалнамасы (Отбасы тәрбиесiнiң анализi) Бұл сауалнама отбасы тәрбиесiнiң түрi мен қалт кетушiлiк мiнезiн анықтайды. Бұны ашулы балалар және тәртiбi мен мiнезiнде ауытқу-шылықтары бар жеткiншектер отбасын зерттеуде қолдануға болады. Сiздерге ұсынылып отырған сауалнамада балаларды тәрбиелеу жөнiнде кейбiр пiкiрлер бар. Олардың барлығы нөмiрленген. Дәл сондай нөмiрлердi сiз жауаптарға арналған беттен көресiз. Сауалнамадағы пiкiрлердi рет-ретiмен оқыңыз. Сауалнамада берiлген пiкiрлермен келiссеңiз, жауаптарға арналған бетте осы пiкiрдiң нөмiрiн дөңгелектеп қойыңыз. Егер де келiспесеңiз сызып қойыңыз, өзiнiздiң көзқарасыңызды жеткiзуге қиналсаңыз, жауаптарға арналған сұрақ беттегi нөмiрiнiң жанында сұрақ белгiсiн қойыңыз. Бұл сауалнамада дұрыс немесе бұрыс деген пiкiрлер жоқ. Сондықтан өз ойыңызша жауап берiңiз. Осы әрекетiңiз арқылы өзiңiзге және психологқа жәрдемдесесiз. Асықпаңыз. Сәттiлiк тiлеймiз! Нөмiрi ерекшеленiп белгiленген - 19, 39, 59, 79, 99 сұрақтарға ер адамдар жауап беруi тиiстi емес. 1. Мен өз ұлым /қызым/ үшiн барлығын iстеймiн. 2. Менiң көбiне ұлыммен /қызыммен/ айналысуға мәселен: ойнауға, сөйлесуге, бiр жерге бiрге баруға уақытым жетпейдi. 3. Өзге көптеген ата-аналардың өз балаларына рұқсат етiлмейтiн заттарды, маған ұлыма /қызыма/ рұқсат етуге тура келедi. 4. Мен ұлымның /қызымның/ қандай да бiр сұрақтарымен келгенiн ұнатпаймын. Өзi ойланып, өзi шешсе, жақсы болар едi. 5. Оның көптеген достарына қарағанда, бiздiң ұлымыздың /қызымыздың/ үйдегi атқаратын мiндеттерi көп. 6. Менiң ұлыма /қызыма/ үй шаруасы бойынша, бiрдеңе iстету өте қиын. 7. Ата-анасы дұрыс не бұрыс ойлайтыны жөнiнде, балалардың өз көзқарастары болғаны жақсы. 8. Менiң ұлым /қызым/ кешке үйге келгiсi келген уақытта келедi. 9. Егер ұлың /қызың/ адам болсын десең, оның бiр де бiр жаман iстерiн жазалаусыз қалдырма. 10. Егер мүмкiндiк болса, жазаламауға тырысамын. 11. Ұлымды /қызымды/ басқа уақытта жазалайтын iстерi үшiн көңiл-күйiм жақсы болған кезде кешiремiн. 12. Өз ұлымды /қызымды/ өз жұбайымнан да көбiрек жақсы көремiн. 13. Мен үлкен балалардан гөрi, кiшкентай балаларды көбiрек жақсы көремiн. 14. Егер менiң ұлым /қызым/ көпке дейiн қырсығып, не ренжiсе мен өзiмнiң iштей дұрыс iстемегенiме қынжыламын. 15. Қанша армандасақ та бiзде ұзақ уақыт бала болған жоқ. 16. Балалармен қарым-қатынас - негiзiнде шаршататын iс. 17. Менiң ұлымның /қызымның/ кейбiр мiнезi, қылығы менiң көңiлiмнен шықпайды /ұнамайды/. 18. Егер менiң жолдасым араласпаса, ұлымның тәрбиесi жақсы болар едi. 19. Ер адамдардың көбi әйел адамдарға қарағанда жеңiлтектеу. 20. Әйел адамдардың көбi ер адамдарға қарағанда жеңiлтектеу. 21. Менiң ұлым /қызым/ - өмiрiмнiң маңызы. 22. Көбiне ұлымның /қызымның/ қайда жүргенiн бiлмеймiн. 23. Ұлыма /қызыма/өзiнiң қалаған киiмдерiн әпертуге тырысамын, тiптi ол киiм қымбат болса да. 24. Менiң ұлым /қызым/ сөз ұқпайды. Оған бiр рет түсiндiргенше, өзiмнiң екi рет iстегенiм артық. 25. Менiң ұлыма өзiнен кiшi iнiлерiн қарайлап жүруге тура келедi. 26. Ұлыма /қызыма/ бiрдеңенi iстеудi тапсырып, содан соң шыдай алмай, өзiмнiң iстеуiме тура келедi. 27. Балаларға ата- аналарының кемшiлiктерiн атап отыруға еш уақытта рұқсат етпеу керек. 28. Менiң ұлым /қызым/ кiммен достасатынын өзi шешедi. 29. Балалар ата- аналарын тек жақсы көру ғана емес, сонымен қатар олардан қорқуы да керек. 30. Мен балама тым сирек ұрысамын. 31. Ұлыма /қызыма/ бiздiң көңiлiмiз ауытқып тұрады. Бiресе бiз тым қаталмыз, бiресе барлығын да рұқсат етемiз. 32. Жұбайымыз екеумiзге қарағанда, ұлым екеуiмiз бiр- бiрiмiздi жақсы ұғамыз. 33. Ұлымның /қызымның/ тым тез ересек болып бара жатқаны менi толғандырады. 34. Егер бала өзiн өзi жаман сезiне тұра /ауырып/ қасарысса, оның еркiне көну керек. 35. Менiң балам әлсiз және аурушаң болып өстi. 36. Егер менде бала болмаса, мен өмiрiмде көптеген нәтижегелерге жетушi едiм. 37. Менiң ұлымның /қызымның/ мiнезiнде кетпейтiн бiр мiн бар. /мен оларды жоюға тырыссам да/ 38. Мен ұлымды /қызымды/ жазалағанда, жұбайымның маған тым қатал екендiгiмдi ескертiп, баласын жұбатуы жиi болып тұрады. 39. Әйелдерге қарағанда ерлер әйелдердiң көзiне шөп салуға әуес. 40. Еркектерге қарағанда әйелдер ерлердiң көзiне шөп салуға әуес. 41. Ұлыма /қызыма/ деген қамқорлық менiң көп уақытымды алады. 42. Маған ата-аналар жиналысын көп рет босатуға тура келедi. 43. Балама өзi қалаған нәрсесiн, қанша қымбат болса да әперуге тырысамын. 44. Мен ұлыммен /қызыммен/ ұзағырақ болсам, қатты шаршаймын. 45. Ұлым /қызым/ аса маңызды және қиын iстердi орындайын деп жатқанда, мен оған бiрнеше мәрте түсiндiруiме тура келедi. 46. Маңызды iстердi атқаруда менiң ұлыма /қызыма/ сенуге болады. 47. Ата-аналар өз балаларына үйрететiн ең бастысы- оларды тыңдау. 48. Менiң ұлым, темекi шеге ме жоқ па өзi бiледi. 49. Ата-ана балаға қанша қатал қараса, бала үшiн сол жақсы 50. Мен мiнезi жұмсақ адаммын. 51. Балама менiң тарапымнан бiр нәрселер қажет болса, менiң жақсы көңіiл күйiмде жүрген сәтiмдi таңдайды. 52. Ертең балам ер жеткен соң, мен оған керексiз болам - деп ойласам, менiң көңiл- күйiм бұзылады. 53. Балалар өскен сайын, ара- қатынасымыз күрделенедi. 54. Баланың жиi қасарысуы, ата- аналардың бұрыс көзқарасынан болады. 55. Ұлымның /қызымның/ денсаулығы жайында көп ойлаймын. 56. Егер балаларым жоқ болса, менiң денсаулығым қазiргiден гөрi жақсы болушы едi. 57. Қолданған шараларға қарамастан, ұлымның /қызымның/ кейбiр маңызды кемшiлiктерi жойылмай тұр. 58. Менiң ұлым /қызым/ жұбайымды ұната қоймайды. 59. Ер адамдар әйелдерге қарағанда басқа адамның жанын ешбiр түсiнбейдi. 60. Әйел адамдар ер адамдарға қарағанда басқа адамның жанын ешбiр түсiнбейдi. 61. Менiң ұлым /қызым/ үшiн өз өмiрiмдегi көптеген нәрселерден бас тарттым. 62. Баламның күнделiгiндегi екiлiк немесе ескертпелер жайлы бiлмеген күндерiм болды. Себебi күнделiгiн қарамаймын. 63. Мен өз ұлыма /қызыма/ ақшаны өзiмнен де көп жұмсаймын. 64. Мен ұлымның /қызымның/ бiр нәрсе сұрағанын жек көремiн. Оған не қажет екенiн өзiм де жақсы бiлемiн. 65. Менiң ұлымның /қызымның/ балалық шағы басқа достарына қарағанда қиындау. 66. Үйде менiң ұлым /қызым/ iстеуге қажеттi деген нәрсенi емес, өзi не iстегiсi келсе соны iстейдi. 67. Бала ата – анасын басқа адамдардан да көбiрек сыйлауы керек. 68. Менiң ұлым /қызым/ ақшасын қайда жұмсайтынын өзi бiледi. 69. Мен өз балама, басқа ата – аналарға қарағанда, қатал қараймын 70. Жазалаудан пайда аз. 71. Бiздiң жанұяның мүшелерiнiң ұлымызға /қызымызға/ қаталдығы бiркелкi емес. Бiреулерi еркелетсе, екiншiсi керсiнше өте қатал қарайды. 72. Менiң ұлым /қызым/ менен басқа ешкiмдi жақсы көрмесе екен деймiн. 73. Менiң ұлым /қызым/ кiшкентай күнiнде қазiргi күнге қарағанда көбiрек ұнайтын. 74. Ұлыма /қызыма/ қалай қарау керектiгiн жиi бiле қоймаймын. 75. Баламның денсаулығының нашарлығына байланысты, бала кезiнде оған көп нәрсенi рұқсат етуге тура келедi 76. Бала тәрбиесi – қиын әрi алғыссыз еңбек. Оларға барыңды бересiң – орнына ештеңе алмайсың. 77. Менiң ұлыммен /қызыммен/ қатынас жасауда жай сөз аз көмектеседi. Оған әсер ететiн- үнемi қатаң жазалаулар. 78. Менiң жұбайым баламды маған қарсы қоюға тырысады. 79. Жиi жағдайда ерлер әйелдерге қарағанда iс –әрекеттерiнiң, соңы неге апаратынын ойламай iстейдi. 80. Жиi жағдайда әйелдер ерлерге қарағанда iс – әрекеттерiн, соңы неге апаратынын ойламай iстейдi. 81. Менiң ұлымның /қызымның/ денсаулығы, халi туралы үнемi ойлап жүремiн. 82. Баланың күнделiгiнде қолымды бiрнеше апта үшiн қоюға да тура келедi. 83. Ұлым /қызым/ менiң тарапымнан өз қажетiн керегiн қайтсе де алады. 84. Маған тыныш, ұяң балалар көп ұнайды. 85. Менiң ұлым /қызым/ маған өте көп көмектеседi. /үйде, жұмыста/ 86. Менiң ұлымның /қызымның/ үйде атқаратын мiндеттерi аз. 87. Бала ата-ананың айтып тұрғанының дұрыстығына күмән келтiрiп тұрса да олардың айтқанын iстеу керек. 88. Менiң балам үйден шыққанда, қайда кетiп бара жатқанын сирек айтады. 89. Жазалау құралы – белбеу болған жағдайлар болып тұрады. 90. Баламның мiнезiндегi көп кемшiлiктер есейе келе қояды. 91. Баламыз бiрдеңе бүлдiрсе шара қолданамыз. Ал бәрi тыныш болса оның мазасын алмаймыз. 92. Менiң ұлым маған ұл болмаса, ал мен өзiм жастау болсам, мен оны ұнатып қалушы едiм. 93. Кiшкентай баламен сөйлескен үлкен баламен сөйлескеннен гөрi қызықтырақ. 94. Баламның бойындағы кемшiлiктерi үшiн тек өзiм ғана кiнәлiмiн, себебi дұрыс тәрбие бере алмадым. 95. Тек бiздiң күш – жiгерiмiзбен ғана бiздiң ұлымыз /қызымыз/ тiрi қалды. 96. Баласы жоқ адамдарға жиi қызғанышпен қараймын. 97. Егер менiң ұлыма /қызыма/ еркiндiк берсе, ол сол жерде өзiне немесе қоршауындағы адамдарға кесiрiн тигiзедi. 98. Жиi жағдайда мен ұлыма бiрдеңе айтсам, бұл сөздi жұбайым әдейi бұрмалап керсiнше сөйлейдi. 99. Ер адамдар әйелдерге қарағанда өз басының қамын жиiрек ойлайды. 100. Әйелдер ер адамдарға қарағанда өз басының қамын жиiрек ойлайды. 101. Өзiмнен гөрi ұлыма /қызыма/ көп уақыт пен күш-жiгерiмдi жұмсаймын. 102. Ұлымның /қызымның/ iстерi туралы мен аз бiлемiн. 103. Ұлымның/ қызмның/ қалауы мен үшiн заң. 104. Балам кiшкене күнiнде менiмен ұйықтауды ұнататын. 105. Менiң ұлымның /қызымның/ асқазаны нашар. 106. Балаға ата-ана тек ер жеткенiнше ғана керек. Сосын ол ата-ананы есiне сирек алады. 107. Өз ұлым /қызым / үшiн мен қандай да болмасын iске барамын. 108. Ұлыма/ қызыма /менiң шамамнан да тыс көп көңiл бөлу керек. 109. Ұлым /қызым/ барлық қылығын кешiре салатындай маған сонша сүйкiмдi бола алады. 110. Менiң ұлым кешiрек, 30- дан асқасын үйленгендiгiн қалаймын. 111. Менiң ұлым /қызым/ қол- аяғы жиi мұздай болып тұрады. 112. Баланың көбi – кiшкентай эгойсттер. Олар өз ата-аналарының сезiмдерi мен денсаулықтары жайында мүлдем ойламайды. 113. Егер ұлыма /қызыма/ бар уақытым мен күшiмдi жұмсамасам - аяғы жамандыққа апаруы мүмкiн. 114. Егер де бәрi жақсы болса, мен өз ұлымның /қызымның/ iстерiне аз көңiл бөлемiн. 115. Балама жоқ деп айту мен үшiн қиынға соғады. 116. Қазiр балам менiң көмегiмдi қажет етпегенi жаныма батады. 117. Менiң ұлымның /қызымның/ денсаулығы басқа жасөспiрiмдердiң денсаулығына қарағанда нашар. 118. Көптеген балалардың ата-аналарына деген алғыс сезiмi жоқ. 119. Ұлым /қызым/ менiң жәрдемiмсiз ештеңе iстей алмайды. 120. Бос уақытының көбiн үйден тыс жерлерде өткiзедi. 121. Менiң ұлымның /қызымның/ ойын сауыққа уақыты өте көп бөлiнген. 122. Маған бұл дүниеде баламнан басқа ешкiмнiң керегi жоқ. 123. Менiң ұлымның /қызымның/ мiнезi тынышсыз. 124. Тұрмысты тым ерте құрдым деп жиi ойлаймын. 125. Осы уақытқа дейiнгi оқудағы, жұмыстағы жетiстiктерге балам тек менiң ұдайы көмегiмнiң арасында жеттi. 126. Ұлымның /қызымның/ iстерiмен көбiнесе жұбайым айналасатын. 127. Сабақтан кейiн менiң балам өзi ұнататын iстерiмен айналысады. 128. Ұлымды бiр қызбен жүргенiн көрсем, көңіл күйiм бұзылады. 129. Менiң ұлым /қызым/ жиi ауырады. 130. Жанұя менiң өмiрiме жәрдемдескенiнен гөрi, оны күрделендiре түседi. Алынған сауалнаманы қорытындылау. Бұл шкалаға жататын жауап нөмiрiн тiркеу бланкiсiнде жылдам санау үшiн бiр жолда орналасқан. Жауап бланкiсiндегi дөңгеленген нөмiрдiң санын анықтаңыз. Жауаптарды тiркеу бланкiсiнде тiк сызықтан кейiн, әрбiр шкалаға арналған Д/м көрсетiлген. Егер дөңгелектенген нөмiрдiң саны Д/м-ға жетiп немесе одан асып түссе, онда зерiттелiп отырған ата-ананың тәрбиедегi көрсетiлген ауытқушылық түрi орныққан деп есептеледi. Жауап беру парағы Жауап нөмiрi шкала ДМ 1 21 41 61 81 2 22 42 62 82 3 23 43 63 83 4 24 44 64 84 5 25 45 65 85 6 26 46 66 86 7 27 47 67 87 8 28 48 68 88 9 29 49 69 89 10 30 50 70 90 11 31 51 71 91 12 32 52 72 92 13 33 53 73 93 14 34 54 74 94 15 35 55 75 95 16 36 56 76 96 17 37 57 77 97 18 38 58 78 98 19 39 59 79 99 20 40 60 80 100 Г+ Г- Қ+ Қ- М+ М- Т+ Т- С+ С- Н АСК ЖБҚ АТС БАҚ АСД ЖҚҚ ДШ АБЖТ ЕҚҚ 7 8 6 4 4 4 4 3 4 4 5 6 4 4 6 7 4 4 4 4 101 107 113 119 125 102 108 114 120 126 103 109 115 121 127 104 110 116 122 128 105 111 117 123 129 106 112 118 124 130 Г+ Г- У+ АСК БАҚ АСД Аты-жөнiңiз________________________________________________ Балаңыздың аты-жөнi _____________________________________ Балаға кiмi боласыз: әкесi, анасы, апасы, ағасы, жеңгесi, т.б. Астын сызыңыз. I. Шектен басым деңгейi – ата-аналардың балалрына деген уақыты мен күшiн жұмсауы Г+ тым; Г- жеткiлiксiз ; II. Қажеттiлiктерiн қанағаттандыру деңгейi Қ+ баланың кез-келген қажеттiлiгiн қанағаттандыру; Қ- баланың қажеттiлiктерiн кей кезде қанағаттандыру; III. Отбасында балаға талап қою деңгейi М+ мiндеттердiң шектен тыс болуы баланың психикалық зақымдануына әкелуi мүмкiн; М- талап-мiндеттердiң жеткiлiксiз болуы, баланың белгiлi бiр iске жұмылдыруға қиындық туғызады; Т+ талап-тыйымдардың шектен шығуы эмансипациялық реакцияны немесе беймазалық акцентуация мен сенсетивтiк түрдiң дамуына алғы шарт жасайды; Т- тыйым –талаптардың жеткiлiксiздiгi мiнездiң тұрақсыз гипетимдiк түрiнiң дамуын ретейдi; С+ санксиялардың шеттен тыс болуы; С- санкциялардың аз болуы; IҮ. Тәрбие стилiнiң тұрақсыздығы. Көбiнде ата-аналар өз мәселелерiн бала арқылы шешеуге бейiм. АСК- атаналардың сезiм өрiсiнiң кеңеюi; ЖБҚ- жеткiншекте балалық қасиеттердiң басым болуын қалайды; АТС- ата-ананың баланы тәрбиелеудегi сенiмсiздiгi; БАҚ- баладан айырылып қалу қорқынышы; АСД- ата-ана сезiмдерiнiң дамымағандығы; АБЖТ- ата-ананың бала жынысына қарай дұрыс тәрбиелеуi; ЕҚҚ- ер балада қызға тән қасиеттiң болуын қалауы; ЖҚҚ- жеткiншекте өзiнде қаламаған қасиеттердi тәрбиелеу; ДШ- ерлi-зайыптылар арасындағы дау-дамайды тәрбие өрiсiне шығару. Төмендегi кесте, бұл тәрбиенiң зерттелiп отырған отбасы тәрбиесiндегi ауытқушылық түрiн нақтырақ анықтауға көмектеседi. Отбасы тәрбиесiнiң бұзылуы Шектен басым деңгейi Қажеттiлiктерiн қанағаттандыру деңгейi Балаға талап қою деңгейi Тыйым Қаталдық санксиясы Б Г+Г- Ѕ Қ+Қ- Т М+М- Т Т+Т- С С+С- Басымды гиперпротекция + + - - - Бiрге iлесiп жүре-тiн гиперпротекция + +- +- + +- Эмоционалдық бас тарту - - + + + Гиперпротекция - - - - +- Жоғары моралдiк жауапкершiлiк - - + +- +- Басымды гиперпротекция1 – бала отбасы назарының ортасында тұрады, оның қажеттiлiктерiн қанағаттандыруға ұмтылған. Тәрбиенiң бұл типi баланың демонстративтi гиперьтивтi мiнез ерекшелiгiнiң дамуына жағдай жасайды. Бiрге iлесiп жүретiн гиперпротекция – баланың өзiндiк әрекетiн арылтып көптеген шектеулер және тыйымдар қойып, балаға көп күш және уақыт беретiн ата-аналар. Тәрбиенiң бұл типi эмансипациялық2 реакцияны күшейтедi және экстропунитиптегi3 өткiр аффектi4 реакциялардың тууына жағдай жасайды. Мiнездiң беймазалық сенсетивтiк,5 астено-невроздық6 кемшiлiктер түрлерiнде басым ерекшелiктерiн күшейтедi. Эмоционалдық бас тарту – тәрбие бұл типi “Күлше қыз” түрi бойынша. Мiнездiң инерттiк-импульсивтiк7 акцентуалдық8 ерекшелiгтерiн және психопатиялық9 эпелепсияны10 күшейтiп қалыптастырады. Эмоционалды сенсетивтi, астено-невроздық мiнез ерекшелiктерi бар баланы декомпенсацияға жетелеп, ода невроздық кемшiлiктер қалыптасады. Жоғары моралдiк жауапкершiлiк - тәрбиенiң бұл типi балаға жоғары талаптар мен қоса ата-аналар тарапынан онша көңiл бөлмеумен ерекшеленедi. Мiнездiң беймазалық акцентуациясының дамуы реттеледi. Гиперпротекция – бала өз-өзiне қожа, ата-аналар оны бақыламайды , ол жөнiнде қызығушылық танытпайды. Мұндай гипертивтi тұрақсыз және конфорттық типтер акцентуациясында, әсiресе қолайсыз. 1Гиперпротекция - грек сөзi, қазақша шамадан тыс деген мағынаны бiлдiредi. (черезмерно) 2 Эмансипация – адамның қандай да болмасын кiрiптарлықтан азат болуы. 3 Экстропунтиптi – экстра – ең жақсысы, 4 Аффект – латынша афектус деген сөз, қазақша жан ұшыру, күйiп-пiсу деген мағынаны бiлдiредi. 5Сензитивтiк – жоғары сезiмталдық, көңілшек, әсерленгiш 6 Астения – әлсiздiк, дәрменсiздiк. Невроз – жүйке тозу. 7 Инерттiк – (физикалық термин) қуаты мол, екпiнi қатты. Импульс – серпiн. Бұл мағынада 8 Акцент-екпiн. Акцентуация – қандай да бiр ойдың жүйесiне көңiл бөлу. 9 Психопатия – жан-жүйкелiк дерт. 10 Эпелепсия – қояншық. / бұл мағынада жан жүйкелiк дерттi күшейтедi/ Ата-ананың балаға деген қарым-қатынасының тест-сауалнамасы. (А.Я. Варга, В.В.Столин) Ата –аналар қарым-қатынасы жөнiнде тест-сауалнамасы балаларды тәрбиелеу және олармен тiл табысу мәселелерi бойынша психологиялық көмекке жүгiнетiн, ата-аналар қарым-қатынасын анықтауға төселдендiрiлген психодиагностикалық құралы болып табылады. Ата-аналар қарым-қатынасы балаға қатысты әр түрлi сезiмдердiң жүйесi олармен қарым-қатынасты жүзеге асыратын тәртiп стеориотипi баланың жеке тұлғалық және мiнез-құлқын түйсiну және түсiнiнуiнiң ерекшелiктерi ретiнде ұғынылады 1. Мен әр кезде баланың iшкi мұң-қайғысына ортақтаспын. 2. Баламның ойындағысының барлығын бiлу - өзiмнiң борышым деп есептеймiн. 3. Мен өз баламды сыйлаймын. 4. Маған баламның тәртiбi /нормалардан/ тиiстi ережелерден бiршама ауытқитын сияқты боп көрiнедi. 5. Егер де шынайы өмiрлiк мәселелер балаға зақым келтiретiн болса, оны бұлардан көбiрек аулақ ұстау қажет 6. Мен баланы өзiме жақын тарта алатынымды сеземiн. 7. Жақсы ата-аналар балаларды өмiр қиындығынан қоршаулап, аулақ ұқстайды. 8. Менiң балам маған жиi жағымсыз болып көрiнедi. 9. Мен өз балама көмектесiп отыруға тырысамын. 10. Баланы қорлайтындай қарым-қатынас оған үлкен пайда әкелетiн де жағдайлар болып тұрады. 11. Мен балама деген қарым-қатынаста өкiнiш сезiмдерiн бастан кешiремiн. 12. Менiң балам өмiрде ешбiр жетiстiктерге жетпейдi. 13. Менiң балам барлық жаман әдеттердi өзiне сiңiрiп алады. 14. Менiң баламды жақсы әдет қылықтарға үйрету қиын. 15. Баланы қатаң тәртiпте ұстаған жөн, сонда ғана инабатты адам болып өседi. 16. Басқа балалар менiң баламды жәбiрлейтiн секiлдi. 17. Менiң балам тек жек көрушiлiк сезiм тудыратын қылықтарды жиi iстейдi. 18. Менiң балам өз жасына қарағанда аздап жетiлмеген. 19. Балам менiң ашуымды тудыру үшiн өз-өзiн әдейi жаман ұстайды. 20. Мен баламның жолдастарының үйге келiп тұрғанын ұнатамын. 21. Мен өз баламның өмiрiне қатысып отырамын. 22. Менiң балама барлық жаман әдет-қылықтар жабысады да жүредi. 23. Менiң балам өмiрде сәттiлiктерге қолы жетпейдi. 24. Таныстарымның арасында балалар жөнiнде әңгiме қозғалса, мен баламның сондай ақылды және бейiмдi еместiгiне аздап ұяламын. 25. Мен өз баламды аяймын. 26. Мен баламды өзiмен жасты балалармен салыстырғанда, олар маған ойлы және өз-өздерiн ұстай бiлу жағынан ересектеу көрiнедi. 27. Мен шынайы ықыласпен барлық бос уақытымды өз баламен өткiземiн. 28. Мен баламның өсiп, ер жетiп келе жатқандығына өкiнемiн, оның бала кезiндегiсiн аса нәзiктiкпен еске аламын. 29. Мен балаға дұшпандық көзқараста болатындығымды жиi байқаймын. 30. Өмiрде мен жете алмаған барлық жетiстiктерге балам жетсе екен деп армандаймын. 31. Ата-аналар баладан тек өзiне бейiмделуiн талап етпей, өздерi де балаға қарай бейiмделуi қажет. 32. Мен баламның барлық өтiнiштерiн орындауға тырысамын. 33. Отбасы шешiмдерiн қабылдар кезде, баланың да ойын есепке алу қажет. 34. Баламның өмiрi менi қызықтырады. 35. Баламен керiсiп қалғанда, көп жағдайда оныкi жиi дұрыс болып шығатынын мойындаймын. 36. Балалар ата-аналарының да қателесетiндiгiн ерте бiледi. 37. Мен ылғи да баламен есептесемiн. 38. Мен балаға достық сезiммен қараймын. 39. Менiң баламның ерке-қыңырлығының негiзгi себебi-менмендiк, қиқарлық және жалқаулық. 40. Демалыс уақыттарында баламен дұрыстап дем алу мүмкiн емес. 41. Бастысы, балада бейқам, тыныш балалық шақ болсын, қалғаны /кейiн бола жатады/, қосалқы. 42. Маған кей кезде менiң баламның еш жақсы iстерге ыңғайы келмейтiн сияқты боп көрiнедi. 43. Мен баламның құштарын, құмарлықтарын бөлiсемiн. 44. Менiң балам кез келген адамның ызасын келтiредi. 45. Мен баламның кейiп, ренжуiн түсiнемiн. 46. Менiң балам менi жиi шамырқандырады /ашуландырады/ 47. Баланы тәрбиелеу – жүйкеге тиедi /нервотрепка/ 48. Балалық шақтағы қатаң тәртiп қайратты/мықты/ мiнездi дамытады. 49. Мен өз балама сенiңкiремеймiн. 50. Балалар қатаң тәрбиеде өскенiне кейiн /сосын/, алғыс айтады. 51. Мен кей кезде өз баламды жек көретiн сияқтымын. 52. Менiң баламның артықшылықтарынан гөрi, кемшiлiктерi басым. 53. Мен өз баламның қызығушылықтарын бөлiсемiн. 54. Менiң балам бiр нәрсенi өз бетiмен iстей алмайды, ал егер орындаса да ол мiндеттi түрде дұрыс болмай шығады. 55. Менiң балам өмiрге бейiмделмеген болып өседi. 56. Менiң балам маған қандай болса да ұнайды. 57. Мен баламның денсаулығын мұқият қадағалаймын. 58. Мен өз балама жиiрек таң қалып, мақтан етемiн. 59. Баламның ата-анасынан жасырған сырлары болмауы керек. 60. Мен баламның қабiлеттерi жоғары деп санамаймын және оны өзiнен жасырмаймын. 61. Мүмкiндiгiнше, бала өз ата-аналарына ұнаған балалармен достасуы керек. КIЛТI: I “Қабылдау – қабылдамау” /бас тарту/: 3, 4, 8, 10, 12, 14, 15, 16, 18, 20, 23, 24, 26, 27, 29, 37, 38, 39, 40, 42, 43, 44, 45, 46, 47, 49, 51, 52, 53, 55, 56, 60. II. “Тәртiптiң әлеуметтiк қалаулығының бейнесi”: 6, 9, 21, 25, 31, 33, 34, 35, 36. III. “Симбиоз”: 1, 5, 7, 28, 32, 41, 58. IV. “Авторитарлық1 гиперәлеуметтiлiк”: 2, 19, 30, 48, 50, 57, 59. Ү. “Жолы болмаған кiшкентай” : 9, 11, 13, 17, 22, 28, 54, 61. Сауалнама құрылысы. Сауалнама 5 шкаладан тұрады. 1. “Қабылдау-керi қайтару” Бұл шкала балаға деген интегралдық, эмоционалдық қарым-қатынасты айшықтайды. Шкаланың бiр полюсiнiң мазмұны : ата-анаға бала қандай болса, сол қалпы ұнайды. Ата-ана баланың жекелiк сипатын сыйлайды. Ата-ана баламен көп уақыт өткiзедi, оның қызығушылықтары мен жоспарларын мақұлдайды. Шкаланың басқа полюсiнде ата-ана өз баласын сәтсiздiкке жиi ұшырауға бейiмделген нашар адам ретiнде қабылдайды. Оған баласының төмен қабiлеттерi, ақылының аздығы, жаман әдет-қылықтарға бейiм болуы салдарының өмiрде ешбiр жетiстiктерге жетпейтiн тәрiздi болып көрiнедi. Көбiнде ата-ана балаға ашу-ызасы келiп, өкiнiш, тiтiркену, ренiш сезiмдерiн бастан кешiредi. Ол балаға сезiмдерiн бiлдiредi және оны сыйламайды. 2.“Кооперация” – ата-ананың қарым-қатынасының әлеуметтiк тiлектiк бейнесi” Бұл шкала мазмұны былай ашылады: ата-ана баланың iсi мен жоспарларына қызығушылық бiлдiредi. Балаға барлық жақтан көмек көрсетуге тырысады. Қолдау жасайды. Ата–ана баланың интеллектуалдық, шығармашылық қабiлеттерiн жоғары бағалайды. Оны мақтан тұтады. Ол баланың инициативасын өздiгiнен жұмыс атқаруын қолдайды, онымен тең болуға тырысады. Ата–ана балаға сенiмдiлiк артады, дау –дамай туғызатын сұрақтарда оның көзқарасын ұстануға тырысады. 3.“Симбиоз” – бұл шкала баламен қарым-қатынаста тұлғааралық қашықтықты айшықтайды. Бұл шкала бойынша жоғары ұпай алса ата-ана баламен симбиотикалық қарым-қатынасқа жетуге ұмтылған деп есептеуге болады. Бұл тенденцияның мазмұнын былайша суреттеп айтуға болады: ата-ана өзiн баламен бiр бүтiн екенiн сезiнедi, баланың барлық қажеттерiн қанағаттандыруға ұмтылады, оны өмiрдiң келеңсiздiктерi мен ауыртпалықтарынан қоршайды. 1Авторитарлық – латын тiлiнен аударғанда қазақша өктемдiк, әмiршiлдiк деген мағынаны бiлдiредi. Ата –ана баласы үшiн әрдайым мазасызданады, оған баласы кiшкентай және дәрменсiз болып көрiнедi. Алдында баланың жеке өздiк жұмыс атқаруына ырық бермегендiктен, уақыт өте келе, ендi жағдайлар еркiмен бала өздiгiнен жұмыс атқара бастағанда ата- ананың мазасыздану жағдайлары. 4.“Авторитарлық гиперәлеуметтi” Баланың тәртiбiн бақылаудың бағыты мен формасын айшықтайды. Бұл шкала бойынша жоғары ұпай алса, ата-ана қарым-қатынастарда авторитарлық белгi айқын көрiнедi: Ата-ана баладан сөзсiз тыңдау мен тәртiптi талап етедi. Ол балаға барлық жақтан өз еркiн байлайды, оның көзқарасын ұстануға жағдайы жоқ. Бала өз еркiн бiлдiрген үшiн қатаң түрде жазаланады. Ата–ана баланың әлеуметтiк жетiстiктерiн бүтiн қадағалайды және одан әлеуметтiк жетiстiктердi талап етедi. Мұнда ата-ана баланы, оның жеке дара қабiлеттерiн, ойын, сезiмдерiн жақсы бiледi. 5.“Кiшкентай сәтсiз бала” – ата-ананың баланы түсiну және қабылдау өзгешелiктерiн айшықтайды. Бұл шкала бойынша жоғары ұпай алса, ата-ана қарым-қатынастарда баланы жетiлмеген деп санауға ұмтылу, оған жеке және әлеуметiк жағдайы жоқтығын жазып қою байқалады Ата–анаға шынайы жаспен салыстырғанда бала кiшкентай болып көрiнедi. Баланың қызығушылығы, ойы, сезiмдерi ата-анаға бала /детский/ сияқты болып көрiнедi. Бала бейiмделмеген, сәтсiз, жаман әдет-қылықтарға бейiм тұратын болып көрiнедi. Ата-ана өз баласын сенiмсiз, оның сәтсiздiгi мен бiлiктiлiгi жоқтығына налиды. Осыған орай ата-ана баланы өмiр қйындықтарынан қаумалауға тырысады және оның iс-әрекеттерiн қатаң бақылауға алады. Бұндай жағдайда егер I, IҮ және Ү стильдегi отбасыларымен жұмыста II және III стильдегi отбасыларын көмекшi, ақылшы, кеңесшi ретiнде бiрлесе жұмыс атқаруға болады. Адам мiнез-құлқын кемел шақта