Баяндама Тақырыбы



Дата29.03.2022
өлшемі15,78 Kb.
#137102
Байланысты:
Баяндама


АСТАНА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
Баяндама
Тақырыбы; Мұғалім мен ата-ана арасындағы қарым –қатынас.

Қазіргі таңдағы мектеп пен отбасының байланысы яғни , бала тәрбиесінде мұғалім мен ата-ана ынтамақтастығы бір-біріне ауадай қажет Баланың ата-анасы ең алғашқы тәрбиешісі болса, сол тәрбиені әрі қарай дамытушы -мұғалімінен беріледі. Ата-аналармен қарым-қатынас жасау - кез-келген мұғалімнің жұмысындағы басты, маңызды бөлігі болып саналады.


Мектептегі тәрбие жұмысының нәтижелігінің бір ұшы ата-аналармен, қоғамдастық пен мектептің бірлескен әрекетіндегі жұмыс болып саналады. Мұғалім ,ата-аналармен жұмыс істей жүріп, балаға, оның қылықтарына, оқудағы табыстары мен көзқарасына, тағы басқаларға баға беріп отырады. Әрбір жағдайдан шығудың, оны түзетудің жолдарын табады. Бүгінгі баядамамның негізгі мақсаты-әр баланың мектепте, мектептен тыс уақытын дұрыс пайдалануын қадағалау және тәрбие жұмысында, алуан түрлі бірлескен іс-шаралар барысында ұстаз, ата-ана арасындағы берік ынтымақтастықты қалыптастыру. Осы ынтымақтастықты нығайту мақсатында сіздерге бірнеше кеңестер тізбегін есте сақтаған жөн
1. Әлемді өзгертуді - өзімізден бастау
2. Бала тәрбиесі тек мұғалімнің ісі емес, ортақ іс екенін ұмытпау
3. Оқыту мен тәрбиелеуде мұғалімдер мен ата-аналардың серіктестігі;
4. Баланың жеке басын тәрбиелеуде, оның жан дүниесінің рухани баюына, азамат, тұлға ретінде қалыптасуына екі тараптан да көңіл бөлу
5. Отбасылық талаптарыңыз бірдей болсын, балаға сенімділік ұстаным қалыптастыру,әр түрлі керек тақырыптарда әңгімелесу, өзгеруге үгіттеу, талап ету,қолынан келетініне екі жақты қолдау көрсету
6. Ұрсу, ұру жазалаудың орнына (бірлескен жұмыс,келісім,күн тәртібі,платоформаларды меңгеруге үйрету), сыйлық беру,тосын сый жасау,қандай да бір жағдай болса да, оның мәселесіне көмектесе алатындығымызға сендіру, қолдау көрсету.
7. Баланың психикалық және тұлғалық дамуына ықпал ету;
8. Оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу барысында мұғалімдерге, ата - аналарға психологиялық кеңестер алу;

  1. Ата –ана мұғаліммен қарым-қатынасында ұстаз беделіне құрмет көрсету

Бала өмірі екі негізгі ортадан тұрады: мектеп және жанұя. Олар осы екі ортада есейіп, өзгеріп, дамып отырады. Сондықтан да қазіргі кезеңнің негізгі әрі маңызды мәселелерінің бірі отбасы мен мектептің қарым-қатынасын арттыру.
Ата-ана — бала тәрбиесіндегі басты тұлға. Сондықтан әке де, шеше де балаларының жан дүниесіне үңіліп, мінез құлқындағы ерекшеліктерді жете білгені жөн. Балалармен әңгімелескенде олардың пікірімен де санасып отырған орынды. Өз баласымен ашық сөйлесе алмай, сырласа білмейтін ата-аналар "Екеуміз де жұмыстамыз, кешкісін үй шаруасынан қол тимейді, баламен сөйлесуге уақыт жоқ" дегенді айтады. Бұл дұрыс емес. Баламен сөйлесуге тіпті арнайы уақыт бөлудің қажеті жоқ. Әке мен шеше ұл-қыздарымен үй шаруасында жүріп-ақ әңгімелесіп, ой бөлісуге неге болмасқа. Жанұядағы жанжал, үлкендердің аузына келген сөздерді айтуы, баланың көзінше басқа біреуді сөгуі, біреудің сыртынан өсек айтуы балаға теріс әсер етеді. Бала алдында әке-шеше,үй ішінің үлкендері әдептілік танытқаны жөн.
Адамзаттың ұлы ұстазы Мария Монтессори «әрбір мұғалім ата-ана бола бермейді.бірақ әрбір ата-ана мұғалім болуы міндетті» деп жазған болатын. Біздің басты мақсатымыз ата-аналарды біздің оқушылардың, яғни олардың өз балаларының тәрбиесін түзеу ісіне тарту, оларға педагогикалық-ата-аналық машықты игерту, сол арқылы өзіміздің болашағымыз үшін білімді, мәдениетті және зияткер ұрпақ тәрбиелеу.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет