Қызылегіс негізгі мектебі «5,6,7 сыныптарда оқитын жасөспірімдердің ата-аналарына психологиялық көмек»
Жасөспірімдік жас (10-11 жастан бастап 13-14 жасқа дейін) бала мен оның ата-анасының өміріндегі ең күрделі де жауапты кезең болып табылады. Бұл жас даму мен өмірдің барлық жақтарын қамтитын сапалық өзгерістер болатындықтан, дағдарысты жас болып есептеледі.
Бала ағзасында салмақты физиологиялық өзгерістер болады:
Жаңа гормондардың әсерімен жасөспірімнің жүрек-қан тамыр жүйесінде үлкен өзгерістер болады: қан қысымы мен күре тамыр қысымының деңгейлері, жүрек соғысының ырғағы өзгереді.
Гормондардың әсері иммундық жүйенің әлсіреуіне әкеп соғады, нәтижесінде жасөспірімдер түрлі созылмалы ауруларға шалдыққыш келеді.
Сыртқы келбетіне көңіл бөлу күрт өседі. Физикалық «Меннің» жаңа бейнесі қалыптасады.