әрине түзетудiң еш жолы тиiмдi болмас, бiрақ бала тәрбиелеуде аз-маз кеңестiң падасы болмаса, артығы болмайды. I, Ү стильдегi тәрбиеленетiн балалардың ата-аналарына. Мiнез-құлқы бұл топқа жататын бала қай iстi де өзiнен гөрi басқалар жақсы атқаратындай көрiп тұрады. Өзiне, өз қабiлет қарымына күмәнмен қарайды, мүмкiндiгiн төмен бағалайды. Дұрыс, тiптi өте жақсы тындырған жұмысының өзiн мұны түгенше менен де қатырып атқарар едi, - деп ойлайды. Қиындау, күрделiлiеу тапсырмадан үнемi тайсақтап, ретi келсе оңайлау, жеңiлдеу жағына ойысқысы кеп тұрады. Мұндай баланы қалай да ыңғайын тауып, мақтап отыру керек, өйткенi iстеген iсi еленбеген сайын оның өзiне, өзiнiң қолынан бiрдеңе келетiнiне сенiмi кеми бередi. Ал қолдау, қуаттау жеткiншектiң көңiлiне ешкiмнен олқы емеспiн, қайта көп нәрсенi басқалардан артық атқара аламын деген сенiм ұяалатады, өмiрге нық қадам басуына жәрдемдеседi. Мақтау бұндай бала үшiн ауадай қажет. әйтпесе оның табансыз, берекесiз адам боп өсуiне өзiңiз жол ашуыңыз әбден мүмкiн. Дегенмен, әрине, қиындықтан қашпайтын қаламын деп, балаға /жеткiншеккке/ шамасы келмейтiн тапсырма беруге болмайтыны анық. Өйткенi өзiне сенiмсiз баланың жан-дүниесi жараланғыш келедi. Сәтсiздiктiң оны мүлдем жасқап бұрынғыдан бетер жасытып тастауы мүмкiн. II стильдегi тәрбиеленетiн балалардың ата-аналарына. Бұндай балалар өзiне сенiмдi, қабiлеттi балалар жатады. Басқалардың қыруар уақыт жұмсап, қиналып атқаратын жұмысын, ол /олар/ аса бiр азапқа түсiп, әреленбей-ақ тындырып кете бередi. Және қашанда өзгеден озық, сапалы орндайды. Мұндайда дарынды жеткiншектердi барынша абайлап, мүмкiндiгiнше сараң мадақтау жөн. Себебi артық мақтау онсыз да өзiне өзi сенiмдi баланы мүлдем дандайсытып жiберуi мүмкiн. Мұның ақыры оның не нәрсенi де қолдың ұшымен жеңiл-желпi атқаруына, өз қабiлетiнiң деңгейiнен көрiне алмауына соқтыру ғажап емес. Сондықтан мұндай мiнез-құлықтығы баланы көрiнген нәрсе үшiн көтермелеу, мадақтау артық. Оны өзiмшiлдiктен сақтандырып, өзгелерге қол ұшын беруге ынталандырған дұрыс. Келесi ұсыныс кез келген стильдегi отбасында кездесетiн балалардың ата-аналарына: Бұған тияанақты, ұқыпты балалар жатады. Олар жеңiл-желпi шаруаны да, күрделi, қиын шаруаны да зор ынта қойып, мүлтiксiз, мiнсiз орындауға тырысады. Өзiнiң қолынан қандай iстiң де келетiнiн, небiр ауыр тапсырманы да атқарып шыға алатынын дәлелдеуге ынталы болады. Олар салдыр-салақтыққа, жауапсыздыққа төзбейдi. Қатар-құрбыларын былай қойғанда ата-анасының iстеген iсiне сын көзбен қарайды, көңiлi толмаған нәрсенi жасырмайды. Бiрақ жақсылығын жақсы деп, көтерiп, қанаттандырып қою мұндай балаға да көптiк етпейдi. Негiзi оларды тапсырманы орындау /орындағасын ғана емес/ кезiнде көтермелеген, қолдаған дұрыс. Бұл оның күш-жiгерiн орынсыз ысырап етпей, маңызды нәрсеге ғана көңiл қоюына жәрдемдеседi. Мәнді мен мәнсiздi ажырата бiлуге, өнетiн, керектi iстiң соңына түсуге баулиды. Жалпы тиянақты, ұқыпты баланы тапсырманы ойдағыдай орындамаған күннiң өзiнде мақтап, қолпаштап қою жөн. Себебi ол не iстесе де бар мүмкiндiгiн салып iстейдi /шама-шарқы солай болғаны үшiн айыпты емес қой!/ Ал жан салып атқарған жұмысына мiннен басқа ештеңе айтылмаса, қай баланың да тауы шағылып, меселi қайтып қалатыны белгiлi. Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, http://talimger.org/load/ash/psi/ata_analar_men_o_ushy_arasynda_y_arym_atynasty_any_tau_zh_ne_zha_sartu_mektepti_pedagog_psikhologtary/16-1-0-4253

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет