Мектекпішілік ата-аналар жиналысы «ерте жүктіліктің ертеңІ Қандай» Педагог-психолог Разакова А. Т. 2016ж, сәуір



Дата14.12.2021
өлшемі1,68 Mb.
#127110
Байланысты:
ерте жүктілік ата-ана
ОШ СОр Физика 7кл каз

МЕКТЕКПІШІЛІК АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ: «ЕРТЕ ЖҮКТІЛІКТІҢ ЕРТЕҢІ ҚАНДАЙ???» Баяндаманы дайындаған ДТЖО Исраилова Т. 2021ж

ЕРТЕ ЖҮКТІЛІК ДЕГЕН НЕ? Ерте жүктілік деп 13-19 жаста болатын жүктілікті айтады. Осы уақытта қыз балаларда өтпелі жас кезеңі басталып,гормондық қайта құрылу жүреді. Медицицнада 18 жасқа дейін болған жүктілік ерте жүктілік деп саналады.

ЕРТЕ ЖҮКТІЛІКТЕН ҚАЛАЙ САҚТАНУҒА БОЛАДЫ? Ерте жүктіліктің негізгі проблемасы бұл жыныстық тәрбие туралы білімінің жеткіліксіз болуы, не болмаса тәрбиенің мүлдем жоқтығы. Көптеген отбасыларда бұл тақырыпқа әңгіме қозғалмай, жабық күйде қалады. Бірақ бұл дұрыс емес. Негізінен, жоспарланбаған жүктіліктің 90% отбасындағы тәрбиеге және қарым-қатынасқа байланысты келеді.

ЕРТЕ ЖҮКТІЛІКТІҢ АЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫ ҚАНДАЙ? Проблемамен күресудің ең үздік тәсілі – проблемадан сақтану. Жоспарланбаған жүктіліктен сақтанудың тәсілдері туралы балалармен жиі әңгімелесу керек. Егер қыз бала жыныстық қатынасқа ерте түссе, оның салдарын білуі керек. Осындай өмірге ол дайын ба? Баланы көтеріп, өмірге әкеле ала ма? Егер ол ерте жүктілікке әзір болмаса, ол сақтанудың жолдары және құралдары туралы толық ақпараттануы керек.

ЕРТЕ ЖҮКТІЛІКТІҢ НӘТИЖЕСІ

Бұл мәселеге әлеуметтік тұрғыдан қарағанда, қыз бала білім алу, жұмысқа орналасу және карьера құру мүмкіндігінен айырылады. Қатынасқа түсе білгенмен, жас жігіт әке атанып, жауапкершілікті көтеруге асықпайды, көп жағдайда қыздар өздері жалғыз қалады да (егер ата-анасы көмектесетін болса, жақсы) жас ана тығырыққа тіреледі: білімі жоқ, жұмысы жоқ, баланы күтіп-бағуға ақшасы болмайды. Осының бәрі жалғыз бір жас анаға ауыр болатындықтан, көп жағдайда аналар баласын балалар үйіне өткізіп жатады. Ал бұл өкінішке орай, ерте жүктілік салдарынан болатын, жиі кездесетін оқиға.

«Ерте жүктілік оқушылар көзімен...»

АТА-АНАЛАРҒА БЕРІЛЕТІН ҰСЫНЫСТАР

  • Балаңызбен сырласу үшін оның да бір ыңғайлы жолын таба білгеніңіз жөн.
  • Бала тәрбиесіндегі ең әсерлі фактор – ата-ананың бір-бірін сыйлауы, ынтымағы, сүйіспеншілігі, бір-біріне деген қамқорлығы және кішіпейілдігі. 
  • Балаңызды патшадай көріп төріңізге шығарсаңыз да, төбеңізге шығармаңыз. «Ата-анасынан тыйым көрмеген бала тағдырдан таяқ жейді» деген сөз де бар.
  • Баланың кіммен кездесіп, кіммен ДОСТАСЫП жүргенін, бос уақытын қалай өткізетінін біліп отырған жөн.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет